Омыртқасыздардың
мекен ету орны
Сусыз тіршілік жоқ екені
белгілі. Омыртқасыздардың
көптеген түрін әлемдік мұхиттардан, сулы өңірлерден, жағалаулар мен ылғалды ормандардан көптеп
кездестіруге болады. Топырақ асты немесе жер беті,
ағаш-дарақтардың тамырлары, діңі, жапырағы да омыртқасыздардың мекен ортасы
бола алады. Өрмегін тоқыған өрмекші, илеуіндегі құмырсқа, жапырақ астындағы
түрлі құрттар мен топырақ
астынан ұя қазған шылаушындар – бәрін қоршаған ортадан көптеп кездестіресің.
Адам мен жануарлардың тәнін мекендейтін омыртқасыздар – паразиттер де көп.