Шәкәрім Құдайбердіұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлы — 1858 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Шәкәрім 5 жасынан бастап хат таныған. Негізі оның қалыптасуына немере ағасы Абай Құнанбайұлы зор ықпал етеді.
Ол 40-тан аса бере, шамамен 1898-1899 жылдары мұсылмандық парызын өтеу үшін қажылыққа барып қайтады. Аталған сапарда Стамбұл, Мысыр, Араб елдерін аралап, ойына – ой, бiлiгiне бiлiк қосып келеді. 1917 жылы Ш.Құдайбердіұлы Алаш қозғалысының бел ортасында жүреді. Ақын Алаш Орда үкіметі құрылған Орынборда өткен ІІ жалпықазақ сиезіне арнайы шақырылады. 1919-1931 жылдары ақын біраз уақыт шығармашылықпен айналысып, «Таң», «Қазақ тілі» басылымдарына мақала жазып тұрады.
1930 жылы үлкен ұлы Ғафур Семей түрмесінде қорлықпен қаза болғанда, ақын Шақпақтыдағы қыстауында өмірден баз кешіп, қайғымен жатып қалады. ОГПУ қызметкерлері мұнда да тыныштық бермей, 1931 жылы ауылға бет алып келе жатқан ақынды екі рет атып, мерт қылады. Оның құдыққа тасталған сүйегін баласы Ахат 1961 жылы аршып алып, мұсылман ғұрпымен Абай зиратының қасына қайта жерлейді.
***
Шенеунік ісін қылмаңыз – әділет жолын таңдаңыз. Құр білген керек емес — білгенді іс қылған керек.
***
Білім беру саласында «ар білімі» деген білім оқытылуға тиіс деп ойлаймын.
***
Білімнің мақсаты – ар ілімін игеру.
***
Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.
***
Жігіттер күн болды ойланарлық… Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық.
***
Дін тазасын ой табар.
***
Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,
Дүние — алдамшы, өмір – қу деп елірме.
Камдан, сақтан, қалғып бақ бәле келсе,
Бәрін құдай қылады дегенге ерме.
***
Нәпсі, өзімшілдік пен мақтан әдеттер туғызады.
***
Сабыр деген – әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талмай талап ізденеді,
Осыдан кеп шығады адамшылық.
***
Сенімсіз — иман жоқ.
***
Ындыны таза — иманды.
* * *
Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қыламын. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұяламын.
***
Заманды жаралыс билейді.
***
Мен жан жоқ, өлген соң өмір жок — дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген соң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып қалған, әдет алған шатақ діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу – ақыл ісі ме?
***
Өлгенде жаным ақылыммен бір шығатын болса, талай тамаша көрсем керек. Егер ақылым да, жаным да біржола жоғалатын болса, мен – жанып өшкен отпын. Дүниені өртесем де, ешкім мені жазалай алмайды.
***
Терең ой, түзу тәжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді. Әулие дегені сол болса керек.
***
Дүниеге қызығатын көзімді топырақ баспай тұрып бейнеттен құтыла алмаймын, осынша тәтті көретін өмірден татпай тұрып «ащы» деген өлім жақсы болса керек.
***
«Мені кім жаратты?» — деп ойламайтын бас бола ма?
***
Адамнан жаман жанды жоқ, мені жамандаған кісі өзінен жаман қыла ала ма? Тәтті сөз тауып айта алмайтын ақын, мені неге күндейсің? Мені – сен, сені – мен жаратқам жоқ қой!
***
Молдалар: «Жан денеден шыққанда қатты қайғырады», – дейді. Өтірік айтады: неге десеңіз, жан ақылмен бірге шығатын болса, дене тұтқынынан құтылғанына қуанса керек. Егер ақылы жоғалатын болса, қайғыруды білмесе керек.
***
Осы өмірден басқа өмір жоқ болатын болса, жаралыспен жағаласып, адамдармен арпалысып өмір сүргенше, жасамаған артық емес пе?
***
Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды.
***
Билік айтсаң – түзу кес, адалын айт.
Тиянақ көрме жалғанды.
***
Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды.
***
Өлең үйіріліп көкейіңе ұйып жатсын,
Тазартып жүрек кірін жуып жатсын.
***
Тегіс тексер сөз көрсен сыр мен сынын,
Түзетуге именбе тапсаң мінін.
***
Ең зиянды адам – мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса – сол шын адам болады.
***
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос — өмірінде өкiндiрмес қасиеттер осылар.
***
Көңілі жұмсақ адамның күрмеуін тағдыр шешеді.
***
Қазақта жоқ ақылмен ой бекітпек,
Нәпсі ұнаса болғаны – бәрі бітпек.
Тәуекел деп ат қойып ықтималға,
Байлауы жоқ нәрседен пайда күтпек.
***
Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,
Арамдық, өтіріктен – ерте сақтан.
Күні бұрын жуытпа маңайыңа,
Есер, есiрiк, ынжықтық – солар жақтан.
***
Мен де соққы жедім деп сұм дүниеден,
Көп жазып ем – оныма өкіндім мен.
Ойласам: көрген бейнет, тартқан қайғы,
Болыпты не біреуден, не өзімнен.
***
Ашумен қылған іс – іс болып жаратпайды. Бойды ашуға билетпе.
***
Ұшқаны білінбейтін ұшқыр заман.
***
Адамның ең асылы – қиянатсыз, ақ пейл адам.
***
Мына заман қай заман,
Қаскүнемге жай заман.
Араздық пен өсекке,
Өлшеуі жоқ бай заман.
***
Арлы, ақылды адам – қиянат, зорлық жасамайды, өзімшілдік пен мақтанды сүймейді.
* * *
Ызақор – қабаған төбет тәрізді.
***
Қиянат қылма адамға – таза еңбек істе заманға.
***
Өзімшілдің іші – тар, ойы – шартық.
***
Сөзіңді түзе — әдетіңе айналады,
Әдетін – мінезіңе айналады.
Мінезің – сенің тағдырың.
***
Адамдар мал-мақтан үшін соғысып, өзі жек көретін өлімге жанын тапсырады.
***
Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан.
***
Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл.
***
Мен: тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұялмаймын.
***
Жоқтық егіндігіне бір бидай еге алмасаң, барлық қырманынан жалғыз арпа да ала алмассың!
***
Арыстан көрнеу келеді. Қарақұрт пен шаян жасырынып шақса да, уыты аса зиянды.
***
Шын бақ – ата-ананың махаббаты мен балалардың таза жүрегінде.
***
Мен зияны тиер деп күдіктенген кісіме – жылы жүзбен күле қараймын. Ақыл сынауында мұным — пішініммен айтқан өтірік. Адам баласы зиянкес болғандықтан, амалсыз талай осындай іс істеледі.
***
Өтіріктен тілін тия алмаған адам – арамдықтан ындынын тия алмас.
***
Бас көзі – жұмылады, көңіл көзі – жұмылмайды.
***
Сақ адам сандығын бекіте алады. Есті адам тілін тия алады. Бірақ ешкім ойын тия алмайды.
***
Кызыл гүлге қызығып сайраған бұлбұл, гүл соларын білгенде зарламай қайтсін.
***
Дүниеде сыры өзімен бірге көмілетін адам бар ма екен?
***
Сырымның орны болған денем де сырымды анық білмейді, достарым сырымды қайдан білсін.
***
Біздің ләпкеге кірген кісі: кішіпейілдікті алады, өзін сатам деген кісі, мақтан алушы алыпсатарға барсын.
***
Шынның дуанасы өнерсіз мақтаншақтың басын он тиынға алмайды.
***
Дүниенің қайғысы ақ жауындай үзілмей жауса да, қуаныш анда-санда найзағайдай жарқ етеді де өшеді, бұл неліктен? Бұл – адам баласының қиянатының көптігі, мейірімінің аздығынан.
***
Зор дұспаннан қандай сақтансаң, ұсақ жаудан сондай сақтан.
***
Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,
Білім білген әр істе шебер болмақ.
Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап,
Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ.
***
Байлық жақсы екені елге мәлім,
Өзің істеп әдет қыл – келсе халің.
Қолың бiлсе біреуге жалынбайсың,
Шыдамды бол, еріншек болма, жаным.
Әркім өзінің еккенін орады.
* * *
Адал еңбек еткен ел-жұрттың — көңілі шат.