Аймауытов Жүсіпбек (1889–1931)

Аймауытов Жүсіпбек (1889–1931) — қазақтың ғылыми психологиясы мен педагогикасының негізін салушы. Туған халқымен 60 жылдан кейін қайтадан көрісіп, қазақ зиялыларының ішінде тәлім тәрбие, оқу – ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді жазған ғалымдардың бірі. Басы – аяғы 5 – 6 жылдың ішінде оның осы салада 6 кітап жазуы – бұл айтқанымыздың жақсы айғағы. 1924 жылы мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарында оқитындарға арнап «Тәрбиеге жетекші» (Орынбор, 186
– бет), 1926 жылы екі кітап, бірі – «Психология» (Қызылорда – Ташкент), екіншісі – «Жан жүйесі мен өнер таңдау» (М., 81 – бет), 1929 жылы «Комплекспен оқыту жолдары» (Қызылорда, 129 – бет), мектеп оқушыларына арналған «Жаңа ауыл» (екінші сыныпқа арналған оқу кітабы, Алматы, 1929 – 30жж.), «Сауатсыздықты қалай жою керек?», т.б. жариялады.
Ж.Аймауытовтың психологиялық мұрасы туралы айтқанда, оның
«Психология» атты оқу құралы толығырақ сөз етуді қажет етеді. Өйткені, бұл психология саласында төл тілімізде жазылған ғылыми мәнін күні бүгінге дейін жойылмаған тұңғыш еңбек. Ал, психологиялық басты проблемалардың бірінен саналатын ойлау мен сөйлеу, ұғым мен сөз, елестету мен ұғым, ойлау формалары (ұғым, пікір, ой қорытындылары) сияқты күрделі ғылыми категориялардың мәнісі логика, психология ғылымдары тұрғысынан өз дәрежесінде талдау тапқан. Жалпы Жүсіпбек Аймауытұлының педагогикалық психология саласындағы көзқарастарын арнайы зерттеген ғылыми диссертация (Мірәлиева А.Ж.) сондай-ақ, профессор Қ.Б.Жарықбаевтың «Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары» атты кітабы жарық көрді. Бұл еңбектерде Ж.Аймауытовтың психологиялық және педагогикалық мұраларына жан-жақты талдау жасалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *