Методология және әдістеме ұғымы. Methodos грекше сөзбе-сөз алғанда «бірдемеге жол», зерттеу дегенді білдіреді. Ғылыми айналымда «методология», «әдістеме», «әдіс» және бірқатар сөздер пайдаланылады. «Әдіс» дегеніміз амал, зерттеу тәсілі. Әдістеме – зерттеу әдістерінің жиынтығы. Методология – бірдемені ғылыми зерттеудің жолдары, әдістері туралы ілім.
Кез келген басқа зерттеулер сияқты криминологиялық зерттеулердің методологиясы зерттеу заты мен объектісіне, зерттеуші алдыға қойған мақсатқа байланысты. Адамды зерттеу әдістемесі өлі табиғатты зерттеу әдістемесімен бірдей бола алмайды, қоғам мен адамды зерттеу әдістемелері де басқа.
Жалпы криминологиялық таным диалектикалық — материалистік ілімді пайдалануға негізділіді.
Танымның жалпы ғылыми әдістерін криминологияда қолдану
Криминологиялық зерттеуде танымның мынадай жалпы ғылыми әдістері пайдаланылады:
1) абстрактіден нақтыға көтерілу;
2) жорамал
3) жүйелік-құрылымдық талдама (жүйелік амал)
4) тарихи әдіс
5) салыстыру
6) динамикалық және статистикалық әдістер
1. Абстрактіден нақтыға көтерілу. Танымның бұл әдісі зерттеушінің теориялық даярлығының белгілі бір деңгейде болуын, жорамал жасауды, теориялық ұғымдар мен түсініктерді пайдалануды, абстрактілі ойлауды керек етеді.
1. Жорамал. Ол іздестіру бағытын көрсетеді, зерттеуші назарын шындықтың қандай да бір кездеріне аударады, зерттеуді бір мақсатқа бағыттауға мүмкіндік береді.
2. Жүйелік амал. Бұл әдіс саны белгілі өзара байланысты элементтерді қамтитын белгілі бір құрылымы бар белгілі бір күрделі ұйымдасқан жүйе ретінде зерттелетін объектіні (біздің жағдайда қылмыскерлік пен қоғам) қарауды көздейді. Қылмыскерлік дегеніміз көптеген жай қылмыстар ғана емес, олардың жүйесі, ол жайында келесі тарауда толығырақ айтылады. өте жалпы түрде жүйені қандай да бір тұтастық құрайтын өзара байланысты элементтердің кешені деп ұғыну қалыптасқан.
3. Тарихи әдіс. Ол қылмыскерлікті тарихи тұрғыдан, қозғалыста зерттеуді қамтамасыз етеді. Қылмыскерлікке талдау жасағанда, әдетте, қылмыскерліктің сипаттамасы мен үрдісін, сондай-ақ оның өзге құбылыстарымен байланысын ашуға мүмкіндік беретіндей ұзақ кезең алынады.
4. Салыстырмалы әдіс. Әр мемлекеттердегі, мемлекеттің әр аймақтарындағы қылмыскерлік, жынысы, жасы және әлеуметтік жағдайы және т.б. әр түрлі адамдардың қылмыскерлігі салыстырылады.
5. Динамикалық және статистикалық әдістер криминологиялық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Әсіресе, қылмыскерлікте жататын осы жаппай құбылыстарды зерттеуде бұл статистикалық әдіс кеңінен пайдаланылады. Динамикалық және статистикалық әдістер әр түрлі білім береді. Динамикалық заңдылықтар дегеніміз даму заңдылығы. Оларды қолдану себептік байланыстарды анықтауға алып келді.
Криминологияда нақты-социлогиялық әдістерді қолдану. Криминологияда нақты-социлогиялық әдістер, яғни әлеуметтік құбылыстарды орын мен уақыттың нақты жағдайларында және олардың нақты көрініс табуында зерттеу әдістері криминологиялық зерттеулерде маңызды орын алады. Бұл әдістер кешені мыналарды қамтиды:
1. Құжаттарды зерттеу
2. Анкета және сұхбат ретінде сұрақ беру
3. Байқау жүргізу (тікелей немесе сырттай)
4. Эксперимент
1.Құжаттарды зерттеу. Криминологиялық зерттеу жүргізгенде әр түрлі құжаттарды зерттеуге келеді, олар: статистикалық есептер, істердің материалдары, қылмыстар туралы арыздар мен оларға қайтарылған жауаптар, шағымдар, бақылаушы органдардың материалдары, сот-медициналық сараптама орталығының, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары. Сонымен қатар, аймақтардың төлқұжаттары, әлецметтік-экономикалық талдаудың жинақтап қорытылған нәтижелері, қылмыскерлікке және онымен байланысты құбылыстарға бұрын жүргізілгензерттеулердің нәтижелері мен басқа да құжаттар зерттеледі.
2. Сауалнама не сырттай (анкета арқылы), не бетпе-бет (сұхбат арқылы) жүргізіледі. Бірінші жағдайда сұрақтар көрсетілген анкета жасалынады. Осы екі жағдайда да зерттеудің нақты мақсатына байланысты істі қолға алу күні бұрын жоспарланады. Толтырылғаннан кейін статистикалық өңдеуден өтетін сауалнама, сұрақ-жауап, карточка қағаздары жасалады. Сауалнама бір мезгілде көп адамды тартып, қатыстыра алатындықтан зерттеушіні қызықтыратын ақпараттарды жинап алуда көп уақытты үнемдейді. Дұрыс ақпарат алу үшін сауалнама жүргізудің нысаны мен мазмұнын өте мұқият ойластыру керек. Зерттеудің нәтижелі болатындығын әдістемелік жағынан дұрыс қарастырылған сауалнамаға байланысты екендігін әсірелемей-ақ айтуға болады.
Сұхбат барысында зерттеушіні қызықтыратын құжаттағы белгілі болған және тіркелген фактілер мен сипаттамалар жөнінде сұралу мен әңгіме-дүкен жүргізіледі. Сұхбаттың нәтижелілігі көбінесе соның барысында зерттеушінің байыпты ақпарат ала білу шеберлігінебайланысты.
3. Байқаудың бірнеше түрі бар.
Социологиялық зертеулердегі байқауларға қарағанда криминологияда байқау өрісінің және оның нұсқаларының біршама ерекшеліктері бар.
Мысалы, байқаудың 3 негізгі рөлін бөліп алуға болады: 1) байқаушы – қандай да бір қызметке қатысушы (қызметті және оған қатысушыларды байқап жүреді); 2) шындығында байқаушы (ол өзін қызметін байқауы тиіс субъектілермен қатынаста байқаушыретінде сезінеді); 3) қамтылған байқаушы (жұмысқа орналасады не өзін бақылаушы ретінде көрсетпей бір жерлерде жүреді, бақылауы тиіс қызметке қатыспайды, бақылауды сырттай жүргізеді).
4. Эксперимент. Криминологиялық зерттеуде, әсіресе, эксперименттік әдіс айтарлықтай мәнге ие болып келеді. Профессор Дюверженің айтуынша, «эксперимент жасауды арандатылған байқау деуге болады». Отандық әдебиетте экспериментке «эксперимент жасаушының басқаруындағы кейбір факторлардың ықпалымен объектінің өзгеретін жағдайына бақылау жасау және дәйекті тіркеу болатын зерттеу әдісі» деген анықтама беріледі. Мұнда оның екі түрін бөліп көрсетуге болады: нақты жағдайдағы эксперимент және математикалық модельдегі эксперимент. Нақты жағдайда тиісті санкция болғанда, ең бастысы құқық қорғау органдарының жұмысын ұйымдастырудағы жаңа нысандар мен әдістердің тиімділігін тексеруге қатысты эксперименттер жүргізіледі.
Зерттеу бағдарламасы жасалғанда сұрақтардың мынадай топтары бөлініп алынады:
1) зерттелуге жататын проблемаларды баяндап жазу; 2) әдебиеттің және алдыңғы зерттеулердің нәтижелерінің талдамасын ескере отырып оның күйін суреттеу, оны зерттеудің қажеттігін негіздеу; 3) жорамалдау; 4) зерттеу әдістемесі мен алынған мәліметтерді жинақтап қорыту әдістемесі.
Ғылыми криминологиялық зерттеудің нақты міндеттерін орындау үшін құқық қорғау органдарының есеп жүргізуіндегі мәліметтік ақпараттармен бірге ақпарат жинаудың арнайы әдісі қолданылады. Бұл ақпарат соңғы қорытындысында міндетті статистикалық өңдеуге жататын болғандықтан артықшылық ақпараттарды бағдарламалы әдістерге (қадағалауға, құжаттарды зерттеуге, тиісті адамдарға сауал салуға) беріледі.