Кермек су омыртқасыздары. Оларды жинау ерекшеліктері. Жерасты және су омыртқасыздарын жансыздандыру және сақтау.

Сулы орта жәндіктерінің тіршілік жағдайлары тіптен өзгеше, сондықтан құрлық жәндіктерінің тіршілік жағдайларынан бірден ажыратуға болады. Суды мекендеушілерде әр-түрлі бейімдеушіліктер қалыптасқан, сондықтан құрлықты мекендеушілерді гидробионттардан сыртқы пішіндеріне қарап бірден ажыратуға болады.

Таспа су фаунасы —  суды мекендеушілердің арасында қарапайымдардан бастап омыртқасыздардың арасында біршама біріккен насекомдармен аяқталатын омыртқасыз жәндіктердің әртүрлі систематикалық топтары бар. Суды мекендеуші жәндіктер суаттардың әтүрлі бөлімдерінде ілініп тұрады және олардың мінез-құлығы мен мекен ету ортасының ерекшелігіне байланысты экскурсия кезінде оларды аулау тәсілі әртүрлі болады. Көптеген жәндіктер судың түбінде тіршілік етсе, кейбіреулері тіпті топыраққа көміліп жатады (су шаяндары, қосқанаттылар дәрнәсілдері, суқұйғыштар дәрнәсілдері, сүліктер).  Мұндай жәндіктерді үздіксіз бақылау қиын: оларды судан тек аулағыш тордың көмегімен аулауға болады. Көптеген жәндіктер өздеріне мекен және қорек таба алатын су өсімдіктерінің  қопасында тіршілік етеді. Макрофитке бай су қоймаларының учаскесі ашық жер учаскесіне қарағанда әрқашан жануарлар әлеміне бай болып келеді. Қопаны мекендеушілерді аулағыш тордың көмегімен аулаймыз, сонымен қатар судан алынған өсімдіктердің сабағына, жапырағына, тамырына үздіксіз қарау арқылы табамыз. Өсімдіктерде әсірісе судың беткі бөлімінде қалқып жүрген жапырақтардың астынғы жағынан әртүрлі жәндіктердің жұмыртқалары кездесуі мүмкін, оларды сол жапырақ бөлімімен бірге жинайды. Үлкен шалшық немесе аздаған батпақ сияқты уақытша суқоймалар су мекендеушілеріне бай келеді. Көктемде және жаздың алғашқы айларында мұндай суларда өзгеше шаянтәрізділер- желбізек тыныстылар және қалқаншалар көбейеді. Олар әдетте жақсы жарық түсетін жерлерде болады.

Ағынды сулардың аса маңызды факторы ағыстар болып табылады. Жәндіктерді мекен ету орныннан алып кететін алып механикалық күш ретінде ағыстар оларда ағысқа төтеп беретін морфологиялық факторларға бейімдеушіліктің пайда болуына әкеледі. Ағынды суларда ағыстар-үлкен маңызы бар фактор. Ол ерекше кейіп бере отырып фаунаны жасайды және жәндіктердің мекен ету ортасы бойынша таралуына үлкен роль атқарады. Гидробионттардың тіршілігіндегі ағыстардың рөліне байланысты тұнуы су жәндіктерін екі экологиялық топға бөледі — реофилдер немесе тезағысты су мекендеушілері және миофилдер немесе жайағысты және тоспа суларды мекендеушілер. Өзен ағысы бойлай жүре отырып, судың беткі қабатында жүзіп жүрген жәндіктерге көңіл аударуға болады – олар су өлшегіштер (водомерки) және айнамалар (вертячки). Өзен жағасына жақын өскен құрлық өсімдіктерінің сабағында және су өсімдіктерінің судан шығып тұрған сабақтарынан амфибиотикалық жәндіктердің соңғы түлеу кезіндегі түскен хитинді қабатын (экзувий) жиі кездестіруге болады. Су өсімдіктерінің сабағы мен жапырағында суқұйғыштардың дернәсілдері тіршілік етеді. Бүл жерде су қандалалары мен қоңыздар, сонымен қатар бауыраяқты  моллюскаларды кездестіруге болады.

Өзеннің ағысы төмен құмды жерлерінен қосжақтаулы моллюскаларды – перловиц, айқұлақ, шаровок  және горошин, сонымен қатар ручейник және басқа насекомдардың әсіресе қосқанаттылардың дернәсілдерін кездестіруге болады. Одан басқа бұл жерде волосатиктер, жуан құрты, су шаяндарды, көптеген острокодалар мекендейді. Түбі тасты тез ағысты өзендердің жәндіктері құрамы мен бейімдеушілігіне байланысты өзгеше болып келеді. Бұл биотоп әдетте өзеннің тұңғиығында болады және реофилдерге тән орныққан, көпшілігі тастың астынғы жағында тіршілік етеді.

Жануарларды, жәндіктерді консервленген сұйықтарда сақтау барысында олардың өлшемдері мен пішіндері сақталғанымен, табиғи түстері мүлдем өзгереді. Кейбір жануарларды (жұмсақ денелілер) консервлеуші ерітінділерге салсақ, қатты жиырылып, оларға тән дене пішінін жоғалтады. Мысалы: сүлік, жауын құртты. Ұлулар басқы және аяқ бөлімдерін бақалшықтарына жинап жансызданады. Мұндай құбылыстарды болдырмау  үшін, олар алдын ала анестезацияланады, яғни сезімсіз қалыпқа келтіру, бұлшық ет талшықтары әлсізденгенде, дене жазылып, жануар тітіркендіруге жауап беруді тоқтатады.  Әлсіз жануар консервлеу сұйықтығына орнықтыруда жиырылмайды.

Анестезациялау заттарының ең көп тараған түрі хлоралгидрат және ағылшын тұзы. Жануар орнықтырылған ыдысқа, осы заттардың түйіршіктерін бірнеше сағат бойында біртіндеп қосады. Әр қосқан сайын суда олардың концентрациясы жоғарылап, жануар сезімталдығын жоғалтады. Кейде спирт, формалин тамызу арқылы жүзеге асырылады. Анестезациялау барысында улы затты біртіндеп қосу керек.

Консервілеу сұйықтықтары ретінде көбіне 70% спирт и 4% формалин қолданылады.  Сатылатын спирт күштілігі 96 о  ал, жануарларды фиксациялау үшін оларды 70о дейін сумен сұйылтады. Өте күшті спирттерде жануарларды сақтауға болмайды, себебі оларды қатты әрі сынғыш күйге түсіреді.  Жануарларды сақтауда 65о төмен спирттерді қолдануға болмайды, өйткені өте әлсіз ерітінділерде олар  шіри бастайды. Спиртті дистилденген немесе қайнатылған сумен сұйылтады. Қарапайым су тұнба түзетін минералды қоспаларды құрайды. Қажетті концентрацияға сәйкес 96о спирттен қажетті көлем өлшеніп алынады да, 96мл дейін су құйылады. Жануар спиртке орнықтырылған соң, оның концентрациясы  жануар ұлпасы құрамындағы судың есебінен  өзгереді. Сондықтан, орнықтыру барысында жануар өлшеміне сай, спирт  3-4 күннен соң жаңадан ауыстырылып отырады.  Жануарлар өз  қалпында сақталу үшін, спирт жануар көлемінен 3 есе артық болған жөн. Сондай-ақ, жұмыс барысында 4%- тік формалин қолданылады. Формалинде жәндіктердің түссізденуі спиртке қарағанда төмен. Сонда да омыртқасыздарды  консервілеуде формалинге қарағанда, спирт жиі қолданылады. Себебі формалиннің бірқатар кемшіліктері де бар:

  1. Формалиннің спиртке қарағанда улылық  дәрежесі жоғары. Сондықтан жұмыс жасау барысында аса ұқыптылық қажет, ол  қолды құрғатып, оның буы көзді жасауратып, басты ауыртады.
  2. Спирттен айырмашылығы, формалин суықта қойылып, 0о төмен градуста қатады.
  3. Кальций тұзын еріту мүмкіндігі жоғары.

Денесінің құрамында СаСО3 бар жануарларды формалинде сақтауға болмайды. Сатып алынған формалинді қолданар алдын 9:1 қатынасындай сумен сұйылтады. Сұйылту үшін: формалинді плиткада ақ-түсті тұнбаның жоғалғанынша қыздырып, тұнба еріген соң, су қосып ерітінді қайнатуға дейін жеткізеді.

Консервлеу сұйықтығының ең қарапайым түрі – ас тұзының қаныққан ерітіндісі. Тұзды жылы суда, ерімейтін тұнба түскенше араластырады. Оның түсуі қаныққан ерітіндіні білдіреді. Ерітіндіні сүзіп, суытады. Көптеген майда омыртқасыздарды  тұз ерітіндісінде бірнеше ай ғана сақтап, соңында спирт немесе формалинге орнықтырады. Жануарларды арнайы спирт, формалин толтырылған приборларға орнықтырып,  этикет- калькаға тушпен жазылу арқылы жүзеге асырылады. Этикетті жақсылап кептіріп, приборға, банкаға таңбаны оны алмай-ақ оқи алатындай етіп орнықтырады. Пробиркаларды мүмкіндігінше банкада тығыз қатармен , қимылдамау үшін олардың арасына  мақталы марастармен толтыру арқылы орнықтырады. Төменгі қатарды банканың бетіне тікелей салмай, оған мақта матрасын төсейді. Мұндай мақталар әр қатардың арасына да орналастырылады. Жоғарыға дейін банканы спиртпен толтырып, қақпағымен ең жоғарғы пробиркалардың арасына мақта матрасын салады.  Жақсы орнықтырылған банкаларда ауа көпіршіктері болмау керек. Банканы сілкігенде, олардың бір-біріне соғылғаны естілмеу керек. Банка аузы кең , биіктігі онша үлкен емес, түбіне пинцетпен жететіндей болу керек. Пропканың диаметрі аузының диаметрінен біршама үлкендеу болса, ол тығыз жабылады. Алдын пропканы ыстық суда буландыру, оны еркін жабылуына мүмкіндік береді. Егер қақпағы пласмасс болса, оған қосымша резинкалы прокладка жасалынады. Өлшемін қақпақпен бірдей етіп қырқып , қақпақтың ішіне желімденеді. Спирт немесе формилин сұйықтықтарын ашпай, ұзақ уақыт сақтайтын болса (1 айдан көп), қақпақты немесе пропканы парафин  талшықтарымен немесе арнайы заттармен желімдейді. Сақталу барысында оларды үнемі қадағалап, қажет болған жағдайда спирт, формалинмен  толтырылып, егер сұйықтық сарғылт тартып, тұнба түзсе, күңгірт тартса, жаңалау керек.

12. Зоологиялық /омыртқасыздар/ коллекцияларды көркемдеу жолдары. Зоология курсы бойынша микропрепараттар.

Омыртқасыздар коллекциясын  көркемдеу екі түрде жүзеге асырылады: ылғалды және құрғақ күйінде. Яғни жәндіктердің және басқа да жануарлардың систематикалық коллекциясын құрғақ күйінде сақтау тиімді болып келеді.

Энтомологиялық қорап — жәндіктердің коллекциясын сақтауға және экспозицияны дайындауға қажетті құрал. Жәндіктерді түйреуге арналған қорапттар әдетте дайын күйінде пайдаланылады, қажет жағдайда қолдан жасалады. Қорапты ағаш немесе қатты картоннан жасауға болады. Ағаштан жасалған қорап мықты болғанмен, оны жасау күрделі және  уақытты көп қажет етеді. Картоннан жасау, уақыты үнемдеуге тиімді.  Дұрыс жасалған қақпақ қораптың төменгі бөлігіне тура келісуі  керек. Қораптың берік болуы үшін желімделген бұрыштары сирек болу керек. Қорап түбінің қақпақ кигізетін жоғарғы бөлігіне жіңішке фанель жабыстыруға болады. Бұл жағдайда қорап қақпағы жақсы жабылып, жәндіктердің жақсы сақталынуын қамтамасыз етеді. Түбіне бір қабат пенопласт, фенополиэтилен, престелген торф, немесе сол сияқты басқа да материалдар 10-20 мм қалыңдықта төселінеді. Қорап ішінен бойлай бекітілген ені 4 см қағаз жолақ жапсырылады да, оның бір бөлігі қабырғаға, екінші бөлігі пенопластқа бекітілуі қажет. Қорапқа насекомдарды, арнайы түйреуіштер арқылы бекітіп, бұрышына нафтолин  пакеттін  жабыстырамыз.     Көп жағдайда қораптың түсін қаралау қағазбен және коленкормен желімдейміз. Жәндіктерден басқа объектілерге арналған шыны қораптардың  дайындалу тәсілі жоғарығыдай, бірақ  оның түбіне тығыз төсеніштер салу шарт емес.

Этикеттерді энтомологиялық қорапқа  түйреуішпен түйреу арқылы бекітеміз.  Бұл – коллекцияларды қайта өңдеуге,  орнықтыруға және де экземплярларды ауыстыруғы ыңғайлы болып келеді. Қораптың жоғарғы жағына, көбінесе ортасына таман коллекцияның тақырыбы туралы мәлімет  орналастырылады. Жәндіктерді бірдей қатарға, бірдей ара қашықтықта орнықтырамыз.

Этикет – әр жануарға сәйкес орналастылады. Коллекцияны кім және қашан жасағаны туралы мәлімет жазу керек. Мұндай жазуды әр қораптың төменгі және жоғарғы оң жағынан көруге болады. Бір қорапқа шамамен бірдей көлемдегі экземплярлар түйіреледі, себебі, оқушылардың назарына тек үлкен және ашық түсті жануарлар түседі де , ал майда жәндіктер көрінбей қалады. Мысалы, бір қораптың ішіне ірі көбелектер, инелектер және де майда өрмекшілер  орналастыру тиімсіз. Егер бір қораптың ішінде әр түрлі систематикалық топқа жататын жануарлар көрсетілсе, олардың үлкендігіне қарамастан бір туысқа жататын жануарлар түрін орналастырамыз да  әр топтың түрін, түсін, туысын білдіретін ортақ жазумен қамтамысыз етеміз.   

Қораптағы коллекцияға қарағанда, жайма тақтадағы коллекциялар туралы  мәлімет берудің мүмкіндігі көп. Жайма тақтада олардың әртүрлі пішіндерін  көрсетуге болады, сонымен қатар, оны көркемдеуге оңай болып келеді. Оған суреттер, кептірілген жануарларды, ылғалды препаратты да орнықтыруға  болады. Жайма тақтаны фанерден немесе қалың картоннан жасаймыз. Фанердің іш жағынан рейкамен рама қағып, ал бет жағын қағазбен жабамыз. Жайма тақтаны көркемдегенде ашық түстен алшақ болуымыз керек, себебі мұндай түстер оқушының  назарын басқаға аударып, көздің жанарын алады. Ашық түсті фонды тек майда жәндіктерде және шағын суреттерде қолданамыз. Жазудың шрифты қойылатын объектінің өлшеміне сай болуы керек. Ірі әріптер майда жануарлардың жанында  немесе майда әріптер үлкен  жануарлардың жанында орналасса, бүкіл коллекцияның сәнін құртады. Әріптер қарапайым шрифтермен, этикеттер арнайы қалам немесе тушь арқылы қолтаңбамен жазылады. Коллекцияны орнықтыру алдында, оған эскиз жасау керек, ол алғашқыда шағын, ал кейіннен үлкендеу болады. Материалдың жайма тақтада мықты орналасқанын қадағалау керек, себебі оларды қайта бекіту,  егер коллекцияны – шыны каропқа  жасаса, қиынға соқпайды, фанерлі жайма тақтада жасау мүмкін емес.

Суреттерді, этикет және жазбаларды қағазға немесе картонға сұйық столярлы желіммен жабыстырамыз. Желімді қағаздың артқы бетіне тура және жұқа етіп жағамыз. Артынша суреттерді щитке қоямыз, бетін газетпен  немесе түрлі жұқа қағазбен жабамыз. Кейде суреттердің  бұрышы мен шетін желімдейміз. Майда жануарларды, өсімдіктерді жайма тақтаның  жоғарғы жағына,  жайма тақта мен объектінің арасына мақта қойып, столярлық желіммен жабыстырамыз.

Ірі жануарларды орнықтыру барысында,  үлкен және ауыр объектілер үшін, арнайы таяқша жасап, жайма тақтаға сол арқылы бекітеміз.

Жәндіктердің даму коллекциясы үшін, личинканың  формасын, түсін қалыпты көрінісін сақтап өз қалпында  қатыру керек.

1. Тәсіл ; олардың денесін парафинмен толтыру жолы қолданылады.

2. Тәсіл; құрттарды мумификациялау — Мумификация  жасау  ұзақ  уақыты  қажет   етеді.  Сондықтан  мүмкіндігінше ересек, ақ  түсті  жәндіктерді  қолданамыз. Жұмысты  жасау  үшін  60, 75, 85, 96  спирт, ксилол,  кішкене пенцет, шыны  ыдыстар  қажет.

3. Тәсіл; құрттарды  үрлеуҚұрттарды  сақтаудың  кең  тараған  түрі  —  үрлеу. Үрлеу  үшін құрттарды тәулік  бойы  аш қалдыру керек. Бұл мүмкіндік көбіне  бояуы  анық ірі  құрттарға арналған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *