Омыртқалылар зоологиясы бойынша , табиғи  препаратталған оқыту құралдары. Табиғи  препаратталған оқыту құралдарын өңдеу және сақтау.

Омыртқалылар зоологиясы бойынша , табиғи  препаратталған оқыту құралдары. Табиғи  препаратталған оқыту құралдарын өңдеу және сақтау.

Таксидермологиялық жұмыстар өте ежелден белгілі: археологиялық зерттеулер мен көркем әдебиеттерде әртүрлі жануарлардың табиғи бейнелері сипатталады. Белгілі ғалымдар К.Е.Воробьева, И.Залесский, Н.Н. Плавильщиков, В.В.Мальцев, И.А.Тупиченко, М.А.Заславский, С.С.Туровтардың еңбектерінің арқасында химиялық, физикалық және механиалық тәсілдермен қатар, таксидермологиялық әдістер дами түсті. Бұл ғылыми әдіс жануарлар мен жәндіктерді көп уақытқа дейін табиғи түрінде сақтауға үлкен әсерін тигізеді. Жасалынатын тұлыптардың сапалы болуы көбіне ұсталған құстардың өмір сүрген ортасына, қолданылған химиялық ашытқылар мен басқа да компоненттерге байланысты.       

Құс тұлпын дайындаудан бұрын олардың былғанған қауырсындарын жылы сабын сумен жақсылап жуып, мақтамен құрғатып тазарту керек. Қуырсынды гипспен араластырылған картоп ұнымен құрағатады (50% ұн, 50% гипс). Тұмсығы мен клоакасын мақтамен бітеп, майысқан қауырсындарын бірнеше секунтқа ыстық суға малып алады да, оларға қалыпты күйін береді. Теріге қауырсындары түспес үшін сулаудың қажеті жоқ. Алдын ала өңдеуден кейін құсты төрт бағыт бойынша өлшеп, көзінің, қауысынының  түсін және басқа да ерешеліктерін жазып алу керек, ол  оның түрін анықтау барысында қажет. Тұмсығын жарты метрлі ұзындықта мықты жіппен , астыңғы тұмсығымен қоса мықтап байлайды. Осы жіптің көмегімен терісін сыпырған соң басын кері тартады.

Тұмсығы мен клоакасын былғанған мақтадан қайта тазарту керек. Сонан соң кеудесіндегі қауырсындарын аша отырып, ортасынан қанатының ортаңғы бөлімінен клоакасына дейін кеседі. Кесінді жасаған соң оның терісін скальпелдің тұтқасымен немесе үлкен саусақтың көмегімен төмен қарай сыпырған жөн. Жұмыстың басынан соңына дейін , қауырсындардың былғанбауы мен жапыспас үшін оған картоп ұны немесе еленген ағаш үгінділерін үнемі сеуіп отыру қажет.

Арты аяқтарын тізе бынынан не жамбас буынынан қайшымен кесіп, теріні сыпыруды тырнақпен жүргізе отырып, басына қарай мес етіп сыпырамыз. Қанатқа келгенде оны иық буынынан кеседі. Онан әрі теріні мойны мен бастан ажырату үшін орташа ірі құстарда (басының үлкендігі мен мойнының ұзындығына қарай) теріні бас пен мойнының жалғасар жерінде желкесінен не алқымынан (тіккенде білінбейтіндей жағынан ) ұзынша бас сиятындай етіп тіледі. Басты теріден ажыратқан кезде есту мүшелерінен  қалталарын пинцеттің көмегімен шығарып,  көздің айналасын (қабағын ) өткір кішкене қайшымен айналдыра кеседі. Тері тұмсыққа дейін сыпырған соң, оны мойнынан бастың негізінде кеседі.

Теріні майдан бензиннің көмегімен тазартып, аталған әдіс бойынша қауысындары түзетіледі. Қанаттары мен аяқтары еттен тазартылады, басы төменгі жақ пен жоғары жақтың байланысын бұзбай , тілін, басқа да жұмсақ ұлпаларын сылып алып, көз алмасын алып тастайды. Миды екі жолмен тазартады: біріншісі қарақұс арқылы, екіншісі мисауыты негізінде сүйектерді ою арқылы.

Тазартылған көз алмасы мен бұлшық еттерден тазартылған бос орындар мақта немесе папье-маше қоймалжыңымен толтырылады.

Негізгі тірек сым жалпы құс ұзындығынан 1,5 еседей ұзын болады, себебі сымның екі ұшы ұшталады, қанат пен аяқтарға жіберілетін сымдарды бекіту үшін мойын негізінен жамбас шұқырына дейінгі өлшемге сәйкес сымды екі жерден сақиналайды.  Мойынның ұзындығы мен жуандығына байланысты алдынғы сақинаның алдынан мақта, жөкені жіппен орап жасанды мойын жасайды. Тазартылған бастағы көз шарасына жасанды көз орналастырады. Егер ондай мүмкіндік болмаса көз шарасын гипс , алебастер не иленген сазбен толтырып моншақты батырады. Балықтың қабыршығының жиектерін тіліп, кеппеген «көзге» кигізеді. Бас қаңқасының басқа ой — шұңқырларын мақтамен толтырып, бастың өзін мақта қабатымен орап, улы ерітіндімен тағы бір өңдеп теріге кигізеді.

Бұдан әрі қанаттың сүйектерін бойлай ұшталған жіңішкелеу сым өткізіп, оның ұшын қанаттың ішкі жағынан шығарады да, сымды сүйектерімен қоса бұлшық ет мөлшеріндей етіп мақта, жөке орайды да теріге кигізеді. Аяққа салынатын сым жуандау, қуыс денесін ұстап тұратындай болу керек. Сымның өткір ұшын табанынан шығарады. Сымдарды, ораманы, теріні улы ерітінділермен өңдеп отыру керек, әрі тері оңай кигізіледі, тері өңделеді. Осылардың бәрі дайын болған соң жасанды мойынды басқа бекітеміз. Ол үшін мойын терісін қайта теріс айналдырып, сымның өткір ұшын ми сауытының ортасынан тесіп өткіземіз, теріні абайлап мойынға кигіземіз. Ескертетін жағдай тірек сымдағы сақиналар құстың бауыр жағына бағытталуы қажет. Көз айналасын, қауырсындарын табиғи қалыпқа теріні ине, пинцет т.б. қозғау арқылы келтіреді. Осы жұмыстар атқарылған соң, құстың қауырсындары майыспау үшін жұмсақ төсеніш (мақта, жөке ) үстіне жатқызып, қанатын аяқтың сымдарына сәйкес сақиналарға өткізіп, қозғалмайтындай етіп бекітеді. Бұдан әрі терінің ішін толтыру басталады. Сымдарды ұшынан тартып әр буындарда иіндер жасайды. Терінің ішін мақтамен не жөкемен аз-аздап толтыра береді. Ірі-ірі  тығылса, тері біркелкі керілмейді. Біртіндеп толтырып, қолмен сипап, жөндеп, табиғи мөлшеріне келген соң теріні тігеміз. Тігуді ара қашықтығын 1 см етіп айқастырып тіккен дұрыс. Тігіс ортада болу керек, қатты болса тері жыртылады. Мақта орнына ағаш үгіндісін ,  күріш т.б. қауыздарын қолдануға болады. Толтырылған материалдарға нафталин, хлорофос 2-5 гр.  араластырып, қосса зиянды жәндіктерден қорғайды. Қандай затпен толтырылса да құстың табиғи пішінін сақтауға тырысу керек. Дайын тұлыпты тұғырға отырғызу үшін оның қанаттарын, басын, аяғын белгілі жағдайларға келтіруді алдын ала қойған мақсатқа сәйкестендіру қажет. Жұмсақ тірек сымдар алғашқы кезде (тері кепкенге дейін) құстың табиғи отыру бейнесін келтіруге оңай көнеді. Тұғырлар әр түрлі болуы мүмкін – тақтайша, бұтақ, ұя. Тұрғыларды аяқтың алшақтығына байланысты сымға сәйкес бұрғымен тесіп, сымды өткізіп бекітеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *