Ануфриев Александр Фёдорович (1948ж)

Ануфриев Александр Фёдорович (1948ж). Практикалық психологтың іс-әрекеттерін бір негізге келтірудегі ережесін белгілі бір объекті жағдайымен анықтайды. Ануфриев А.Ф. бұл ретте, диагноз объектінің жағдайын анықтаудағы іс-әрекет деп қарастырса, ал прогноз – сол объектінің болашағын болжау, коррекция-объектінің психологиясындағы ауытқушылығын, қалыпты жағдайға келтірудегі психологиялық әрекет деген, ал профилактика – адам психологиясы қалыпты деңгейде даму үшін кейбір ауытқулардың алдын-ала ескерту мақсатында әрекет жасау. Бұл түсініктерде диагноз және прогноз психологтың практикалық іс-әрекетінде танымдық бөлімін қарастырса, коррекция мен профилактика объектінің қалыпты жағдайын қамтамасыз етіп, оның практикалық жағын сипаттайды. Психодиагностика тәжірибе негізінде практик психологтың іс-әрекеті болса, ал ғылыми пән ретінде теорияға негізделген практикалық психология бөлімі болып саналады. Сонда, А.Ф.Ануфриев жоғарыда қарастырған анықтамаларын психодиагностика талданған, топтастырылған, жүйеленген, қорытындыланған психодиагностикалық іс-әрекеттерден тұрады деп тұжырымдайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *