Тайга. Еуразия тайгасының флорасы

Тайга. Еуразия тайгасының флорасы.                      

   1.Жалпы тайга флорасына   сипаттама.

2.Тайга өсімдіктерінің салыстырмалы  ерекшеліктері.

3.Еуразия мен Солтүстік Америка тайгасының  флорасы.

 

1.Жалпы тайга өсімдіктеріне сипаттама.

  Тайга—қылқан жапырақты орманды ағаш өсімдіктер жапырақтары қабыршақ, ұзынды, жіңішке, ине тәріздес, ішкі механикалық клеткалары жақсы жетілген ағаш,бұта өсімдіктерден құралған. Жер шарында географиялық таралу жағынан- Европа, Солтүстік Азия, Солтүстік Америка, Қиыр Шығыс, Солтүстік Евразия,Солтүстік Америка жерлерінде орман құрап тұрған жерлерді ТАЙГА деп атайды.Жылына 1-4 ай шамасында 10 градус жоғары температура, орташа жылдық температура 10-19 градус , қыста Сібірдегі –  ең суық    -52 -70 градус  температураға жетеді. Өсімдіктердің вегетациялық периодтары  да  қысқа, ылғалдылыққа , жылылық,  суыққа  байланысты  жазда  жасыл  орман алқабына  қарағанда,  қылқан  жапырақты  орман  солтүстікке  қарай  ығысқан.  Тундра  мен  шекаралас  жерлерде  тек  қылқанжапырақ  ағаш  өкілдері  ғана  өседі. Тайга топырағында аэрациясы тежелген, күлгін  түсті, батпақты жерлері  көп, тек  осындай  эдефикалық  факторға бейім өсімдіктер ғана өсе алады.Қылқан жапырақты орман ағаштары ылғалды да,суық территория жерінде өседі.

 2.Тайга флорасының салыстырмалы  ерекшеліктері.

  Қылқан жапырақты орманның басқа зоналардағы өсімдіктерге ұқсамайтын,тек өзіне тән ерекшелігі бар.Тайга жерінде жалпақ жапырақты ағаштар өкілі өспейді,өсімдік ағаш түрлері де 1—2,көп емес,яғни,ағаш түрлерінің көп болмауы да тайгаға тән құбылыс. Тайгада орман ағаштары  бір- екі ярусты ; бұталы  ярус  нашар жетілген , ал ең  төмендегі  топырақ  жамылғы  шөптесін  қалың, әсіресе  мүк  жапырақ  бетін  түгел  жауып  жатыр  деуге  болады.  Жоғарыда көрсетілген тайга  ерекшеліктері – егер  орман  ағаштары – шырша, майқарағай ағаштарынан  құралып  күн  сәулесі өтпейтіндей  көлеңкелі  болатын  болса – қара  орманды  тайга  деп , егерде  орман – қарағай, балқарағай  ағаштары қурап  жерге – топыраққа  айтарлықтай  көлеңке  түсірсе – жарық  орман  деп  аталады. Жалпы  тайга  жер бетінде  үлкен  аумақты  алып  жатқандықтан ,   негізінде  тайга  орманы  20 – 30 түрлі ағаштар түрінен  құралған.

   Европа – Сібір  тайгасы  ағаш  түрлеріне  кедейлеу  болатын  болса , Солтүстік  Америка , Шығыс  Азия / Қиыр шығыстан  Жапонияға  дейінгі / жерлерін  қылқан  жапырақты  ағаш  өсімдіктер  түрлері  көбірек. Солтүстік Америка , Шығыс  Азия  жерлеріндегі  ағаштар   үштік  дәуірден  сақталған.

   Тайга  қылқан  жапырақты  орман  Евразияның , Американың , Атлант  мұхиты  мен  Тынық  мұхитын  орай ,  біртатас  массив  тек  мұхит  суы  ғана  бөліп  тұр.  Евразияда барлық  қылқан  жапырақты  орманның  55%  қара орман өкілдері / шырша, самырсын , майқарай / жарық  орман / балқарағай , қарағай / кішкентай  жапырақты / қайың  көктерек /. Қылқан  жапырақтардың  төменгі  белдеулерінде / қара  жидек , ит  бүлдірген , қызамық /, батпақты  жерлерде – муктер , сфагнум /.

3.Евразия мен Солтүстік Америка тайгасының  флорасы.

    Евразия  зонасы  қылқан  жапырақтардың орналасуы  түр  жағынан  да  Солтүстік  Америкаға  қарағанда  кедейлеу. Евразияның  көп  жерлерінде  бір  ғана  түр / монокультура / үлкен  аумақты  алып  жатыр. /шырша – ель европейская , балқарағай – лиственница сибирская , даурская /.

         Төменгі  белдеулерде – бересклет , ұшқат , қарақат , аралия , лиандар , жүзім / Амур  және  Тунберге / , ампелопис, лимонник , аристология , шөптесін  өсімдіктерден : майсаумалдық /майник двулистный /, эндем – женьшень , аризема турлері ,Джефферсония/Джефферсония сомнительная/.Джефферсония Евразия жерінде бір ғана түрі өседі,қалған түрлері солтүстік Америка жерінде.

       Тайга үлкен аумақты алып жатқандықтан қылқан жапырақты ағаштардың да өсу,топталып өсу,түрлеріне,жерінде байланысты өсу ерекшеліктері болуы тән қасиеттері;сондықтан ,ландшафтына ,доминантына,

Кронасына қарай өз ерекшеліктері бар;шырша,майқарағай кронасы конус тәріздес ,Сібір майқарағайы жоғарғы жағы үшкір ,қарағай кронасы эллипс,шар пішіндес.Орманды алқап болғандықтан Евразия жерінде үлкен бір алқапты тек қана бір қылқан жапырақты/монокультура/шырша,қарағай немесе балқарағай өкілі өсіп тұруы да мүмкін.

        Жапыраақтарының орналасу тәртібіне байланысты,жапырақты жақсы көретін және көленкеде өсе беретіндіктен қара орман және жарық орман болып бөлінеді.Шыршалы тайганы өсіп тұрған жеріне,өсімдік бірлестігіне қарай бірнеше подзоналарға бөлінеді: 1. шыршалы және жасыл мүктер:а/ қызамық,қара жидек,саумалдақ өсіп тұрған жерлер.б/ жасыл мүктер.Мүктер өсіп тұрған жерді батпақты,ылғалы мол жерлер деп түсіну керек.2.Шыршалы—сфагнумды жерлер.Сфагнумда басқа  мүктер тәріздес батпақты жерлер белгісі/индикатор/.3.Шыршалы—шөптесін өсімдіктер өскен жер.Жер бетін қалыңдау өскен шөптесін өсімдіктер жауып тұрады.Сай-сала,арық,жыра,өзендерінің суы бар.4.Шырша,емен элементерімен аралас өскен жерлер орман жаңғағы,жөке ағашы/,шөптесін өсімдіктерден: бояушөп,адыраспан шөп,балшытыр,бұталы өсімдіктерден: қаражидек,итбүлдірген,қышқыл шөп, Сібір самырсыны,майқарағай өскен жерлер қара орман деп аталады да күн сәулесін төменгі жерге жібермейді,ағаш түбінде шөптесін өсімдіктер өспейді.

       Қылқан жапырақты ағаштардың орман құрып өсуі,жапырақтарының 5—6 жыл көлемінде түспеуі күн сәулесін жылдар бойы жібермеуі,қылқан жапырақтарының ағаш түбінде шірімей төселіп жатуы,ағаштардың биік болуы—төменгі ярустағы бұта,шөптесін өсімдіктердің өсуіне жол бермейді.Сондықтанда төменгі ярус өсімдіктері көбінесе вегетативтік жолмен көбеюі басым,менмұндалап,анық көрініп тұруы үшін гүлдері ақ болып келеді.Жылылықтың,жарықтың жетіспеуінен өсімдікте басқада мүшелері бейімделген.Жылу мен жарықтың жетіспеуінен /ылғалдылық артылып жатса да/эфемерлі,эфемероидты өсімдіктер жоқ?

       ЕВРАЗИЯ ТАЙГАСЫ.Солтүстікте Англияны,Скандинавия түбегі,ТМД,Солтүстік Жапония,дегенмен тайганың көп жерлері Россия территориясына батыста Карелиядан шығыстаЧукоткаға дейін созылып жатыр.Солтүстік Европа шыршасы/Piced abies/,кәдімгі қарағай/Pinus sylvestris/.Карелия жерінде де осы ағаш өкілдері өседі,тек шығыста қарай Печора өзеніне қарай жапырақтылар түрлері көбейе түсті.Қарағай,шыршадан басқа,орыс балқарағайы/  Larix rossica/Сібір шыршасы /Picea abovata/,Сібір майқарағайы / Abies sibirica /,Сібір қарағайы/Pinus sibirlca/.Батыс-Сібір жерінде де осы ағаш орыс балқарағайы өкілдері өседі.Европа шыршасы өспейді,оның орнына Сібір балқарағайы өседі.Шығыс Сібірде қылқан жапырақтар өкілдері түрлері өте аз,доминант болып даур балқарағайы/Larix gmelini/ кездеседі.Қиыр Шығыспен ,Солтүстік Жапония жерлерінде қылқан жапырақты тайга өкілдерінің түрі көбейе түседі.

        Евразия тайга полосасында доминант болып үлкен аумақты балқарағай өкілдері алады да,шыршалар мен қарағай өкілдері аз көлемде өсіп тұр.

        Балқарағай өсіп тұрған жерлердің де өз ерекшеліктері жетерлік. Балқарағай орманы құрғақта ,ылғалды да,тіпті батпақты жерлерде өсе береді. Құрғақта,құнарсыз топырақты жерлерде қыналы балқарағай,яғни ағаш түбі қыналармен жамылған,батпақты жерлерді де мүктер/сфагновые/балқарағай өсіп тұрған жерлерін сфагнум мүгі жауып тұр.Жалпы мұндай ерекшеліктер мәңгі мұз территориясында кездеседі.Балқарағайлы орманда бұталы өсімдіктер де жиі кездеседі: қайың/карликовая березка—betula nana/,қазанақ/багуьник болотный—ledum Palustre.Қандыағаш/ольховник/ Alnaster fruticosa/,шығыс сібір таулы жерлерінде рододендрон/рододендрон даурский—Rhododendron dahuricum/,самырсын/ кедровый стланник—Pinus pumila/

       Қарағайлы ормандар өкілі де құрғақты,батпақты жерлерде өсе береді:

1.құрғақта,құнарсыз топырақта—қарағай қыналармен селбесіп 2. ылғалды,

бірақ  құнарсыз жерлерде—қарағай ит бүлдіргенмен селбесіп 3.

ылғалдылығы жеткілікті мөлшерде құнарлығы  да бар—қарағай қышқыл

шөппен селбесіп 4.ылғалды,құнарсыз топырақ—қарағай қара жидекпен

селбесіп 5.батпақты,топырағы құнарсыз—қарағай мүктермен селбесіп 6.

құнарлы топырақта қарағай орман жаңғағы мен жөке,шалғынды жерлер 7.

құнарлы топырақ,су жағаларында—қарғай шөптесін өсімдіктермен селбе-

сіп тіршілік етеді.

 Тайгалық ормандарда—бұта, шөптесін өсімдіктерде көптеп кездеседі: қара жидек, итбүлдірген, Линния , қышқыл  шөп , жылқы шөп , майсаумалдақ , плаунның  көптеген  түрлері : Бұл  өсімдіктер  батпағы  жоқ, қылқан  жапырақты ормандарда  өседі.Көптеген орман  жерлерін  мүктер  басып  жатады: плауроциоум , гилокомиум , дикраниум, птилиум , родобриум . Батпақты  ылғалы  көп  жерлердегі өсімдіктер түрі  өзгеше : қазанақ, көкжелек, талдың  бірнеше түрлері, қоға, сфагнум  мүгі .  Батпағы мен ылғалы  азө  жерлерде  көкек мүгі/Polytrichum  commune/өседі. Құрғақта , биік жағалауларда  қылқан  жапырақты  ағаштармен бірге : вереск/ Calluna vulqaris/, аюқұлақ/ толокнянка – Arctos-tophlos uva-ursi/,мысық табан/ кошачья  лапка—Antenaria  dioica/,көде/осока  веришатниковая—Carex  ericetorum/,  қылқан  жапырақты  ормандарда  қыналар ,  түрлері  де: бұталы  қына  кладония/ Cladonur ranqiferia,С.Sylvatica,C.alpestris/. Қылқан  жапырақты тайга  ормандарының  енінің  өзі  көптеген  100 км  алып  жатқандықтан  оңтүстіктен  солтүстікке  қарай  ауа райы  суып  ылғалдылығы  да  көбейіп , топырақ құнарлығы да нашарлайды. Міне, осы  факторлардың  барлығы  да  өсімдіктердің  өсуіне , таралуына, дамуына  өз  әсерін  тигізеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *