Тынығутану әлеуметтік процесс
Ұлттық ойындардың әлеуметтік тәрбиелік мәні- қазіргі жағдайда ұлттық сананы жетілдіру халық мәдениетінің орны ерекше. Жан-жақты дамыған алуан саналы халық мәдениеті, өте икемді феномен бола отырып, қазіргіні өткенмен байланыстыру міндетін атқарып келеді.
Сондықтан ,кейінгі кезде зерттеушілер назары ұлттық ойындарды демалыс іс- әрекеттеріне пайдалану және оларды сақтау, дамыту мәселелеріне ауып отыр. Ұлттық ойындар халық мәдениетінің негізгі бөлімдерінің бірі болғандықтан халықтың күнделікті әлеуметтік мәдени демалыс тіршілігінде алатын орны тәрбиелік маңызы ықпалы,мәні ерекше зерттеуді қажет етеді.
Көптеген белгілі философтар мен психологтар ,педагогтар мен этногрофтар, В.Вундут ұсынған «ойынды еңбек теориясының» жақтаушысы болып табылады. Бұл теорияның дамуына Г.В.Плеханов,Н.К.Крупская, МакаренкоА.С., Д.Б.Элконин, Б.Төтенаев т.б еңбек етті.
В.Вунттың айтуынша,ойын-бұл еңбектен жаратылған сәби. Еңбекте, адам өз органынан іс -әрекет арқылы ләззат алатын бастау екенін бағалауға үйренеді.Ақырында, еңбек белсенділігі элеументтері ойын түрінде, дене және эстетикалық ләззат алу сонымен қатар оқып үйрену мақсатында жаңадан өндіріледі, қайталанады.
Әрине еңбек пен ойындар арасындағы байланыс даусыз . Алайда, қазіргі зереулер бойынша ойындарда тек еңбек тәсілдері қайталанып қоймайды, сонымен қатар ойындарда аңшылық, соғыс, сүйіспеншілік қатыныстар жанұя өмірі салтанатты шерулер элементтері баршылық, адамдар табиғат құбылыстар, жабайы аңдар ,үй жануарлары іс әрекеттеріне еліктеп, оларды «ойнаған».
Бізге белгілі алғашқы қауымдық мәдениеті синкретизмде\ бір құбылыстардың о баста тұтастығы\ , арнайы маманданылған еңбек түрлері де,ойын түлері де болмаған. Егер де ойындар еңбек іс әрекеті негізінде жасалатын болса, онда ойындар элементтнрі байлығы енбек дамуына тәуелді болады ғой. Өкінішке орай, бұлай болмай шықты. Ежелгі қазақ мәдениеті ойындар түрлеріне бай да,ал қазіргі дамыған индустриялдық сивилизацияда ойындар элементтері әлсіз дамып,ал қалыптасқан ұлттық ойындар демалыс-әлеуметтік шұғылданымпаздылық қызметінде нашар пайдаланып келеді.
Сонымен, ойын мен әлеуметтік еңбек ету бастапқы дамуда бір-бірімен айырмашылығы болмаса да, тарихи даму процессінде, әр салада жеке мамандануына байланысты, ойын да еңбек те өз заңдылықтарымен даму дәлересіне жетті. Ойын мәдениеті еңбектен бөлініп жеке сала ретінде қалыптасып,халық мәдениетінен ол өзіне лайфқ ,ерекше орын алды.
Қоғамның дамуында ойындар іс әрекеттері арқылы ұрпақтан ұрпаққа еңбек, жанұя-тұрмыстық, соғыс- спорттық, демалыс сауық дағдылар мен шеберліктер жетістіктері, әлеуметтік өмірлік іс-әрекеттерін жалғастыру үшін беріліп отырды.
Ойынсыз адам өмірін елестету өте қиын. Ойындар іс әрекетінде, адам қоғамдық өмірден қанағаттанбаған талап тілектерін қанағаттандырып, ләззат алып,дем алады. Ойындар адамның танымдық қарым-қатынас жасауына,пікірлекуіне шаршаған организмді бастапқы қалпына келтіруіне,эстетикалық талаптарын қанағаттандыруына жағдай жасады.
Адам ойынға қуаныш,ішкі мүмкіндіктерін ашу мен демалыс көзі ретінде қарайды.
Ойындардың әлеуметтік- тәрбиелік мәні- ойындар іс әрекетіне қатысушылырдың өзіндік көркем- өнерпаздық,зеректік,ойлау ,шешендік,дене қабілеттіліктерін жүзеге асыруды жеңілдету, қарым қатынасты пікірлесуге жағдай жасау әр адамның өзін танытуға , эстетикалық ләззат алуына,дем алуына көмектесу болып табылады.Оиындвар іс әрекеттері адамдардың бойына ойын мәдениетін қалыптастырады, өзін-өзі тәрбиелеуді мақсат етуіне көмектеседі,көпшілікке өзін танытуға итермелеиді,бұған жағдай туғызады.
Ұлттық ойындар құндылығы-жеке адамның ішкі мүмкіндіктерін дамтуға алғашқы ықпал жасауында, ойындар іс әрекеттері арқылы әр түрлі мәселелерді шешуге, көркемдік, зеректік, шешендік қабілеттерін, дене,мінез құлыұ, қарым қатынас, пікірлесу мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасап көмектесуінде.
Ұлттық ойындарды пайдалану және сақтау әлеуметтік мерекелері мен сауықтарының әлеуметтік демалыс әдеп ғұрыптарының саласы ретінде қайтадан дамуына байланысты болып отыр. Әлеуметтік демалыс әдет ғұрыптарына мынадай мәдени демалыс іс әрекеттер түрлері кіреді –халық әндері мен ойындары, мерекелік кәделер мен жөн жоралғылар,дастархан мәзірі мен айтыс ойындары, пікірлесу мен көркем, шешендік сөздер,әзіл-қалжындар мен сауықтар.
Ойын-сауық түрлерін меңгеру үшін, қалың көпшілікті ойынды демалыс іс-әрекеттеріне қамту үшін,олардың арасынан шыққан белсенді ұлттық ойындар түрлерін ұйымдастыру және өткізу әдістемелеріне үйрету қажет.
Соңғы зерттеу нәтижелері, ойындардаәр алуан өнердің өзара тығыз байланысы бар екенін көрсетеді.Ұлттық ойындар түрлерінде жиі кездесетін пікірлесу мен дене қимылынан басқа олардың көпшілігінде музыка ,би, шешендік, әртістік және ән өнері элементтері молынан кездеседі.
Өнердің былайша қосылуы қарапайым қалыпта емес әлеуметтік халықтық педагогиканың құнды саласы ретінде қаралатын ұлттық ойын мәдениетінде олор синсетикалық сипатымен ерекшеленеді.Сондықтан ойындарды жас өспірімдердің көркем өнерпаздар үйірмелерінде мәдени шараларда пайдалану, бала бойындағы бұрын соңды белгісіз болған табиғи көркем-шығармашылық дарандылығын ашуға оны жан-жақты дамуына көмектеседі.
Бала, алғашқы өнер туралы түсінікті,алғашқы шығармашылық шабытты, толқуды,әсерді ойын процессі кезінде алады, ол ойындар іс әрекеті арқылы көркем дүние сырларын түйсініп, аңғарады, өнерде алғашқы тәжірибесін жинақтайды.
Сондықтан болар әлеуметтік педагогтар ойындар іс-әрекеті сыртқы қажеттіліктермен бірге, баланың ішкі қажеттіліктеріне \қызығушылығына , сұранысына\ көп байланысты болады деп түсіндіреді.
Жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастырушы мекемелерге ойындар арқылы олардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамытудың мынадай жолдарын ұсынуға болады;\ойындар апталығын, ертегілі ойын ұлттық ойындар мерекесін, сауық қойылымдарын т.с,с,.\
Ойындар атадан балаға үлкеннен кішіге асыо мұра болып жалғасып отырған, баға жетпес асыл қазынаыз. Сондықтан оны арнайы үйренудің, қазіргі ойынды-демалыс шараларына пайдаланудың заманымызға сай ұлттық демалыс мәдениетін қалыптастыруда пайдасы орасан зор.