Мұғалім мен бала арысындағы қатынаста  кездесетін кемшіліктер, оларды түзету.

  1. Мұғалім мен бала арысындағы қатынаста  кездесетін кемшіліктер, оларды түзету.

 

Психокоррекциялық жұмыста ойын жаттығулары мінез құлықтың реттелуі, бала қобалжуында, қорқуы мен қарым-қатынас бұзылғанда қолданылады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын еркін әдіс ретінде қолданылады.  Ойын жаттығулары бағыттау, қайта құру және бекітуге арналады. Ойын үстінде баланы асықтыруға болмайды, бірақ белсенділігін байқатқанда мадақтап отыру шарт.

Бала-бақшада аффектілі: шектен тыс өкпелегіш, жағымсыз тұйық,эмоциясы тұрақсыз балалар кездеседі. Олармен ойынның төрт түрі: сюжетті рөлді, ереже бойынша ойын, бейнелі-ролдік және режюссерлік ойындар қарастырылады. Олар мектепке дайындық төңірегінде шоғырланған. Осы тақырып бойынша зор ғылыми – тәжірибелік жұмыстың жүргізілген (Л.А. Венгер, Л.М. Безруких, А.С. Смирнова, Т.В. Торунтаева, В.В. Холмовская, т.б.). Психологтардың назарын таза психологиялық мәселелерге аударған жөн. Психикалық процестерді  дамытуда жетілдіре отырып мінез-құлықты басқару, алдын алу, анықтаужәне бала дамуының жеткіліксіз жақтарын түзетуде де жеткіліксіз жақтарын түзетуде де көмек көрсетеді, сондай-ақ психолог баланың жеке бас дамуына маңызды үлес қосып, мектептегі табысты оқуға джайындығына көмек көрсетеді.

Бала жүйкесінің дамуына балалар орттасы көп қырлы әсер етеді. Мектепке дейінгі баланың жекелігінің қалыптасуы топтағы эмоционалдық-психологиялық аһхуалдың жағымды болу шартында ғана толыққанды болады.

Шынайы өмірде мектепке дейінгі балалар ішінде құрдастарының орнында танымал еместері кездеседі. Олардың қарым-қатынас шеңбері тар, олар ойын ұйымдарының тұрақты мүшелері бола алмайды, ал олардың жеке қасиеттерін  балалар төмен бағалайды. Бұл жағдайда коррекция пәні юаланың топтағы құрдастары мен танымал болмауы, ал психокоррекциялық жұмыстың негізгі бағыты – балалардың  оған деген дұрыс емес кері қатынасын бағдарлау және жағымды бағалау жүйесін зерттеу.

Бала жекелігінің қалыптасуында ауытқуының көрінуінің алғы шарты шет қалуға ұмтылысы, өзге балалармен байланыстың ұзақ болмауы, ойын топтарына қатыспаудан көрінуі мүмкін. Бұл жағдайда психокоррекциялық жұмыстың мақсаты қарым-қатынасқа аз түсу симптомы болады.  Мұнда психолог баланың ішкі ұйымына көңіл аударады. Жұмыстың тиімді тәсілі ретінде ересектердің болып жатқан оқиғаға эмоцияналды түсіндірмесін пайдалануға болады, бұл балаға болған жайтты эмоцияналды қабылдауға көмектеседі.  Мұнан кейін балаға құрдастарының ойынына, таласына, қақтығысына өзінің түсіндіруші болуын ұсынуға болады.

Коррекциялық жұмыс пәні мектепте дейінгі кезеңде ойын әрекеттерінің операционалды жағының ақауы болуы мүмкін; ойын дағдысының дамымауы, әріптестіктің жағымды тәсілдерін игермеуі, ойын әрекеті тәсілдерінің тепе-теңдігі (тым жайбарақаттылық, қозғалыстағы мазасыздану, моторлы импульсивтілік). Мұнда коррекциялық жұмыстың бір бағыты балалардың ойын әрекеті түсінігін жинақтау болып табылады; олардың зейінін сюжетті ойындарға ойын әрекетінің мазмұнына, бірізділігіне, құрдастарының өмірге құштар, көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуына аударады. Психологиялық әсер етудің басқа бағыты – ойынның  мағынасын түсіндіруге, ойын әрекетін орындауды үйрету.

Балаларды құрдастарының ойын түсінігі, өз пікірін айта білуге, ортақ ойынды жоспарлауға, әрекет бірізділігін анықтауға үйрету қажет. Қимыл әрекеті  баяу дамыған балаларда шапшаң мазмұны  ойындарға қызығушылығын оятқан ең жоғарғы деңгейде жетілдіріп, сәйкесінше мұндай баланың әрекетін мадақтап отырған дұрыс.

Қимыл белсенділігі жоғары балаларға өздерінің қозғалысын мазасыздығын  басқара алуға мүмкіндік  беретін жағдай туғызған жөн. Мұндай балалардың  қозғалысын жасанды шектеу олардың тек ашу мен қозғалуын күшейтеді.

Мотивациялық аумақты түзетуде баланың мінез-құлқындағы бұйрық –өзмшілдік көзқарастың басым  болуынан қарастырылады. Мұндай балалардың белсенді, бастамшыл, қарым-қатынасқа бейім болуы мүмкін. Бірақ  оларды ойынға деген ұмтылыс ойнау үшін емес, алғашқы ұту деген ұмтылыс ойнау үшін емес, алғашқы ұту деген секілді жекелік мақсаттар болады. Өзімшілдік мотивтері балалар мінез-құлқында ашық көрінуімен бірге жасырын болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда негізгі түзету жұмысы жекелік маңыздылық  пен іс-әрекеттің қоғамдық құнды мотивтері арасында үйлесімділікті  орнатуға бағыттайды. Бұл үшін балаларды мақсатқа  сай тәсіл әртүрлі әлеуметтік пайдалы іс-әрекетке жұмылдыру. Онда мотивацияға негізделген тәсілдер қолданылуы мүмкін; досқа көмек, өз тобына көмек көрсету, қақтығыста төрелік ету. Ең бастысы бала әлеуметтік маңызды сапасын шынайы көрсете алса және өзінің «басты» болуға қажеттілігін қанағаттандыра алса болғаны. Психокоррекция пәні «ғажайып кешен» ол топтағы шеттелген балалардың күйін сипаттайды; өзін жағымсыз қабылдау, өзіне деген парықсыз қатынас, даусының сенімсіз болуы, шешімсіз болуы мүмкін. Психокоррекция бағыты мұндай баланы құрдастарымен, ортақ іс-әрекетпен жұмылдыру қажет.

Балады өзі қабылдау бағдары маңызды: өзінің сыртқы келбетіне қызығушылық тудыру (киімі, шаш қойып, жекелік ерекшеліктері). Сондықтан педагогтардың белсенді – жағымды қатынасының маңызы зор,  баладағы жағымды қасиеттерді көріп өзіне айтып отыру керек. Психолог мектепке дейінгі балалардың агрессивті мінез-құлқына көңіл аударған жөн:ашудың жиі бұрық етуі, іс-әрекетті бұзуға бағыттылық, ашушаңдық. Бұл жағдайда психокоррекциялық зерттеу пәні мектепке дейінгі баланың мінез-құлқының тартымсыздығын көру арқылы қабылдау мүмкіндігінен қамтамасыз ету.

Көшбасшыға қарсы белгі – тағы бір коррекциялық іс-әрекеттің мүмкін болатын пәні. Көсбасшыға қарсы – бала құрдастарының беделін жетістіктерімен емес, басқа себептермен жаулап алумен келеді. Бұл күш көрсету, қоқан-лоқы жасау, алдау, т.б. болуы мүмкін. Коррекциялық жұмыс мұндай жағдайда мақсатқа сай мінез-құлықтың жағымсыз түрін түсінуге бағытталады. Шаршау симптомы түзету жұмысыеың міндетті болуы мүмкін. Ол барлық балаларды қорғаныс реакциыясы ретінде көрінуі мүмкін. Бала болып жатқандары түсінуге қабілетсіз, өзін қорғаныссыз, әлсіз сезінеді. Бұл көз жасын көрсету. Балады мұндай мінез-құлықты түзету – оған тынышталуға көмектеседі. Мектепке дейінгі жастағы балалардың аффектілі мінез-құлқын түзету. Бала  бақшада аффектілі деп аталатын жиі, өткір,  қиратқыш эмоционалдық реакцияға бейім балалар кездеседі. Мұнда  мінез-құлықтың жағымсыз түрлері: жоғары өкпешілдік, бірбеткейлік, эмоционалдық, тұрақсыздық .

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *