Мұрағат деректемелері. Мемлекеттік архивтер халықтың ұлы игілігі ретінде көп ғасырлық құжатты мүраларды сақтаушы болып табылады. Орталық мемлекеттік архивке жататындар ҚР мемлекеттік орталық архиві, облыстық архивтерде революциядан бүрынғы қорлары, бұлар бұрынғы губерниялық мекемелердің, губернатор кеңсесінің, губернатор, жандарм басқармасының, бақылау палатасының қылмыс және азамтық сот палатасының, округтың сот т.б қорлары.
Өлкетану библиографиясы –жалпы библиография секілді бұрынғы шыққан және қайтадан шыққан әдебиеттер ақпараты туралы маңызды құралы. Оның міндетіне өлкетану әдебиетін анықтау, есепке алу, сипаттау және насихаттау кіреді.
Өлкетану библиографиялары әрқилы 1) басылым түріне орай 2) арнаулы және әдебиеттерді таңдау толықтығы бойынша 3) шығарылуы мерзімділігі және кезеңдігі қамтуы бойынша 4) тақырыбы бойынша .
Басылымдардың түріне орай ерекшеленеуі
Библиографиялық көрсеткіштер (жеке кітап немесе брошюра ретінде басылып шыққандар мысалы Алматы облысының көрнекті жерлері өлкетану библиографиялық көрсеткіштер);
Жергілікті кітапханалардың баспа каталогы ( Өлкетану жүйелік каталогі)
Кітап ішіндегі библиографиялық тізімдер: қолданылған әдебиеттер немесе кітап тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімі
Шығарылым мерзімдік тұрғыдан қаралғанда өлкетану библиографиясы ағымдағы және ретроспективті болып ерекшеленеді. Ағымдағы өлкетану библиографиясы (есепке алу тіркеу түрінде ) ұдайы шығарылады «Кітап жылнамасы», «Журнал жылнамасы», «Кітап шолуы» , «Жергілікті өлкетану туралы библиографиялық корсеткіш» республикалық обылыстық кітапханаларда шығарылады. Ретроспективті өлкетану библиографиясы — белгілі мерзімде шыққан өлке әдебиеттерді қамтиды әдебиеттердің Республика туралы ұсынылған библиографиялық көрсеткіштері
Құжаттар тобының сипаттаммасы
ғылыми мақала — ғылыми басылымға арналған теориялық немесе экспериметтік зерттеулер нәтижелері бар мақала
диссертация – ғылыми дәрежені қорғауға үсынылған баспалық немесе қолжазба шығарма
ғалымдар шығармалар жинағы – автордың барлық немесе шығармаларының бірер бөлігін береді, оның шығармашылығын толық көрсететін бір томдық немесе көп томдық басылым
библиографиялық көрсеткіштер — көмекші көрсеткіштері бар, қажет жағдайда басқа элементтері, құжаттарды жеке шығару сипатындағы, күрделі құрылымдарды библиографиялық оқу құралы (алғысыз, тарау басы ж тб)
Өмірбаяндық сөздік – белгілі адам, кісінің шығармасын көрсететін , әрі әдебиет және ол туралы библиографиялық мәліметті көрсететін сөздік. Анықтамалар, жол көрсеткіштер, естелік кітаптар, табиғатқа, тарихи этнографияға тұрғын тіршілігіне арналған монографиялар: губерниялық статкомитеті шығарған «Нижегород губерниясы бойынша Палата жолбасшы» (1896); «Нижгородтық Волга бойынның адамдары: библиографиялық очерктер» (1886), жаратылыс-сынаушылар, қоғамының еңбек жинақтары және жазбалары, Еркін экономикалық қоғам, жаратылыс, білім, антропология, этнография әуесқойлар қоғамы, Орыс географиялық қоғамы ежелгі Ресей және тарих қоғамы, университеттердің археологиялық қоғамы, губерниялық архив қоғамдары, жергілікті өлкетану қоғамдары (мысалы, «Костромалық байырғылар) ж.т.б мекемелер әрі жергілікті газет-журналдар.
Өлкетану библиографиялық көрсеткіштер, каталогтар және тізімдер, анықтама- ақпараттық сипатта, ересек оқырмандардың кең тобына арналған. Өлкені зерттеушілерге арналған өлкетану библиографиясы, балаларға арналған «Оңтүстік Қазақстан өлкесі туралы не оқуға болады?» библиографиясы болады.
Шығарылым мерзімдік тұрғыдан қаралғанда өлкетану библиографиясы ағымдағы және ретроспективті болып ерекшеленеді.
Ағымдағы өлкетану библиографиясы (есепке алу тіркеу түрінде ) ұдайы шығарылады «Кітап жылнамасы», «Журнал жылнамасы», «Кітап шолуы», «Жергілікті өлкетану туралы библиографиялық көрсеткіш» республикалық, облыстық кітапханаларда шығарылады.
Ретроспективті өлкетану библиографиясы — белгілі мерзімде шыққан өлке әдебиеттерді қамтиды, әдебиеттердің республика туралы ұсынылған библиографиялық көрсеткіштері.
Құжаттар тобының сипаттамасы: ғылыми мақала — ғылыми басылымға арналған теориялық немесе эксперименттік зерттеулер нәтижелері бар мақала; диссертация — ғылыми дәрежені қорғауға үсынылған баспалық немесе қолжазба шығарма; ғалымдар шығармалар жинағы — автордың барлық немесе шығармаларының бірер бөлігін береді, оның шығармашылығын толық көрсететін бір томдық немесе көп томдық басылым; библиографиялық көрсеткіштер — көмекші көрсеткіштері бар, қажет жағдайда басқа элементтері, құжаттарды жеке шығару сипатындағы, күрделі құрылымдарды библиографиялық оқу құралы (алғысыз, тарау басы ж.т.б); өмірбаяндық сөздік — белгілі адам, кісінің шығармасын көрсететін, әрі әдебиет және ол туралы библиографиялық мәліметті көрсететін сөздік.
Өлкетану жұмыстарындағы әртүрлі қоғамдық еңбек қорытындылар: Орыс археологиялық қоғамы Шығыс бөлімшесінің еңбектері. — СПб,1892; Шығыс тарихшыларының кітапханасы. — СПб ,1884; Орыс географиялық мәліметі «Қырғыз далалары мен Түркістан өлкесі туралы», «Үлкен сызба»; Торғай облыстық ведомстволары. — Орынбор,1899; «Қырғыз даласы тарихына арналған материалдар», «Сібір газетінің жинағы. — СПб, 1876; Спасский И.Г. Шығыс библиографиясы.-СПб, 1827; Орынбор губерниясының әскери-статистикалық шолуы.-СПб, 1848; Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімінің жаңалықтары; Орынбор ғылыми архив комиссиясының еңбектері 20-шы шығарылу. – Орынбор-Уфа, 1909; Алекторов А.Е. Қырғыздар туралы журнал, газет, кітап мақалаларның көрсеткіші.-Қазан, 1900; Түркістан өлкесі статистикасы үшін материалдар жинағы, 1876; Загряжский Г.С. Қырғыздардың заңдылық әдет-ғүрыптары; Түркістан ведомстволары, 1881; Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің жазбалары, 1874; Орыс археологиялық қоғамы Шығыс бөлімінің жазбалары, 1896.
Өлкетану – көп қырлы, комплексті құбылыс. Іс жүзінде өлкетанудың тарихи, табиғаттану географиялық, экономикалық әдеби және басқа түрлері орнықты.
Біз тілге тиек етер зерттеу 1920-30 ж.ж. Қазақстандағы тарихи өлкетану өркендеуі алғашқы өлкетану үйірмелерінің завоттар мен фабрикаларда колхоздар мен совхоздарда, кеңес мекемелері мен оқу орындарында, аудандар, қалалар мен облыстарда бөлімдері мен бюролары, орталықта өлкетану қоғамдарының құрылуының бастапқы қызғылықты қалыптастырудың маңызды кезеңі туралы сөз болмақ.
Сол кезеңдегі Қазақстандағы өлкетану қозғалысы елеулі табыстарға жетеп, бұрыңғы артта қалған өлкенің қайта құруылығын экономикалық, мәдени бағдарламаларын іске асыруға ықпал етті.
Бұл мәселені зерттеуде біз В.Н.Ашуркова, П.И.Кабанова, Н.П.Миланов, Х.Х.Крууса, Б.Н.Лунин, Г.Н.Матюшкин, А.М.Разгон,М.А.Рыбаков, В.А.Ушаков, И.С.Юньев – тің еңбектеріне сүйендік. Кеңес өлкетанушының теориясы мен тарихына елеулі үлес қосқандар: Б.М.Бахто,В.Н.Гарданов,И.О.Конаева тарихи өлкетану мұражайлары бойынша (өлкетану мұражайлары) Е.Н.Буринский, А.А.Мамонтов,Н.Н.Щерба библиография өлкетануы бойынша (кітапханалық өлкетану) т.б.
Бұл аталған еңбектерде аталып зерттелгендер
- Кеңес өлкетану тарихи өркендеуінің негізгі мәселелері.
- Өлкетану жұмыстарының әдістері мен түрлерін байыту.
- Тарихи өлкетанудың еңбекшілерді тәрбиелеу мен тарих ғылымын жетілдірудегі ролі.
- Тарих және мәдени ескерткіштерді қорғауда өлкетанудың ролі (бұл зерттеуші ғалымдар Д.Лихачев,Н.Н.Воронин,Д.А.Равиковичтердер т.б.) кең қолдау тапқан.