Бизнес-жоспарлау пәнінің мәні және міндеттері

Бизнес-жоспарлау пәнінің мәні және міндеттері

 Белгілі бір мақсатқа жету үшін жасалынған әрекеттің реттелінген үлгісін «жоспар» деп атайды, демек жоспарлау дегеніміз-жаңа мүмкіндіктер арқылы мақсатты әрекеттерді біріктіру барысындағы жаңа жол мен әдістерді іздеудегі үздіксіз процесс.

 Қандай да болмасын кәсіпорының басшысы әр уақытта да таңдаудың қажеттілігін сезінеді. Ол өткізу бағасының орынды болуын таңдайды, кредит алу жолдарын және инвестициялық саясатты қалай жүргізу керектігін шешу және көптеген мәселелерді шешуіне тура келеді. Экономикалық негізделген шешімді қабылдауға мүмкіндік туғызу үшін, кәсіпорында барлық ұсынымдардың есебі шығарылып және талданады, экономикалық іс-әрекеттердің болашақта алынатын қорытындылары қорытылып жазылады. Көптеген кәсіпорындардың басшылары (әсіресе шағындары) «бет алды жоспарлау» арқылы көп уақытты алудың қажеттілігі шамалы деп (яғни барлық іс-әрекеттерді қағаз бетіне түсіріп жатпай-ақ), экономикалық жағдайят аяқ астынан өзгеріп жататындықтан үнемі бірінші алынған әрекет жобаларына өзгертулер мен қосымшалар енгізіп жатуға бара бермейді.

 Сөйтіп, басшылардың бүл бөлігі экономикалық озгерістердің жиі болуына қарай, уақытты барлық әрекеттерін қағазға жазғанынан гөрі ойда сақтап түруға да болады деп есептейді.

 Бірақ ғалымдар, сол сияқты ірі кәсіпорындардың басшылары жоспарлауды ең жоғарғы іс-әрекеттің реттілігіне санап, жәй болса да (формальды жоспарлау) жоспарлап жазып қоюдың жөні бөлек екендігіне бас үрады:

— кәсіпорын басшысына алдағы уақытты ойлауға көмектеседі;

— кәсіпорнның қолға алған іс-әрекеттерін анық үйлестіруге жағдай жасайды;

— іс-әрекеттердің мақсатты көрсеткіш жүйелерін жасап, оны бақылауға мүмкіндік береді:

— кәсіпорнын аяқ астынан болып қалатын нарықтық өзгерістерге дайындайды;

— барлық лауазымды адамдардың міидетті жүмыстарын өзара ойланыстырады.

 Сөйтіп, жоспарды іске асыру барысында сыртқы ғана емес, ішкі жағдайлардың өзгеруіне қарай өзгеріліп жатса да, жоспарды жасаудың қажеттілігі бар, ал жоспарлаудың езі үнемі өзгертулер мен түзетулерге толы болады. Егер біз келешекте бола қалатын жағдайдан кәсіпорнының қалыпты іс-әрекеті бұзылмауы үшін іс жоспар керек болады.

 Жоспардың түзетілу мүмкіндігі үйреншікті іске айналуы қажет. (Адаптация — үйрену) — Бұл — кәсіпорнының өзгеріліп тұратын жағдайға үнемі үйреніп алу — жоспарлаудың ең басты проблемасы.

 Жоспарды белгілі бір адамдар жасайтын болғандықтан, оның сапалы болуы оны жасаушы адамдардың білімі мен ақыл-ойларына байланысты болады.

 Экономикада әр уақытта бір кәсіпорнының «енуі» және басқа біреуінің «тууы» процестері шулы болып өтеді.

 Дегенмен, тәжірибеде барлық кәсіпорындар инвестицияларды тарту проблемасына тап болады (ақша қаржыларына), өйткені өзінің жаңа тауарды шығару үшін әдетте қаржысы жетпейді — кредит алуына тура келеді.

 Нарықтық экономикада, әлеуетті инвесторларды кредит өсіруге көндіру үшін «бизнес-жоспар» жасалады. Жақсы жасалынған бизнес-жоспар кәсіпорнына өсуте көмектеседі, рынокте жаңа бағыттарға ие болуға көмектеседі. Бұл — үнемі әрекетте болатын құжат. Бұған өзгертулер, қосымшаларді.і кәсіпорны ішінде, сол сияқты сырттағы жағдайларға қарай жасай тұрады.

 Бизнес-жоспардың ерекшелігі — стратегиялық құжат ретіндс

— кәсіпорнының нағыз қаржылық мүмкіндіктеріне қарип міндеттерді қоюындағы біркелкілігі болады. Мұндай жоспар толып жатқан маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды

— кәсіпорынның даму бағытының экономикалық тиімділігіи дәлелдеу;

— іс-әрекеттердің күткен қаржылық нәтижелерінің есебі (ең алдымен, капиталдың салымынан сату көлемі, алынатын пайда, кірістер);

— таңдап алынған стратегиялардың жүзеге асуынап қаржылаиуға белгіленген көздерді анықтау;

— осы жоспарды іске асыра алатын жүмыскерлерді таңдап алу.

 Бизнес-жоспар тек ішкі жүмыстарға ғана пайдаланатыи құжат емес, мұны сондай-ақ инвесторларды және кредиттерді тарту үшін пайдаланады. Инвесторлар үшін бизнес-жоспар қысқа түрде ғана («резюме») жасалады, осы жасалғаннан жобадаи ыағыз шындықты және іске асыру жолының тиімді екенін көруі керек.

 Бизнес-жоспардың жасалуындағы бірінші қадамы болатын:

— кәсіпорнының дамуының мақсатын анықтау. Мысалы, егер кәсіпорны шығаратын өнімнің ассортиментін өзгерткісі келсс (қазіргі жағдайда көптеген біздің кәсіпорындарына тән нәрсе), онда оның мақсаты негізінен жаңа өнімді игеру мерзімін қысқартуға садды, шығаратын өнімнің көлемін өсіру, рынокқа тезірек кіріп, ескі өнімдерді ығыстыру.Келесі бөлімде инвесторға қажетті шығарылатын өнім және оны өткізетін рынок туралы мәліметтер беріледі.

 Кәсіпорын сатуға беретін бизнес саласы мен өнімдерді, саланың сипаты мен шығарылатын тауар (немесе көрсетілетіи қызмет) үшін рыноктың коньюктурасын толық жазу қажет болады.

 Мұнан кейін бұл жобаның бәсекеге тұрақтылығын дәлелдейтіндей етіп, инвесторды сендіруге мүмкіндік жасау керек. Бұл бизнес-жоспардың ең маңызды бөлімі болып есептеледі, өиткені кәсіпорын тек тауарды өткізіп қана қоимай, ары қарай тұтынушылар мүдделеріне сай қалай істерін дамытатындығын (жаңа тауарлар жасау бағдарламасында енгізіледі, технологияны қалай жаңартудың негізгі принциптерін, баға саясатын да қамтыйды).Бизнес-жоспардың маңызды күнтізбелі (календарлық) жоспар болады, мұны венчорлік кесте» деп атайды. Мұнда басты құбылыстардың уак,ыты және өзара байланыстылықтары көрсетіледі де, жобаның иіуін қамтамасыз етеді. Календарлық жоспардан бөлек, жобаны «енгізудегі жүмыстардың уақытыы көрсететін, ай сайынғы кесте дайындалады (жауапты адамдарды көрсете отырып).Календарлық жоспарда мүмкін болып қалатын қателіктердің себептерін көрсету қажет, егерде олар материалдық және ақша ресурстарына түзетулер енгізуді талап еткен жағдайда. Қандай да болмасын жаңа жұмыстардың дамуы кезінде шыға қалатын проблемалар мен тәуекелділікке баруды ерекше түрде баса айту мжет.Соңғы бөлімде, бұл жобаны кімнің және қалай қаржыландыратынын түсіндіреді. Мұны негіздеп дәлелдеу үшін, 5 жыл мерзімге) үш базистік болжамдар дайындалуы керек:

а) пайда мен шығын болжамы;

б) ақша тасқындарын бөлу жобасы;

в) әр жылдың басы мен аяғындағы бухгалтерлік баланс жобасы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *