Алдамұратов Әбілхан (1926–2001) – қазақ психологы. 1952 жылдан бастап Қызылорда және Алматы қалаларының жоғарғы оқу орындарында психологиядан дәріс оқыған. Оның жетекшілігімен төрт ізденуші кандидаттық диссертация қорғаған. Негізгі еңбектері:
«Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар» (М.Мұқановпен бірге жазған) бірінші бөлімі (Алматы, 1978.), екінші бөлімі (Алматы, 1979.), «Қызықты психология» (Алматы, 1992.),
«Жалпы психология» (Алматы, 1996.). 1993жылы «Қазақ оқушыларының грамматикалық категорияларды меңгеруінің психологиялық астарлары» – деген тақырыпта кондидатық диссертация қорғаған. Оның педагогикалық психология тақырыбында жазған көптеген ғылыми мақалалары бар.