Коллекция үшін жануарларды таңдау. Жинаған жәндіктерді түзету және сақтау. Жәндіктерді жұмсарту және түйреу.

 Коллекция үшін жануарларды таңдау. Жинаған жәндіктерді түзету және сақтау. Жәндіктерді жұмсарту және түйреу.

Көптеген бунақ денелілерді, әсіресе көбелектерді орнықтыру алдында табиғи кейпін сақтау үшін  түзетіп  алуды қажет етеді. Бұл жұмыс үшін арнай түзеткіштер немесе қарапайым қолдан жасалған түзеткіштер қолданылады.

Ол үшін екі кішкене тақтайша алынып, арасынан 1 см саңылау қалдырылады.

Төмен саңлаулардың шетінен қатты ағаш желіммен шөлмек тығындарының пластинкалары немесе жұмсақ картонның кесіндісі желімделеді. Саңлау науа тәріздес көрініс береді.  Бұл науаның тығын немесе картон түбіне түйреуішпен түйреп, көбелектің денесін салу керек, ал оның қанаттарын тақтайшаға жабыстырады. Тақтайшаларды түйреуіштер оңай кіретін жұмсақ ағаштан жөке немесе көктеректен жасау керек.

Морилкалардан алынған жансызданған жәндіктерді орнықтыру алдын жұмсартуды қажет етеді. Жәндіктер жұмсақ кейпінде қалу үшін оларды ылғалмен қанықтырылған жабық ыдыстарға орнықтырылады.  Осы мақсатты толық қамтамасыз ететін ыдыстар эксикаторлар болып есептеледі.

Эксикатор түбіне қалыңдығы 1-2 см таза өзен құмы салынады. Құмда ешқандай бактериялар болмау үшін оны алдын, 15-20 рет суын ауыстыру арқылы жуып аламыз. Сосын  консеві банкасына салу арқылы құмды кептіріп, эсикатор түбіне бірдей қалыңдықта салып, қайнаған су құйямыз.  Суды барынша көбірек , бірақ құмның бетіне қақ болмайтындай етіп есептеп құйу керек.  Егер судың мөлшері жеткіліксіз болса, онда жәндіктер қажетті жағдайда жұмсармауы мүмкін, сондықтан уақыт өте эксикаторға су құйып тұру керек болады да, ол эксикатордың ішінде қалыпты ылғалдықты сақтауға мүмкіндік бермейді.

Құмның үстінен 2-3 қабаттап фильтірлі қағаз төселеді. Эксикатордың түбіне бактериалар бомас үшін тимол немесе карбон қышқылының бірнеше түйірін саламыз. Жұмсартуға арналған ыдыс әр уақытта тығыз жабылуы керек.  Тек қажет жағдайда, жәндіктерді алу немесе салу үшін ғана ашылу керек.  Эксикаторларда жәндіктердің жұмсару уақытын нақты айту мүмкін емес, себебі біз ондағы ылғалдылықты тұрақты бір қалыпта сақтай алмаймыз. Ал, жәндіктердің жұмсарғанын анықтау, пинцет немесе түйреуіштер арқылы түртіп көру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар жәндіктердің эксикаторларда шамадан тыс болуы, олардың тіптен жұмсап, түзету барысын қиындатуы мүмкін. Жәндіктерді эксикаторлардан алған соң оларды түйреу керек болады.

Түйреу арнайы энтомологиялық түйреуіштерде жүзеге асырылады.  Энтомологиялық түйреуіштер болат сымдардан, үстінен қара лак жағу арқылы  жасалады.  Олар үлкен емес басшалардан аяқталады. Барлық түйреуіштер бірдей ұзындықта жасалады: 38-40 мм, бірақ жуандықтары әр-түрлі болып келеді. Қалыңдықтарына байланысты олар әр-түрлі нөмірленеді;

000; 00; 0; 1; 2; 3; 4; 5. Түйреуіш қалың болған сайын оның нөмірі жоғарылайды. № 00 жіңішке, №3 жуан түйреуіштер сирек қолданылады.

Ірі жәндіктер үшін (ірі қоңыз, тікқанаттылар, инелік, көбелектер) № 3, кейде онанда жуандау түйреуіштер қолданылады.

Жәндіктерді түйреуге қысқа және қалың конселярлық инелерді қолдануға болмайды. Қажет жағдайда тігін машинасының инелерін қолдануға болады.  Жәндіктерді түйреу алдын, түйреуішті сыртқы парафин қабатынан тазалап алу керек. Тазалау бірнеше қабаттап алынған матаға түйреу арқылы жүзеге асырылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *