Мұғалiмнiң, сынып жетекшiсiнiң профессиограммасы

 Мұғалiмнiң, сынып жетекшiсiнiң профессиограммасы

Сынып жетекшiсiнiң профессиограммасы қандай?

Профессиограмма-кәсiби маңызды сапалар жиынтығын, қабiлеттерiн, бiлiмiн, дағды, икемдерiн құрайтын мамандық сипаттамасы.

Сынып жекетшiсiнiң түлғасы даму барысында өзiнiң жан-жақтылығымен, үйлесiмдiлiгiмен және бiртұтастығымен ерекшеленедi.

Дамыған “Мен-тұжырымдамасы”, “Мені”, (“Я концепция”) болса ғана кәсiби мұраты қалыптасады.

“Мен-тұжырымдамасы”, яғни “Мені” үш фактормен анықталады:

·        басқа адамдарға ұнайтындығына толық сенiмдiлiгiнен

·        белгiлi бiр әрекет қабiлеттiлiгiне сенiмдiлiгiнен

·        өзiнiң қажеттiлiгiн сезiнуiнен.

Тәрбиешiге мына қасиеттер өте қажеттi:

·        Жоғары деңгейлi мәдениеттiлiк, олармен қатынаса алу, сенiм,  

       түсiнушiлiк, төзiмдiлiк, қайырымдылық, тiлестектiң, қарым -қатнастағы адалдық, шыншылдық;

-Мiнезiнiң табандылығы және батылдығы, өзiне сенушiлiгi, жiгерлiлiгi, қайсарлық;

-Эмоциалық өмiрiнiң алуан түрлi болуы (жақсы эмоциялар, сезiмдер, адамдық  оптимистiк көңiл-күйге бағыттап, оның жiгерлi белсендiлiгiн дамытады);

-Барлық психикалық қасиеттерiнiң жоғары деңгейде дамуы: қабылдауы, қиялы, есi, т.б.

Сынып жетешiсiнiң бiлiмдерi үш компоненттен тұратын белгiлi жүйенi құрауға тиiс:

·        Тұлғаның және балалар ұжымының даму ерекшелiктерi туралы бiлiмi;

·        Психологиялық — педагогикалық бiлiмдерi;

·        Жалпы бiлiмдер (адамның тұрмыс-тiршiлiгiнiң әр саласына қатысты бiлiмдер).

Сынып жетекшiсiнiң икемдерi мен дағдылары:

              — Диагностикалық

·        Жобалаушылық

·        Практикалық

·        Бағалаушылық

·        Рефлексивтiк.

Сынып жетекшiсiнiң педагогикалық қабiлетiне-дидактикалық, перцептивтiк (кәсiби қырағылығы, жанашырлығы, басқаның қайғысына ортақтаса алуы), басқаның орнына өзiн қоя бiлуi, педагогикалы сезiмталдығы (интуициясы), суггестивтiк (сендiре бiлу қабiлетi), коммуникативтiк, эмоциялық тұрақтылық, өзiн билеушiлiк, жобалаушылық, креативтiк (шығармашылық қабiлетi), ғылыми-танымдық қабiлетi кiредi.

 

Тақырыбы. Жанұя тәрбиесiнiң негiздерi

 

         1. Жанұя тәрбиесінің ерекшелігі, мақсаты мен мазмұны. Көрнекті педагогтардың ой пікірлері.

 

  Жанұя адамның туған ошағы, кім-кімге болсада қымбат ұғым. Жанұя ғасырлар бойы қалыптасқан адам баласының ең жақын топтарының бірлесіп өмір сүретін мекені. Онда адам алғашқы тәрбиен қабылдап, алғаш рет өмір туралы,ұжым туралы ұғымы қалыптасқан. Сондықтан жанұя адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

  Жанұяда ұзақ қалыптасқан жағымды өнегелердің, мұралардың жиынтығы баланың моральдық негіздерді игеруіне көмектеседі. Адам жанұясында азамат ретінде қалыптасады.

 Жанұя оқу мен тәрбие жұмысында мектептің одақтасы. Сондықтан олар өзара тығыз  байланысты.өйткені баланың тәртібі мен оқуы осылардың өзара ынтымағына байланысты.

 Жанұяда баланы дұрыс тәрбиелеу әр ата-ананың қоғам алдындағы борышы.

 Жанұяның бас міндеттерінің бірі – баланың тіршілік әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Оған – күн режимі, баланың міндеттері, оған қойылатын талаптар, үй еңбегіне қатынасы, оқуы, бос уақытын ұйымдастыру жатады.

  Негізгі мәселелердің бірі – ұтымды режим жасау. Ол өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттықлық пен кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.

 Режим И.П.Павловтың іліміне негізделіп жасалып келеді. Ол жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуін қажет екенін көрсетеді.

 Күн режимі баланы жинақтылыққа, елгезектікке, уақытпен санаса білуге, әділдікке үйретеді, баланың денсаулығын шындап, еңбекке қабілетін жақсартады. Күн режимі баланың мектепте болатын мерзімін түрлі ұйымдардың, сыныптан, мектептен тыс жұмыстарды есепке ала отырып жасалады. Жанұядағы күн режимінің құрамына – еңбек, ойын, сабаққа әзірлік, тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыру керек. Күн режимін алдымен бақылау арқылы баланы машықтандырады. Уақытында тамақтану, ойнау, ұйқтау т.б. бала бойында шартты рефлекстер жүйесін туғызып ол біртіндеп әдет пен дағдыға айналады. Мезгілінде ұйқтап үйренген баланың ми қабында тежеу процесі бір мезгілде пайда болып, ұйқыға тез кіріседі.

 Жанұяда бірыңғай ер не қыз бала болса үйде атқарылатын шаруаларға бәрінде қамтып отыру үшін апталық графика жасауға болады. Бұл баланы тәртіп пен заңдылықты қабылдауға, оны орындаудың қоғам үшін пайдасы мол екенін ерте түсінуге үйретеді.

  Жанұяда еңбекке өзін-өзі күтуге, тазалыққа үйрету келешек жанұялық тіршілікте, өз бетімен өмір сүре білуге үйретеді.

 Балаларының бос уақытында – түрлі саяхат, туристік жорықтарға, киноға, театрға, көрмелерге, музейлерге барудың  маңызы зор. Қәзір жанұялық ансамблдер құрылып, онда бала жас кезінен өнерге тартылады.

  Жанұялық өмірдің тәрбиедегі үлгі, өнегесінің баланың өмірге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына көп әсері бар.

  Ана мен әкенің дүниеге, болмысқа қатынасы, өзара қарым – қатынасы, мүдделері, қоғамға әділдігі мен шыншылдығы, жеке басының қамы, өзімшілдігі т.б. бала тәрбиесіне етер әсері ұшан теңіз.

 Жанұя тәрбиесінде ықпал жасайтын жағдайларды сипаттайтын басқа да белгілерді атауға болады.Оларға:

1.     Жанұяның этникалық құрамы және құрлымы: толық, толық емес жанұя, бір балалы, көп балалы жанұя, бір немесе көп ұлттан құралған жанұя.

2.     Жанұяның әлеуметтік, тіршілік ортасы: білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, күнкөріс көзі, материалдық әлауқаты, ауылдық, қалалық жанұя.

3.     Жанұяның мәдени құрамы: күнбе-күнгі мәдени тіршілігі, күн режимі, бос уақытын өткізу түрлері, кітапхана, теледидар, музикалық аспаптарды меңгере білуі, спорттық қатынасы, жанұялық мейрамдар дәстүрлері.

4.     Жанұяның ішкі өзара қарым-қатынастар: өзара микроклиматы, көзқарастық бірлігі мен айырмашылығы, өз міндеттеріне көзқарасы.

5.     Қоғамдық өмірге көзқарасы: еңбекке, қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институтарына көзқарасы, қатынасы.

6.     Жанұяның тәрбиелік мүмкіншілігі: жанұядағы тәрбиеде қолданылатын әдістер, педагогикалық мәдени тәрбиесі.

 Бұлар  тәрбиелік ықпалы күшті, оларды тәрбие барысында үнемі ескеріп отырудың маңызы зор.

 Қазақстан Республикасының жанұясына тән өзіндік ерекшелігі бар. Олар: халықтың үздіксіз өсуі, халықтың басынан өткен сан түрлі ауыртпалығын ескере отырып, халқымыздың ойсырап қалған ол қылығын толтыруға, табиғи өсуіне мүмкіндік беру, оның сан жағынан да, сапа жағынан дажетілуіне ерік беру, қолдау, шаруашылық қызметі, тәрбиелік қызметі, туған-туысқандық қатынастары, жанұяның өте маңызды қызметі ұлттық психологиялық қалыптастыру әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрлерді орынды пайдалану, қазақ халқы дегенге лайық дара адам етіп тәрбиелеу, интернационализм деген ұғым жәй сөз емес, шын мәнінде іс жұзінде көрсету, басқаның мүддесіне қол сұқпау, сыйлау, қадірлеу, бос еліктемей жаңаны жанымен түсіну арқылы іске қосу т.б.

  Совет дәуірінде педагогикалық ақыл ойдың локомотивтік қызметін атқарған А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинскийлердің еңбегінде жанұя тәрбиесінде айтарлықтай тер төгіп еңбек еткен белгілі. Аса көрнекті педагогтардың айтып жазып кеткені әр кезде елдің есінде сақталып ұрпақ тәрбиесіне әліде қызмет етері анық. Десек те, қоғам өмірі бір орынында тұрмайды, өмір өзгеруімен адам санасы да өсіп өзгереді. «Заманына қарай амалы» деп халқымыз тегін атпаған деп білеміз.Сондықтан оларды орынды пайдалану керек.

 А.С.Макаренко кезінде мынандай кеңес берген, ал бұл кеңесті бүгінде теріс айту қиын. «Балаңыздың тәрбиесі жөнінде біреуден ақыл сұрауыңыз, өз балаңызды жақсы танымағаныңыз. Алдымен жақсы танысаңыз, содан кейін кеңес алыңыз».-дейді.

 Қазақ «Не ексең , соны орасың» дейді. Кезінде ұлы Абай былай жазып кеткен: «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-ана, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Солардың ішінде қайсысы жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады. Қорықпақ пен сүймек – от пен су сияқты. Ол екі зат әсте бір жерге жуылмайды. Адам сүйген адамын ғана ақылын ұғынады, содан тағылым алады. Қорқытып, ұрсып айтқан ақыл адамға дарымайды».

 Әрине жанұядағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – сол тәрбиенің жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарасының өмірмен, сол сәттегі адамның көңіл күйімен, материалдық, әлеуметтік жағдаймен ұштасып қауқарсызданунан болып отырады.

1.     Жанұядағы өктемдік баланың өзін-өзі басқарудан, билеуден айырады. Ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігері төмендейді, сезімі мұқалады.

2.     Баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік ата-ананың баласына деген сүйіспеншілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді.

3.     Жанұяда бірыңғай талаптың болмауын, ересектер арасындағы алаусыздықты пайдаланып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.

4.     Ата-ана баланы ұжымнан аулақтап өсіруге тырысады, оған бөгет жасайды. Ол баланың қалыптасуына кері әсер етіп, бөгет жасайды.

5.     Ата-ана баласының іс-әрекетіне неқұрайлым қарап, жауапсыздық танытса, бала оны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алады.

  А.С.Макаренко тәрбиеде ата-ана беделінің бірнеше түрлерінде атап көрсетеді: «Басу беделі», «Мейірімділік беделі», «Сатып алу беделі», «Менмендік беделі», «Арақашықтық беделі», «Тақуалық беделі» т.б.

    Бала санасына жетіп, бойына мінез болып қалыптасқан кейбір мәселелер:

1.     Бала өзін-өзі тоқтатып ұстамдылық көрсетпесе, өзін-өзі тежей білмесе, онда намыс пен жігердің болуы мүмкін емес. Ал намыссыз, жігерсіз адам «құр қуыс кеуде», ол берген уәдесін орындай алмайды.

2.     Бала неғұлым батыл болса, сол ғұрлым шыншыл, әділ болады. Бала өз қаталігін түсініп, сол үшін өзі жауап беретін болсын, сіз түсінік бере көріңіз.

3.     Баланы жастайынан шынайы сезімге дағдыландыру қажет. Жалған сезім абырой әпермейді. Екі жүзділік, көзінше мақтанып, артынан күліп, даттау, мінезсіздік, азғындық.

4.     Өзімшіл болмай көпшіл болсам, адам сезіміне дақ түсірмей, өзін өзгеннің орына қоя білу…

5.     Өз ісіне жауапкершілікпен, ұқыптылықпен, ойлылық, күтімділік қасиеттері…

 Ата-ана абырой дегеніміз – бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиетті күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білуі жанұя тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *