Бәсекелестік
Бұл бөлімнің мақсаты – бәсекелестік күрестегі тактиканы таңдауды жеңілдету және қателіктен сақтану. Қателіктерге кіретін басты мәселе аса қаныққан нарыққа ену әрекеті. Бәсекелестіктердің іс-әрекетін терең талдау, стратегияны өзгертіп, күнделікті іске өзгерістер енгізуге мәжбүр етеді. Бұл бөлімде инвесторларға, потенциалды серіктестерге өнімнің сатуға түсетін нарығы жөнінде, ондағы бәсекелестер туралы толық мәлімет берілуі керек.
Олар мынандай сұрақтарға жауап береді:
— ұқсас тауарларды шығарушы ірі өндірушілер кім? Олардың іс жағдайлары тұрақты ма? Өрлеуде ме, әлде төмендеуде ме?
— Бәсекелестіктердің сату көлемі қандай? Табыстары, сервис жағдайы? Жаңа техниканы енгізу дәрежесі?
— Жарнама жағдайы, оған шығатын шығын;
— Бәсекелестіктердің тауарының сапасы. Дизайн, ассортименті, тұтынушылардың пікірі, тауардың артықшылығы;
— Бәсекелестіктердің өнімнің баға деңгейі және олардың баға саясаты.
Бәсекелестіктерді дұрыс бағалай білуі керек. Олардың стратегиясындағы олқылық және басым жақтарын білу іске сәт береді.