Ақыл-ойының қалып кетуі

 Ақыл-ойының қалып кетуі

Бұл тұрақты, танымдылық қызмет артықшылығының  қайтарымсыз бұзылуы, сонымен қатар еркін-эмоциональды және тәрбиелік ортаның, бас ми қабығының органикалық зақымдануына негізделіп, диффуззиялық сипаты болады. Көпшілігінде ақыл-ойы төмен тұлғаларда медициналық сараптамасы (диогнозы) олигофрения болады. Олардың бас миының нерв жасушалары анасының ішіндегі даму кезеңінде жарақаттанған немесе босану және өмірінің алғашқы үш айларында болуы да мүмкін. Олардың көпшілігі толықтай дені сау болады. Оларда психикалық аурулар белгіленбейді, бірақ бастапқы даму этаптары жәй және түрлі болады. Яғни жоғарғы психикалық қызметтерінің дамуы тоқтатылып көрсетілген және ерікті назар аудару, қабылдау, есте сақтау, логикалық-сөйлеп ойлану мүмкіндіктері шектеулі болады,  ол балалардың танымдылық қызметін қиындатып, оларды оқыту үшін арнайы жағдайларды жасайды. 

Мидың бір қалыпты қалыптасуының (3 жастан кейін) нәтижесінде ақыл-ойының зақымдануының  пайда болуы деменция деп аталады. Бас миының орталық нерв жүйесінің әртүрлі ауруларымен (менингит, энцафалит, менингоэнцафалит және т.б.) зақымдану нәтижесінде қалыптасқан психикалық қызметтері төмендеп, жоғалтады. Мысалы, 4 жасар балада деменция сөйлеу және өзіне- өзі қызмет жасауы төмендеу  кезеңінде және ойынға, суретке қызығушылығы төмендеген жағдайда пайда болуы мүмкін.

Ерекше топты құрайтын тұлғалар, олардың ақылы төмен ағымдық орталық нерв жүйесінің ауруларымен үйлеседі, олар:  шизофрения, эпилепсия және т.б.  Бұл аурулар қозу кезінде психикалық құрылымы төмендеп, ақыл-ой өрісі қалып төмендеп, ауыр дәрежесіне жетеді. Эмоциональды-ерік  сферасында спецификалық ерекшеліктері пайда болады. Уақытысында  емделу аурудың алдын алуға немесе аурудың қозуын тоқтатады.

Қазіргі уақытта  жиі ақыл-ойы төмен балаларда қосымша психопатологиялық синдромдары күрделенуі жиі кездеседі: гипердинамикалық, психопаттәріздес, эпилептіпішінді, нервтәріздес.

   Ақыл-ойында ауытқуы бар тұлғалардың құрамы себебі және бас миының зақымдану уақыты бойынша, сонымен қатар клиникалық суреттердің ауырлық дәрежесі  және психология-педагогикалық мінездемесі бойынша түрлі болады.

Халықаралық келісім  жіктелуімен (МКБ-10), ақыл-ойы кем пішіндерінің төрт түрі анықталады: жеңіл (IQ – 40 – 69), қонымды (умеренную)  (IQ-35-49), ауыр (IQ-20-34) және терең (IQ 20-дан төмен).

Отандық олигофренопедагогикада  қазіргі уақытқа дейін басқа жіктеме (МКБ-9) кеңінен қолданылды, осыған сәйкес ақылы-ойы кем балаларды үш дәрежеге бөлді: дебильдік, имбецильдік, идиотизм.

Ақылы төменнің жеңіл дәрежесі – ақымақтық (дебилность)- басқа пішіндерге қарағанда жиі кездеседі. Осындай балалар физикалық дамуы өзінің қатарластарынан қалып кетеді. Танымдылық қызметінің ауытқуы олардың оқуын ұйымдастыруда (балабақшада немесе мектепте) анық көрінеді. Олар басқа балаларға қарағанда материал  бағдарламасын меңгере алмайды, арнайы білім беру жағдайларды талап етеді. Бұл жағдайларды арнайы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде және арнайы (коррекционды) VIII түрлі жалпы білім беру мектептерінде жүзеге асырылады. Интеллектісінде ауытқуы бар тұлғаларға мектепті аяқтағаннан кейін алынған мамандығы өндірісте еңбектеніп және өз бетінше өмір сүре алады, ал кейбіреулері оқуын өндірістік училищеде жалғастырады. Олар өз-өздеріне жауап бере алады, яғни оларды қоғам заң алдында өз әрекеттеріне жауап береді, азаматтық борышын өтейді, мүлікке мұра бола алады, сайлауға міндетті түрде қатыса алады деп мойындайды.

Қалыпты (умеренная) ақылының төмендігі ақымақтықпен және имбецильдік арасындағы шектелуі болады. Бұл балалар, арнайы (коррекционды) VIII түрлі мектепте оқып, ерекше топпен бөлінеді. Бірақ олардың барлығы оқу бағдарламасын меңгере алмайды. Қалыпты ақылы төмен жас және үлкен адамдар қомқоршыны қажет етеді. Сонымен қатар көптеген мемлекеттерде оларға коррекционды – даму қызметімен тәжірибеленеді.

Ауыр ақылы төмен – имбецильдік – баланың дамуының ерте кезеңінде анықталады. Нәресте кезеңінде бұл балалар басын кеш ұстайды (4-6 айларынан немесе одан да жоғары), өз бетінше аунау, отыру да кеш болады. Олардың жүруі де кеш болады (3 жастан жоғары).

  Оларда іс-жүзінде уілдеу, балбырлау «жандану кешені» қалыптаспаған болады. Сөйлеу қабілеттері мектепке дейінгі жастың соңында пайда болады, оның ішінде жеке сөздер, сирек сөздер пайда болады. Көптеген дыбыстарды дұрыс дыбыстамай, қызметтері зардап шегеді. Сондықтан бұл балалар өз-өзіне қызмет жасауды кеш бастайды.

Олардың танымдылық қызметі бірден төмендейді: сезгіштік, қабылдау, есте сақтау, назар аудару, ойлану қабілеттері дөрекі бұзылған. Олар оқу материалдарын меңгере алмайды, сондықтан ерекше бағдарлама бойынша оқытылады. Мектепті аяқтағаннан кейін ғана қарапайым жұмысты атқара алады.

Ақыл-ойының ауытқуы терең – идиотия – бала өмірінің алғашқы айларында анықталады. Бұл балалардың сезімталдық, бақылау қызметтері өте төмен болады. Олар үлкейген кезде де қабілеттері төмен болады.

Ресейде интеллектісі бұзылған балаларға көмек көрсетудің даму тарихы. Интеллект дамуында ауытқуы бар балаларға көмек көрсету тарихы, олардың тәрбиелеп және оқыту әдісі үш үлкен кезеңдерге бөлінеді: Қазан революциясына дейін, КСРО кезеңі және қазіргі уақыт болып бөлінеді. Оның әрқайсысы белгілі тәсілдермен және бағыттармен ерекшеленеді. Қазан революциясына дейін қоғамдағы алдыңғы қатар ойшылдарына философтар, оқытушылар және медиктер ақылы төмендерді тәрбиелеп және емдеу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды. Герцен А.И. , Белинский В.Г., Чернышевский Н.Г.. Добролюбовь Н.А ғалымдарының көз-қарастары ерекше болды. Оның ішінде Добролюбовь Н.А  «қабілеті әлсіз» анықтап, оларға шыдамдылық танытуды сұранды. Ол «Тәрбиешілерге арналған журналда» 1858 жылы жарияланған «Жай қабылдайтындарды үйрету» статьясында, ол былай деп жазды: «Біздің мектептерде ешбір оқушының жағдайы, әлсіз және өте төмен қабылдайтын балардың жағдайы ғана ауыр, оларды мұғалімдері ақылсыз, түк шықпайды ……  ал олар болса тәрбиеші тарапынан мұқият назарды және қамтылуды қажет етеді». Бұл статья отандық олигофренопедагогика тарихындағы алғашғы мәлімет болады.

Олигофренопедагогика дамуында маңызды рольді дәрігер-психиатр (Яковенко В.И., Игнатьев И.Г., Ковалевский П.И. )  атқарды. Олар балалар арасынан психоздан ақылы төмендерді көрсетті. Бұл жерде ерлі-зайыпты И.В. және Е.Х. Малярев қызметтерін айта кетуге болады. Олар 1882 жылы Петербургте ауытқуы бар балалар үшін «И.В. Малярев доктордың емді-тәрбиелік мекеме» ашты. Мекеме жекеменшік ақылы түрде болды, ауытқудың түрлі пішіндеріне қызмет жасалды: ақыл-ойы қалған, эпилептиктер, психикалық аурулар, тәртібі бұзылғандар, әлеуметтік қауіпті және т.б.

Мекеменің өз құрылымы, мақсаты мен мәселесі болды, сонымен қатар медициналық және педагогикалық көмекті жетісті көмек берді. Дәрігерлік бөлімде медициналық көмекті Сеген Э. Және Малярев Е.Х. әдісі бойынша оқытылып көмек көрсетілді.

Ресейде ақыл-ойы ауытқушыларды тәрбиелеп және оқыту тарихында маңызды рольді техникалық және кәсіби білім беру бойынша Екінші съезді (С-Петербург, 1895-1896, желтоқсан-қаңтар) маңызды роль атқарды.  Бұл дефектологтардың бірінші съезді болды, оның ішінде бағдарлама бойынша әлсіздерді оқыту жүйе жобасынң Х11 секциясы болды. Медицинаның көптеген  қызметткерлері қатысты, оның ішінде: Боткин Я.А.,Кожевников А.В., Корсаков С.А., Россолимо Г.И. Қазіргі заманғы дефектология үшін   Россолимо Г.И. қызық ұсыныс жасады. Ол келесі мәселелерді шешуді ұсынды:

—         Жақтырмайтын жағдайларды анықтап, ақылы төмен баларды оқытып және тәрбиелеуге ұсыныс жасады;

—         Медицина-педагогикалық тәсілдерді өңдеу қажеттілігі, сонымен қатар балаларды еңбек процестеріне енуіне көмектесу;

—         Білім берудің қажет бағдарламасын жасау.

Ақылы тқмен балалар үшін қосымша мектептің жасауы туралы сұрақ Бірінші Бүкілресейлік съезде халыққа білім беру бойынша сұрағында қарастырылды (13 желтоқсан 1913ж.-3 қаңтар 1914ж). Ол дефектологтардың екінщі съезді болыа есептелді. Бұл съезде қосымша мектептердің жағдайы туралы шешім қабылданып бекітілді, себебі олар Мәскеуде, Вологдада, Саратов, Харковь, Ростов – на-Дону  қалаларында жүзеге асырылып жатты. Енді ауылдық жерлерде қосымша немесе көмекші мектептерді ашу ұсыныс жасалды.

Ақыл-ойы терең ауытқуған балаларға көмекті ұйымдастыруда үлкен рольді Грачева Е.К. (1886-1934жж.) атқарды. Ол Ресейде алғашқы болып ақымақ және эпилептик балалар үшін приют ашты (1895ж- Петербургте, Белозерде; 1902 жылы –Курс губерниясында; 1905ж.-Мәскеуде; 1907ж.-Вяткеде). «тәрбиеші-медбикелермен мүгедек және эпилептик – балалардың даму және тәрбиелеу үшін әңгімелесу туралы» туралы кітабы бірінші оқу құралы болды.

Кащенко В.П. (1870-1943жж.) анамольды балаларды оқытып және тәрбиелеу жүйесінде белсенді қатысушылардың бірі болды. Оның көз-қарасы революционды үйірмелерге қатысу кезінде қалыптасты. Студенттік үйірменің кейбір мүшелері сияқты, оны университеттен шығарып, Мәскеудер жер аудартады. Ол университетті 1897 жылы ғана Киевте аяқтап шықты. 1905ж. Революцияға қатысады, соның салдарынан мемлекеттік мекемеде жұмыс жасауға рұқсат бермейді. 1908ж. Аномальды балалар үшін Мәскеуде мектеп-санатория ашады.

1917ж. Қазан революциясынан кейін ақылында ауытқуы бар балалар .шін мекемелер Халық комиссариатына тапсырылады. Мемлекеттік халыққа білім беру жүйесі құрыла бастайды. Сауатсыздыққа, қаңғыбастыққа, ауытқушылықтарға күрес жолдары өңделе бастайды. Дефектология саласында маңызды оқиға Алғашқы Бүкілресейлік съезд медицина-санатария бөлімнің Кеңес жұмысшылары, әскерлер және шаруашылық депуттардың  өкілдердің қатысуымен  өткізілуі болды. Балалар дефективті Институты ұйымдастырылады, ол балалардың дефектісін зерттеп, дефектісі бар балаларды оқытып және тәрбиелеу үшін кадрларды дайындау қажет.

Аномальды ауытқуы бар балаларды тәрбиелеудің жаңа тәсілдері, олар туралы қомқорлық  Бірінші Бүкілресейлік съезде балаларды қорғау қызметі бойынша қарастырылды. Бұл съезддің негізгі бағыты балаларды әлеуметтік қамтып қорғау болды. Мәскеу әріқарай қосымша оқыту жүйесінің қайта құрылуы болады.

 Кащенко В.П. өзінің мектебін Наркопросқа тапсырады, балаларды зерттеу үйі жасалады, кейіннен – Медицина-педагогикалық клиника (станция), дефектологияны зерттеу саласында Наркопрстың ғылыми – медициналық орталығы болды.

1920ж. Мәскеудегі Норкопроста дефектолог-мұғалімдерді дайындау бойынша институт ашылды. 1923ж. Бұл институттар бірігеді, ал 1925ж. Мәскеудегі мемлекеттік университеттің педагогикалық факультетінде дефектология бөлімін құрайды.

Қосымша мектептердің жағдайы жақсарады, әсіресе Мәскеу және Петроград қалаларындағы мектептер болды. Жаңа оқу жоспарлары, бағдарламалары жасалады. Оқу жоспарында дене шынықтыру, бейнелеу, музыка, қол еңбегі деген пәндер пайда болды.

Олигофренопедагогика дамуы үшін жасөспірімдерді әлеуметтік-құқықтық қорғаудың Екінші съезд маңызды болды. Онда талантты психолог-ғалым Выготский Л.С. дефект табиғатын, аномальды балаларға әлеуметтік көмектің маңызын ашып түсіндірді. Осы Екінші съездден кейін қосымша мектептердің қарқынды көтерілді. Оларға Занков Л,В,(1901-1977) және Азбукин Д.И.  өзерінің үлкен еңбек үлестерін қосты. Аномальды балалардың даму ерекшеліктеріне ғылым ретінде теориялық негізін , оны оқыту және тәрбиелеу заңдылығын  Выготский Л.С. қалаған еді.

1966жылдан бастап олигофренопедагогиканың маңызы арнайы мектептерде арнайы сабақ пәндерін оқыту әдістемесін өңдеу бойынша жүргізуден күшейді.

Қазіргі уақытта коррекционды мектептің VIII түрі оқулықтармен, барлық пәндердің оқулығы бойынша дидактикалық оқулықтармен қамтылған.

Ғылыми зерттеу мәселелері, интеллектісінде ауытқуы бар балаларды оқытудағы тәжірибелер «Дефектология»  журналында жарық көреді. Дефектология саласындағы зерттеулер, соның ішінде олигофренопедагогика Ғылыми – зерттеу институтында жүзеге асырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *