Интелектуальды (Ой-өрісінің) дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру мазмұны
Оқыту процесі – бұл екі жақты процесс, онда оқушы мен мұғалімнің арасында қызметтері анық көрсетіледі. Мұғалім міндетті түрде балаларды біліммен қаруландыру қажет, оқушы- оны меңгеріп, іс –жүзінде қолдану қажет.
Олигофренопедагогика, коррекционды педагогиканың құрамды бөлігі ретінде өзара байланыс бағыттарын келесідей қарастырады:
— оқыту теорияся;
— тәрбиелеу теориясы;
— арнайы (коррекционды) мектептің басқару жүйесін мектепке енгізу.
Арнайы (коррекционды) мектептің дидактатикасының VIII түрін – бұл оқыту теориясы және ақыл-ойы қалыптасуында ауытқуы бар балаларды оқу қызметінің пішінін және әдістерін, қағидаларын, мазмұнын және мәселелерін анықтайды.
Негізгі концептуальды тәсілі жағдайлары туралы болады, яғни мектептің оқушылары білімді меңгеру қабілеттілігін меңгереді және оларды мұғалімнің бақылауымен қарапайым жағдайларда қолдануға болады.
Педагогикалық процесс ағымдық жүйенің процесіретінде идентивті болмайды. Жүйе ретінде болатындар: халыққа білім беру толығымен – оқу орын, мектеп, сынып, мұғалімдер бөлмесі және балалар ұжымы. Осы жүйенің әрқайсысы белгілі сыртқы және ішкі жағдайлармен байланысады. Сыртқы жағдайға жататындар: табиғат ортасы, әртүрлі орталықтар, оқу процесін материалды-техникалық қамтамасыз ету, педагогикалық кадрлардың қамтылуы және т.б.
Ішкі жағдайларға бағытымен оқу процесі, яғни оны құрамына жататындар: бағдарламалармен қамтамасыз ету, оқу құралдары; ой-өрісінде ауытқуы бар оқушылардың мүмкіндігін мұғалімнің білуі, олардың жақындағы дамулары және өзекті даму зоналарын білу болады. Оқу процесінің нәтижесі оқытушы мен оқушының арасында қолданылатын технологияларға тікелей байланысты болады.
Оқыту жүйесі педогогикалық процес ретінде ағады, сонымен қатар ол оқушының тәрбие және оқыту жағдайына байланысты оқытушымен анықталады. Педагогикалық процесс оқытушы мен оқушының қатынастарының пішіндерін, мақсатын, мазмұнын, әдісін сипаттайды. И.П.Подласый жоо үшін «Педагогика» оқу құралында педагогикалық процесс жүйесін ұсынып көрсетті (схема- 2).
Мектепте білім беру мазмұнының негізгі көзіне жататындар: оқыту мақсаты мен мәселесі; қағидалар, әдістер, оқушыға әсер ететін пішіндер және толығымен оқыту процесі.
Ой-өрісінде ауытқуы бар оқушылар оқу-танымдылық қызметіне бірден қосыла алмайды. Бірнеше себептер:
— дефект құрылымының сапалық құрылуы, оның әртүрлі балаларда пайда болуы;
— алғашқы кемшілік басқа да көптеген кемшіліктердің пайда болуы алып келеді;
— барлық психикалық процестің төмен деңгейде дамуы (есте сақтау, сөйлеу, ойлану, қабылдау, еркінділігі, қызығушылығы).
— алынған ақпараттарды қабылдау, ойлану, өңдеу мүмкіндіктерінің төмен болуы болады;
— ой- өрісінде ауытқуы бар жасөспірімдердің тұлғасына әлеуметтік орта қатынасының ерекшелігі (баланың ортасы — мектеп, жанұя, үлкендер. Қатарластары және т.б.).
Осы себептерге байланысты ой-өрісінде ауытқуы бар оқушыларға коррекционды бағытын жүргізу қажет.
Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша ақыл-ойы төмен оқушыларды оқыту үшін олардың кемшіліктерін есепке ала отырып оқу процесін құру аз болады. Оқушының физикалық және психикалық тұрғыдан төмен дамығанымен, бірақ басқа да қатысты қызметтері сақталған болады. Міне, осыдан VIII түрі бар арнайы (коррекционды) мектептерде оқушының ерекшеліктерін ғана есепке алмай, олардың мүмкіндіктерін де есепке алады. Әрбір ауытқуы бар жасөспірім- өзінің мүмкіндіктеріне байланысты жеке тұлға болады.
Жалпы және арнайы педагогикада әдістерді таңдау. Педагогикалық ғылымда мұғалімдердің практикалық қызметін зерттеп және жалпылау негізінде оқыту әдісін таңдаулары белгіленген тәсілдер пайда болды. Оның таңдаулары оқу процесінің және оның жүргізілу жағдайының негізінде анықталды.
Оқу әдістерін таңдаулары мынаған байланысты:
— білім беру мақсатынан, қазіргі заманғы дидактикаға сәйкес болуы;
— оқытылатын пәндердің, оның мазмұнының ерекшелігіне ;
— уақытқа, материалды меңгеруге берілген уақыт;
— оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты;
— оқушылардың дайындағы;
— мұғалімнің теориялық және тәжірибелік дайындығына, оның жеке қасиеттеріне байланысты.
Қазіргі уақытқа дейін жалпы дидактикада жіктелу әдісінің бірегей тәсілі жоқ. Ұзақ уақыт Скаткин М.Н. және Лернер И.Я. жіктелу әдісінің ұсыныстары кеңінен қолданылды.
Ильина Т.А. және Шамова Т.И. дидактикалық мақсатта оқыту есепке алып әдістерді жіктеу қажет деп есептеді:
— жаңа білімдерді хабарлау әдістері;
— жаңа білімдерді алу әдістері;
— білім және әдеттерін бекітіп және өңдеу әдістері;
— ТСО жұмысының әдістері;
— Бағдарламалық оқыту әдістері;
— Мәселелі –іздеу әдістері;
— Өзбетінше жұмыс әдісі;
— Бақылау және өзінше бақылау әдісі.
Коррекционды дидактика үшін толық тәсілмен есепке алуда әдістерді жіктеудің ерекше маңызы болады. Осындай жіктелу Ю.К. Бабанскиймен тексерілген. Ол әдістің үш тобын бөледі.
1 топ – ұйымдастыру әдісі және оқу-танымдылық қызметті жүзеге асыру. Ол топқа жататындар:
— ауызша, көрнекі және тәжірибелі;
— индуктивті және дедуктивті;
— репродуктивті және мәселелі- іздеу;
— мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өзіндік жұмысы.
ІІ топ- ынталандыру және бағылау әдісі.
ІІІ топ – бақылау және өзінше бақылау.
Оқыту әдісінің жіктелуінде қызығышулығын Онищук В.А. танытты. Ол жіктелу негізіне мұғалім мен оқушының қызмет түрлерін алды. Оларды келесідей бөліп қарастырды:
— коммуникативті;
— танымдылық ;
— қайта оқытылу;
— жүйелендіруші;
— бақылаушы.
VIII түрі бар арнайы (коррекционды) мектептерде оқушыларды оқыту әдістерінің қысқаша сипаттамасы
Оқушыларға білімді хабарлауды әңгімелесудің, түсіндірудің, кітаппен жұмыстың көмегімен жүзеге асырылады.
Әңгімелесу – мұғалімнің жағдайды, құбылысты ашық, эмоциональды түсіндіруі болады. Ол уақыт бойынша ұзақ емес, оқушының ойына, сезіміне әсер етеді.
Әңгімелер педагогикалық және шығармашылық болып бөлінеді. Педагогикалық шығармашылықтан ерекшелігі, онда тек шығармашылық әңгіменің жеке тәсілдері қолданылады. Әңгімелер белгілі педагогикалық жағдайларды есепке алып қолданылуында топтарға бөлінеді.
Сөз білімнің көзі болады. Мұғалімнің сөйлеу мәнеріне белгілі талаптар қойылады:
— фонетикалық және логикалық жағынан мінсіз;
— ашық, мәнерлі, анық;
— соңы анық дауысталуы қажет;
— темптері басыңқы;
— оқушылар түсіну үшін жетімді болуы қажет.
Кітаппен жұмыс ауызша әдіс сияқты сирек қолданылады, бірақ маңызы үлкен, ол кітаптың сияқты – білімнің көзі болады. Түсіндіру негізінен әңгімелесуден болады. Бұл әдісте оқушының көмегімен мұғалімнің сұрағына жауап береді. Әңгімелесулер кіріспе, хабарландыру және қорытынды болып бөлінеді.
Көрнекі тәсілдер (демонстрация, экскурсия, өз бетінше бақылау) айрықша маңызы болады, себебі оқу материалдарын меңгеріп оларды қолдануда оқушылардың қабылдау сезімі сүйеніш болады. Объектілерді анықтап бақылау үшін , мұғалім төмендегіні ойластыру қажет:
— оларды оқушыларға ұсыну реттілігі;
— әрбір объектіні зерттеуді ұйымдастыру.
Демонстрация құбылыстармен, процестермен, олардың табиғи түрдегі объектілерді оқушыларды көріп-сезіп қорытындылау болады. Берілген әдіс уникальды болады, себебі зерттелетін құбылыстардың динамикасын, олардың ішкі құрылымын ашу үшін қызмет жасайды.
Өз бетінше бақылау оқушылардың перцептивті тәжірибесін ұйымдастырады. Бақылау – қабылдау бағытын ашу процесі, түрлі жағдайларға байланысты белгіленген жоспар бойынша жүзеге асырылады.
Экскурсия бұл да көрнекілік әдіске жатады. Олардың бағалығы балалар пәндерді шынайы жағдайларда зерттеп қорытындылануы болады. Оқушыларды экскурсияға дайындау қажет. Балалар қандай пәнді зерттейтінін және экскурсияның мақсатын білу қажет. Экскурсия жүргізу алдында балалар бұл пән, құбылыс туралы не білетінін білуі қажет, себебі олар оны бақылайтын болады.
Көрнекі оқыту әдісінің техникалық құралды оқытуды қолдануға жататындар: кино, диафильмдер, бапалар және т.б. көрсетілімдерін айтамыз.
Тәжірибелік әдістер. Тәжірибелік әдістерге ауызша және жазбаша жаттығулар, лабораториялық жұмыстар, шеберханалық жұмыстар, мектеп учаскесінде, оқытудың бағдарламалық элементтері жатады. Бұл әдіс оқушыларға зерттелген материалды тереңінен түсініп, дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Білім көзі оқушылар қызметі болады. Осы топтағы әдісті қолдану негізінен үлкен тақырыпты немесе оның жеке бөліктерін зерттеуден кейін қолданылады.
Жаттығулар (жазбаша, ауызша) – бұл оқыту әдісі, әрекеттерді қайталауды ұйымдастыруы олардың есте сақтау, сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл әдістің артықшылығы ол білімдерін және дағдыларын жетісті қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Олар арнайы, өндірістік және комментариялық жаттығулар болып бөлінеді.
Интеллект дамуында ауытқуы бар балаларды жазуға, есептеуге, оқытуда жаттығулардың әрбір түрі қолданылады. Бірақ арнайы түрі – жиі, көбірек қайталау болады. Жаттығулар ауызша және жазбаша болады.
Жаттығулардың қолданылуы тиімді болу үшін олар белгіленген талаптарға жауап беру қажет:
— оқушылар үшін қол жетімді болуы;
— көлемі және мазмұны бойынша үлкен емес болуы;
— оқушылардың танымдылық қызметінің ерекшеліктерін есепке алу және олардың үйреншікті дағдыларын қалыптастыру дәрежесі;
— біртіндеп қиындық дәрежесі белгіленген реттілікпен жоғарлауы қажет.
Лоборатория – тәжірибелік жұмыс оқушылардың жаңы білім алуына әдіс ретінде бағытталған. Оқушылар белгіленген тәжірибелерді жүргізу жағдайында шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Сонымен қатар тәжірибелік дағдыларын, алынған нәтижелер өлшемдерін, есептерін салыстырады. Тәжірибелік жұмыстардың бағытыалынған білімдерді қолдану арқылы тәжірибелік мәселелерді теория және тәжірибе байланыстарын жүзеге асыруда шешу болады.
Тәжірибелік жұмыс жүргізілетін сабақтың нақты құрылымы:
— мұғалімнің түсіндіруі;
— көрсету (инструктаж);
— жұмысты орындауда бірінші жасамалар;
— жұмыстың орындалуы;
— мұғалім тарапынан бақылау;
— оқушылардың есебі.
Өзіндік жұмыс – бұл оқушылар қызметінің ерекше түрі болады. Оқушы алдындағы жұмысты орындауға дайын болуы қажет.
Өзіндік жұмыстың келесідей типтерге бөлінеді: үлгі бойынша өзіндік жұмыстар, репродуктивті, вариативті және шығармашылық жұмыстар. Тапсырманың нақты пішіндерін қолдануда екі негізгі факторларға негізделген:
— балалардың өзіндік жұмысқа дайындығы;
— оқушылардың белгілі мазмұн бойынша өзіндік жұмысының білім деңгейі.
Бағдарлама элементтерін икемді, дұрыс қолданылуыинтеллектісінде ауытқуы бар оқушылардың білім меңгеруге қызығушылығын күшейтеді деп есептейміз. Сонымен қатар толығымен оқыту тиімділігін көтеруге көмектеседі.