Өндіріс жоспары

Өндіріс жоспары

 Өндірістік жоспар. Бұл бөлімді өндіріспен тікелей шұғылданатын кәсіпкерлер жасақтайды. Басты мақсат -потенциалды серіктестерді, болашақ инвесторларды шандыру үшін кәсіпкер қандай мөлшерде, сапалы, қажетті мерзімінде жаңа тауар шығара алатынын көрсету керек. Бизнес-жоспар мына сұрауларға жауап беруі тиіс:

— тауар өндіру жұмыс істеп тұрған кәсіпорында өндіріле ме, әлде жаңа өндірістік қуат жасақтау керек пе? Өндіріске қандай құрал жабдықтар керек? (негізгі машина, т.б. құралдардың станоктардың тізімі, саны және оның қысқаша сипаттамасы);

— керекті құрал-жабдықтарды қайдан алады? Жабдықтаушылармен алдын-ала келісім шарт бар ма?

— тауар өндіруге кооперациялану керек пе? Әлде тауар өндірудің барлық операциясын өзі жасай ма?

— егер кооперациялану керек болатын болса, ол жағдайда кіммен бірігу жөнінде келісім бар? Оның қоятын шарты келісуге тұрарлық па?

— шикізат, материалдар, іріктеп жинақталатын құралдар қайдан алынады? Оған жабдықтаушылармен келісім бар ма? Бағасы қандай?

— өнімнің сапасын бағалау қалай ұйымдастырылады? Бақылау құрал-жабдыктары бар ма? Оны игерген мамандар бар ма?

 Өндіріс қалдықтары бола ма? Болса оны қалай пайдаға асыруға болады? Шығатын жалпы шығын қавдай болуы мүмкін? Өнімнің бір данасына шығын қанша болады? Олардың болашаққа динамикасын келтіру. Бұл бөлімнің мәліметін 2-3 жылға келтіру керек.

 Өндірістік жоспардың маңызды элементі технологаялық схема — онда қайдан, қалай шикізат, құрал-жабдықтар қай цехтарға, қандай ретпен түсінетінін көрсету, ол қалай өңделеді, әзір өнім — тауар қайда түседі т.б. Технологиялық схема жасағанда оның рационалдығын, еңбек ақылығынын, уақытты, материалдардың шығынын қалай қысқартатындығын көрсету, сонымен бірге өндіріс барысында өнімдердің ассортименттерін өзгерту мүмкіндігін ойластыру керек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *