Елдес Омарұлы нақыл сөздері

Елдес Омарұлы

Елдес Омарұлы – 1892 жылы қазіргі Қостанай облысы Таран ауданында дүниеге келген. Ол Қостанай қаласындағы 2 сыныптық орыс-қазақ училищесін (1907), Орынбордағы орысқазақ мұғалімдер мектебін (1911) бітірген.
Ол Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін құруға белсене араласады. Сондай-ақ Елдес Омарұлы Қостанай уездік Алашорда комитетінің төрағасы ретінде жергілікті халықты Алаш автономиясын қолдауға шақырды. Торғай облысы земствосы төрағасының орынбасары, төрағасы болды. 1920-1922 жылы Орынборда халық ағарту комиссариатында инструктор, кеңестік партия мектебінде оқытушы болды. 1926-1929 жылы саяси қуғынға ұшырап, Ташкентте педагогикалық институтта, Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыс факультетінде оқытушы болып істеді.
1929 жылдың соңында тұтқындалып, 1930 жылы ату жазасына кесілгенімен 10 жылға Архангельскіге жер аударылды. Алайда Кеңес үкіметі оны 1937 жылы ату жазасына кеседі.

***
Латыншылдар бізді «ескішіл» дейді. «Ескішілдік» деген не? «Ескішілдік» деген – бұрыннан үйреншікті болып, бойыңа сіңіп қалған әдет. Үйренген әдеттен бұрылып шығуға болмайды.
***
Мәдениетті ел тұтас жері бар өнерді, табиғатты өздеріне икемдеп, сыртқы түрлерін өз ыңғайларына қарап өзгертіп алады. Біз сияқты мәдениетсіз бейшара елдер оны білмейді.
***
Әріп – мәдениетке керек деген пікір дұрыс. Бірақ, латын әрпін алғанда басқа елдің тілін білеміз деу – адасқандық. Әріп керек болса, мәдениетке тіл тіпті керек.
***
Жаңалық деген – барды жоғалтып, орынсыз өзгерте беру емес. Барды өмірге, тұрмысқа үйлестіріп, қолайсыздығы болса, қолайлы етіп өзгерту мен қолдануда.
* * *
Тегінде профессорлардың айтқанына құдай айтқандай көне берудің керегі жоқ. Өз ақылымызбен ойлануымыз керек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *