Айғабылов Ноғайбай (1928–2001) – қазақ психологы, 1960 жылы Ленинград қаласында «Алтыншы сынып оқушыларының таным әрекеттерінің кейбір жақтарын дамытудағы оқу – тарихи суреттердің рөлі» деп аталатын тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Ол орта мектеп оқушыларының тарихи атауларды ұғыну ерекшеліктерінің психологиялық негіздерін зерттеген автор. Еңбектері «Бастауыш сынып оқушыларының ақыл — ой әрекеті белсенділігін арттыру» (Алматы, 1970.), «Бала мінезінің қалыптасуы және тәрбиелеу» (Алматы, 1970) т.б.