Педагогика негiзгi мiндеттерi
1. «Педагогика» терминi гректің екi сөзiнен: «пайс» — бала және «егейн» — баланы басқару, тәрбиелеу, бағу ұғымдарынан шыққан.
Адам бүкiл өзiнің өмiрi бойында тәрбиеленедi және қайта тәрбиеленедi.
Педагогика оқулығында, зерттеу еңбектерiнде, анықтамалықтар мен энциклопедиялық сөздiктерiнде педагогика ғылымына берiлген әр тұрлi анықтамаларды кездестiремiз. Ең көп кездесетiнi: педагогика тәрбие туралы ғылым; педагогика жас ұрпақтар туралы ғылым; педагогика адам тәрбиесi туралы ғылым деген анықтамалар.
Ал педагогика пәнiне берiлген анықтамалар да әр түрлi. Педагогика пәнi — адамды адам тәрбиелеу, педагогика пәнi — тәрбиелiк iс-әрекет, педагогика пәнi арнайы ұйымдастырылған әлеуметтiк сала.
Ең негiзгiсi педагогика тәрбие туралы ғылым.
Әрбiр ғылымның өзiне тән зерттейтiн саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда «болмыс», «материя», «қозғалыс», саяси экономияда — «қоғамның өндiргiш күштерi мен өндiрiстiк қатынастары», ал педагогикада — «тәрбие», «бiлiм беру», «оқыту», ұғымдары жатады.
Педагогикалық ұғымдардың бiрi — т ә р б и е.
Тәрбие дегенiмiз — адамдарды қоғамдық өмiрге және өнiмдi еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжiрибенi беру процесi болып табылады.
Барлық тәрбие салалары: жанұя, мектепке дейiнi мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информация құралдары, баспа орындары.
Тәрбие — белгiлi жоғары мақсатқа бағытталған процесс: а) жас ұрпақтың рухани дене күштерiн дамыту; ә) ғылыми-материалистiк дүниетануды қалыптастыру; б) қоғам өмiрiне, қоғамдық өндiрiстің белгiлi саласына қатысуға дайындығы болу мiндетiн қамтиды.
Тәрбие — аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихы тәжiрибенi беру процесi.
Бiлiм беру — бұл ғылымдар жүйесiнен бiлiм алу және танымдық, iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру, оның негiзiнде жеке бастың көз қарасын, адамгершiлiк тағы басқа қасиеттердi қалыптастыру, адамның шығармашылық күшi мен қабiлетiн дамыту.
Оқыту — бұл оқушы мен мұғалiмнің мақсатты тұрде өзара әрекет жасау процесi. Бұл процестің барысынды бiлiм беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның бiлiм алуы жұзеге асырылады.
Бiлiм беру — оқыту мен тәрбие жұмысын бiрiктiретiн және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
Педагогиканың анықтамасының құрамына: «тәрбие», «бiлiм беру», «оқыту» ұғымдарымен қатар «өздiгiнен бiлiм алу» ұғымын да аламыз.
Өздiгiнен бiлiм алу — бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы мiндет көздеген жұмысы, өздiгiнен бiлiм алу адамның өзi қызығатын мәселеген байланысты iзденiп, қажеттi бiлiмдi меңгеруi, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды тыңдау арқылы бiлiмiн жетiлдiру болып табылады.
Сонымен бiрге адамның «жетiлуi», «дамуы», «өзiн-өзi тәрбиелеу» ұғымдарымен бүгiнгi педагогика өзiнің зерттейтiн проблемаларының шеңберiн толықтырады.
Жеке адамның дамуы — бұл iшкi және сыртқы, басқаратын, басқармайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетiлу процессi. Жеке адамның дамуына, жетiлуiне мақсатты түрде жүргiзiлетiн тәрбие мен оқыту шешушi роль атқарады.
Жеке адамның қалыптасуына өзiн-өзi тәрбиелеудің маңызы зор. Өзiн-өзi тәрбиелеу — адамның сапалы түрде белгiлi бiр мақсат көздеп өзiнің бойына қалыптастыратын қасиет, мiнез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Педагогикада бұл негiзгi ұғымдардан басқа көптеген түсiнiктер мен тұжырымдар бар. Мәселен, бiлiм, iсркелiк, дағды, әдiс, тәсiл, құралдар, жұмыс формалары, қағида т.б.
Тәрбие педагогикалық кең мағынада — бұл мақсат кезделiнген процесс, қоғамның арнайы бөлiнген адамдары — мұғалiм, педагог, тәрбиешiлерiнің басқаруы мен жүргiзiлетiн процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысы ұйымдастырады. Жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын кешендi факторларды пайдалан отырып ерекше әдiс-тәсiлдердi қолданады.
«Тәрбие» терминi тар мағынада жеке тәрбиелiк мiндеттi шешуге, жеке адамның белгiлi бiр қасиетiн қалыптастыруға, мәселен адам тiршiлiгiн немесе эстетикалық талғамым тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
1. Кең мағынада деген ұғымда бүкiл сыртқы әсерлердің адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтiк ортаның — қоршаудың сонымен бiрге тәрбиешiлердің арнайы бағытталған iс-әрекеттерiнің ықпалымен адамды қалыптастыруды айтамыз.
2. Тәрбие қоғамдық құбылыс. Тәрбие — адамды қоғам өмiрiне сай қоғамдық еңбекке дайындауды әлеуметтiк қажеттiлiктен туған объективтi процесс. Сондықтан да тәрбие ежелгi заманна бастап қоғамдық еңбек сипатында болып келедi. Іоғамның дамуы, қоғамдық қатынастардың өзгеруi тәрбиеге өз әсерiн тигiзiп отырады.
2. Педагогиканың шығуы және дамуы
Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өттi.
Алғашқы педагогикалық ой-пiкiрлер ертедегi шығыс елдерiнің (Египет, Вавилония, Үндi, Қытай) философиялық жүйесiнде дамыды. Кейiн бiртiндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгi дұние философиясы ертедегi шығыс елдерiнің қорытын жиыстырған бiлiм мұрасын iлгерi дамытқан едi. Саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесiнің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелiгi сияқты педагогикалық проблемаларды қарастырады. (Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит). Феодалдық қоғам түсында (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мұлдем өзгердi. Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерiнің қатар дамуы көзқарастарының орнына «о дүниелiк өмiрге» дайындауды ұсынған пiкiрлер қалыптасты. (Монастрлық, мұсылман мектебi).
ХV-ХVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын санады. Адамның жеке басының тәрбиесi, оның дамуы ойшылдарды толғандырды, сондықтан бұл кездегi мәдениет пен педагогикалық бағыт «гуманизм» деп аталады. (Ф. Ром, Т. Мор). Гуманистер жаңа дәуiр үшін жаңа адам қажет дедi.
Феодализмнен капитализмге өту дәуiрiнде дiн шырмауындағы ғалымдар дамып жеке бөлiнiп шыға бастады. Чех халқының ұлы педагогик Я.А. Коменский, швейцарияның педагогы Демократы И. Песталоцци т.б. олар ХVI ғасырдағы прогрестiк познцияларды ұстады.
Я.А. Коменский (1592-1670)
Д. Локк (1632-1704)
Д. Дидро (1713-1784)
Ж. Руссо (1712-1778)
И. Песталоцци (1746-1827)
Россияда революцияшыл-демократиялық ойдың негiзiн салушылар А.Н. Радищев, В.Г. Белинский, А.Н. Герцен, XIX ғасырдың 60-ы жылдарында Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, XIX ғасырдың 60 жылдарында Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, XIX ғасырдың екiншi жартысында демократиялық тәрбиенің идеяларын ұсынушылар Н.И.Пирогов, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой т.б. болды.
XIX ғасырдың 40 жылдарында марксизмнің шығуы педагогикалық ой-пiкiрдің дамуына үздiк әкелдi. Ғылым коммунизмнің негiзiн салушы К. Макрс пен Ф. Энгельс болды.
В.И. Ленин тәрбие және бiлiм жөнiндегi маркетiк iлiмдi жаңа жағдайда iлгерi дамытты.
Н.К. Крупская (1869-1939) советтiк педагогика ғылымын дамытуда зор ұлес қосқан марксист-педагог.
Н.К. Крупская айырқыша кө»iл бөлген мәселелерiнің бiрi оқыту теориясы. Сонымен бiрге оқушылардың өзiн-өзi басқарудағы мақсаты мен мiндеттерiн белгiледi.
Көрнектi педагог А.С. Макаренко (1888-1939) советтiк педагогика ғылымына үлкен ұлес қосты. Жоспарды қайта тәрбиелеудегi өзiнің бай тәжiрнбесiне сүйенiп, оқу-тәрбие жұмысын жүргiзудің жүйелi теориясы мен методикасын құрды.
Көрнекi педагог В.А. Сухомлинский (1918-1970) педагогика ғылымының дамуына зор ұлес қосты. В.А. Сухомлинский өзiнің педагогикалық жүйесiнде әрбiр оқушының жеке басының жан-жақты дамуының, дара ерекшелiктерiнің, қабiлетiнің, бейiмдiлiгiнің, қызығушылыгының тағы басқа қабiлеттерiнің жетiлуiне бағытталған оқы тәрбие процесiн ұйымдастырады. Сонымен педагогика тарихында жинақталған мол қазынасын құрудың негiзiнде қоғамды демократияландыру, гуманитарландырудың бағыттарымен туындайтын принциптерiмен ұштастыру бұгiнгi кұнде педагогика ғылымының күрделi мiндеттерi болып саналады.