Қаржылық жоспар

Қаржылық жоспар
Қаржылық жоспар бизнес жоспардың қаржы жоспарында алдыңғы бөлімдерінің барлық көрсеткіштерінің ақшалай есебі беріледі. Ал жоспарда мына көрсеткіштер болады: өнім өткізудің көлемі туралы болжам; ақшалай табыстың және төлемінің балансы; табыс пен шығынның кестесі; кәсіпорынның активі мен пассивінің жалпы балансы; зиянсыздық нүктесінің есебі.
1. Өнім өткізу туралы болжам, яғни нарықтағы алатын орнын есептеуі 3 жылға жасалуы керек: бірінші жылы сатылу көлемі әрбір айға есептеледі, екінші жылға әр-бір тоқсанға, ал 3-ші жылға түтастай бір жылдың тауар сату көлемі беріледі.
2. Ақшалай табыс пен төлемдердің балансында кәсіпорынның дамуы қандай ресурстардың есебінен өседі және оны пайдалану бағыттары қандай екенін көрсетеді. Мұнда қолдағы ақшалар, ақшалай түсімдер (сатудан түскен ақшалар, банкніц қарызының өсімі, акция шығару және басқалай түсімдер).
Ақша төлемдеріне, мысалы, дивидендтері, негізгі капиталды сатьш алу, алажақтардың өсімі, тауар-материалдық заттардың қорының өсімі, несие (бережақтардың) кемуі, кредитті қайтару және басқа төлемдер.
3. Табыс және шығын кестесінде пайда қалай жасақталады және кәсіпорын пайдасы қалай өзгеретінін көрсетеді. Оған мына көрсеткіштер кіреді:
— өнім сатудан түскен түсім;
— өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығын;
— өнім сатудан түскен пайда;
— пайдадан төленген салық;
— таза пайда.
4. Актив балансында кәсіпорынның қолда бар өндіретін құрал-жабдықтар және олардың орналасуы көрсетілсе, пассивте олардың жасақталған көзі көрсетіледі.
Актив пен пассивтің жалпы балансы аса маңызды финанстық қүжат. Ол ішкі мүқтаждыққа пайдаланылса, сыртқы агенттер оны зерттеп кәсіпорыннын, жағдайын біледі.
Баланстан қанша қаражат активке сальшатынын және қандай пассивтен кәсіпорын қаржыландырылатынын көрсетеді.
Активтерге мына статьялар кіреді:
— касса (немесе қолда бар ақша);
— есеп айыру шоты;
— банкідегі басқа шоттар;
— қүнды қағаздар;
— тауар-материалдық қорлар;
— негізгі капитал;
— материал емес активтер.
Пассив екі бөлімнен тұрады:
1) қарызға алынған қаржылар:
— қысқа мерзімді несиелер;
— қысқа мерзімді бере жақтар статьялары;
— ұзақ мерзімді қарызға алынған капитал.
2) кәсіпорынның өз қаражаттары:
— акционерлік капитал (уставный);
— резервтер және корлар;
— жинақталған пайда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *