Қауымның экобиоморфтық құрамы.

Қауымның экобиоморфтық құрамы.

Экобиоморфа /экоморфа және биоморфадан: Быков; 1988/ — белгілі бір сыртқы және биоценотикалық ортаның жағдайында табиғи сұрыптау нәтижесінде өсу формалары, биологиялық ритмдері және экофизиологиялық, соның ішінде ортаны жасаушылық ерекшеліктері ұқсас түрлердің жиынтығы. Түрлердің және формалардың ұқсастығы олардың жақындығымен /туыстығымен/, ал оданда жиірек адаптациялық конвергенциясымен қамтамасыз етіледі. Соның салдарынан бір экобиоморфаға жататын түрлердің популяциялары биоценоздың құрылысын түзуде бір бағытта ұқсас қызметтер атқарады /заттар және энергия тасымалдауда, биоценотикалық ортаны жасауда тағы с.с./. Экобиоморфа – бұл биоморфа және экоморфаның бірлігі. Кәбінесе биоморфа /гректің bios – өмір және morphe – форма/ түрлердің систематикадағы орнымен, олардың өсу формаларымен және биологиялық ритмімен анықталатын тіршілік формасы. Биоморфаның ерекше тобына мысалы, қыналар, мүктер, плаундар, папоротниктер жатады. Күрделі жоғары сатыдағы/ өсімдіктердің ішінде негізгі биоморфаларға ағаштар, бұталар, бұташалар, шөптер жатады.

Экоморфа /гректің oikos – үй, орын және morphe – форма/ – сыртқы ортаның жағдайымен қарым-қатынасына байланысты тіршілік формасы. Мысалы, жер бетіндегі өсімдіктер үшін ең алдымен бұл ылғалдық. Ылғалдыққа қатысы жөнінде өсімдіктер мысалы, гидрофиттер, гигрофиттер, мезофиттер және ксерофиттер болып бөлінеді. Сол сияқты жылуға, сортаңдыққа және субстратқа қатыстыда өсімдіктер тіршілік формаларына бөлінеді.

Фитоценоздар әдетте әртүрлі экобиоморфтарға жататын түрлерден тұрады. Бұл фитоценоздың құрылуының маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Фитоценоздардың экобиоморфтық құрамының біркелкі еместігі ормандарда айқын көрінеді. Үйткені орман фитоценоздарының құрамына ағаштардан басқа бұталар, бұташалар, шөптер, мүктер, қыналар және балдырлар кіреді. Сонымен бірге көптеген орман типтерінде жоғарыда аты аталған тіршілік формаларының әрқайсысы өз кезегінде бірнеше экобиоморфалардан тұрады /мәңгіжасыл қылқанжапырақтылар, жапырағы түсетін ағаштар және тағы с.с./.

Шөптесін фитоценоздарды /шабындық, дала және тағы с.с./ алсақ олардың да экобиоморфтық құрамы әртүрлі болады. Бұлардың құрамына кіретін өсімдіктердің өсу формаларына, тамырының тереңдігіне, көбею жолына, маусымдық вегетациясының ритміне қарай бір-бірінен үлкен айырмашылықтары болады. Олар өскен ортасының ылғалдылығына, сортандығына және тағы с.с. байланысты әртүрлі болып келеді.

Кейде өсімдіктер қауымының құрамына фитоценоздардың әртүрлі типтеріне сәйкес келетін өсімдік түрлері кіреді. Мысалы, шабындықта – шыбындыққа, орманға және далаға тән өсімдік түрлері кездеседі. Бұл ортаның біркелкі еместігіне ғана емес, сонымен қатар кейбір өсімдік түрлерінің бұл жерде бұрын болған өсімдіктерден қалған қалдықтар /реликт/ екендігіне де байланысты.

3. Түрлердің ценопопуляцияларының қасиеттері.

Ценопопуляция /гректің koinos – жалпы және популяция/ — фитоценоздың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы. Бұл түсінікті ғылымға енгізген Т.А.Работнов /1945, 1950/. Бірақ «ценопопуляция» деген термин кейінірек енгізілді /Петровский, 1961/.

Өсімдіктер қауымдарының популяциялық құрамын жан-жақты зерттеу оның қазіргі кездегі жағдайын, тарихын және даму тенденциясын білудің кілті болып табылады.

Фитоценоздарда өсімдіктердің әрбір түр особьтарының /дербес организмдерінің/ саны өте көп болады. Олар бір-бірінен жасымен, тіршілік күйімен және орналасу ерекшеліктерімен ажыратылады. Фитоценозда популяция особьтары әр қалай орналасады /сурет 7, 8/. Сонымен ценопопуляцияның қасиеттері оның құрамына кіретін дербес организмдердің санымен, орналасу ерекшеліктерімен, жастық және тіршілік күйімен анықталады.

«Фитоценоздардың флоралық құрамы»

4. Өсімдіктер қауымдарының және ассоциациясының флоралық құрамы.

Фитоценоздың флоралық құрамы деп онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығын айтамыз. Фитоценозға кіретін әрбір түр биотопты жасауға өзінше ат салысады. Кейбір түрлері орта жағдайының индикаторы бола алады. Сондықтан қауым туралы толық мағлұмат алу оның флоралық құрамы, экологиялық жағдайын және тіршілік ортасын жете білуді қажет етеді. Сонымен қатар толық жетілген және жас өсімдіктерді, өскіндердіде есепке алу керек.

Көптеген өсімдіктер қауымдарында, әсіресе еліміздің оңтүстік аудандарында /дала, шөл тағы с.с./, өсімдік түрлерінің дамып жетілуі, вегетациялық кезендері бір мезгілде өте бермейді. Соған байланысты қауымның флоралық құрамын толық анықтау үшін, ондағы түрлерді тізімге алу /инвентаризация/ жұмысын өсімдіктердің вегетациялыө кезеңі ішінде екі /көктемде, жазда/ немесе үш /көктемде, жазда, күзде/ рет жүргізген дұрыс. Тек сонда ғана вегетациялық кезеңі ұзақ және қысқа /көктемгі және күзгі эфемерлер және эфемероидтар/ өсімдік түрлерін толық қамтуға болады. Бірақ өсімдіктерді тізімге алған кезде, осы жерде кездесетін өсімдіктердің кейбір түрлерінің болмай қалуы мүмкін. Үйткені қауымның флоралық құрамының тізімін жасаған кезде олар тек дән /тұқым/ түрінде топырақ бетінде кездесуі мүмкін. Сондықтан оларды жиып анықтап есепке алу керек. Жинаған өсімдік дәнін өсіріп көріп тек қана осы жағдайда өмір сүруге икемі барларын ғана тізімге кіргізу қажет.

Таблица 2

Қазақстанның шөлейт дала зона тармағындағы қауымдардың түрлік құрамы /биокомплексные исследования в Казахстане, 1.3, 1976/.

 

 

 

Өсімдіктер тобы

Жіңішке-жусанды-бетегелі- қауымы /ақшыл-сарғылт топырақта/

Жіңішке-жусанды-тырсық қауымы –ақшыл-сарғылт топырақта/

Сирекбас жусанды-көк /пек қауымы сортандау кебірде/

Сирекбас жусан қауымында /кебірлі сортанда/

түрлер саны %

жалпы санынан

%

түрлер саны

жалпы санынан

%

түрлер саны

жалпы санынан %

түрлер саны

жалпы санынан%

Гүлді өсімдіктер

33

12,5

26

10,5

22

10,5

22

12,0

Мүктер

2

0,8

0

1

0,5

0

Қыналар

12

4,6

15

6,0

19

9,0

14

7,0

Балдырлар

26

9,9

42

17,0

24

11,5

8

4,0

Микроскопиялық саңырауқұлақтар

85

32,3

85

34,5

71

34,0

74

39,0

Бактериялар және актиномицеттер

105

39,9

80

32,0

72

34,5

72

38,0

Барлығы:

263

100,0

248

100,0

209

100,0

190

100,0

Соның ішінде:

 

 

 

 

 

 

 

 

Автотрофтар

73

27,8

83

33,5

66

31,5

44

23,0

Гетеротрофтар

190

72,2

165

66,5

143

68,5

146

77,0

 

Ескерту. Қазақша берілген өсімдіктердің орысша, латынша аттары:

1) Жіңішке-жусан – полынь (тонковатая) —

2) Бетеге – типчак бороздчатая –

3) қау – ковыль лессинговский –

4) тырсық – ковыль сарептский –

5) Сирекбас жусан – полынь малоцветковая –

6) Көкпек – лебеда седая –

Құрамындағы түрлердің санына қарай кедей флоралы /егер түр саны аз болса/ және Құрамындағы түрлердің санына қарай кедей флоралы /егер түр саны аз болса/ және бай флоралы /егер түр саны көп болса/ фитоценоздар болады. Нақтылы фитоценоздардың флоралық құрамы оларға диаспоралардың /гректің diaspora – таралу деген — өсімдіктің таратылуға арналған кез-келген бөлігі/ келіп түсуіне және олардың осы жағдайда өніп өсе алатындығына байланысты анықталады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *