Дәрілік өсімдіктер

Халықтық тәжірибе тірі және өзгермелі. Ол көне мәліметтерден ғана емес, соңғы бақылаулардан да тұрады. Қазірде де өсімдіктердің емдік қасиетін анықтап жатқан адамдар кездеседі. Халықтық тәжірибе медицинаны әрқашан толықтырып отырады. Бұл соңғы онжылдықтарда анық көрінді, қазір оны қателесу деп санамайды, керісінше терең зерттелуде деп қабылдайды. Бірақ зерттеуде асықпасақ, халық медицинасы жойылу алдында, онымен бірге еш жерде жазылмаған көп жылдық тәжірибелер жоғалады.

Бұл жолмен алынған мәліметтер көпшілікке қызықты. Енді ғана халықтан алынған мәліметтер, ғылыми медициналық тексерістен өтуі керек, содан кейін ғана дәрігерлермен науқасты емдеу үшін қолданылады. Халықтан жиналған мәліметтерді өзіне немесе туыстарына қолдану өте қауіпті.

Әдетте, дәрілік өсімдіктерді суреттеріне қарап зерттейді, әсіресе олар түрлі – түсті гүлдері болса, гербариіне қарап зерттейді. Бірақ тірі күйінде қарап зерттейді. Бірақ тірі күйінде қарап зерттеген дұрыс. Өкінішке орай, дәрілік өсімдіктердің біздің мемлекеттің жеке облыстарында таралуы туралы мәліметтер көп емес. Кеңес үкіметінің флорасы жалпы алғанда толық зерттелінген. «Флора СССР» көп томдық басылымында 17 мыңға жуық жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлері тіркелген. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктер туралы өте жақсы әрі толық таралған анықтауыштар көп. Олардың негізгілері әдебиеттерде келтірілген. Осы әдебиеттердің барлығында әр дәрілік өсімдіктердің КСРО-ның қай географиялық аймағында өсетіндігі көрсетілген. Жабайы өсімдіктердің зерттеу диапазоны өте кең. Дәрілік өсімдіктердің әртүрлі аймақтарда өнуіне көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, олардың биологиясына: гүлдеу уақытына, жеміс беруіне, көбеюіне, басқа өсімдіктермен байланысына, жылу сүйгіштігіне, ылғалға, топырақтың құрамына, өсу жағдайына да көңіл бөледі де, егер оларды шабатын, қазатын болса. Бұның бәрі жинау ережесін жасаған кезде яғни жоспарлағанда өте маңызды болып табылады. Себебі, белгілі бір ережеге сүйенбей жасалса, белгілі бір аймақта бағалы дәрілік өсімдіктердің жоғалуына әкеліп соғуы мүмкін. Дәрілік өсімдіктерді іздеуді жеңілдету үшін оларды өсімдіктің белгілі бір типіне жатқызу керек. Толокнянканы далалық аймақтардан іздеуге болмайды, себебі олар ол жақта өспейді және де шыршалықтарда да өспейді. Оларды ормандарда кездестіруге болады. Бірақ дәрілік өсімдіктерді табумен бәрі де аяқталмайды, оны қалай жинауды білу керек. Себебі дәрілік заттар көп болу үшін оны жинау ережесін білген дұрыс. Сонымен қатар жиналған затты сақтау мен кептіруді білу керек. Бұл процестің барлығы өсімдіктен дәрі жасамай тұрып, жүзеге асу керек. Жылдың әр мезгілінде өсімдікте дәрі ретінде құндылығын анықтайтын биологиялық белсенді заттардың мөлшері әртүрлі болады. Ереже бойынша өсімдіктердің жер үсті жасыл бөліктері – жапырақтарында, сабақтарында, әсер ететін заттар гүлдеу және жеміс берудің бастапқы кезінде көп мөлшерде болады. Толық пісіп жетілген кезде, жемісінде емдік заттардың барынша көп мөлшері болады, ал тамырында – күздің аяғында өсімдіктің жер үсті мүшелері солып қалғанда.

Шөптесін өсімдіктерді жинаған кезде өсімдіктің жер үсті бөлігін гүлімен қосып төменгі жапырақ жағынан орақпен орып алады. Кейбір биік өсімдіктерді жинағанда гүлдейтін жоғары жақтарын кесіп алады немесе гүлдейтін сабағын ғана сындырып алады. Жапырағы жоқ жуан сабақтарын алудың қажеті жоқ. Себебі оларда шипалық қасиеті бар заттар өте аз. Және мұндай шикізаттардан дәрі дайындауға болмайды. Егер жинайтын өсімдікте сабағы көп болса, оны кептіріп болған соң жапырағы жоқ сабақтарды тастайды. Мұндай әдісті көбінесе жұпаргүлге, түйежоңышқаға және т.б. қолданады (бұл өсімдіктедің барлығында сабақтары көп және оларда әсер етуші заттары жоқтың қасы) кейбір дәрі-дәрмектер тек «гүлдерден» ғана жасалады, біз бұл сөзді тырнақшаға аламыз. Себебі, бұндай атпен фармакогнозияда тек жеке гүлдерді ғана емес бүкіл гүлденуді атайды. Әсіресе күрделі гүлділерде, сонымен қатар гүлдің жеке бөліктері де қарастырылады. Гүлді гүлдеудің бастапқы кезеңінде жинау керек, гүл солу белгілерін қорсетпей тұрғанда. Бұл кезенде гүлдерде әсер етуші заттар көп болады, сақтау кезінде аз түседі, кебуді жақсы өткізеді және өздерінің нақышын жақсы сақтайды. Гүлдерді қолмен жинайды. Шикізат ретінде гүлдерін қолданатын өсімдіктер үшін ерекше жинау үлгісі бар. Гүлшоқтары ірі кейбір өсімдіктерді жинаудың оңай механизмі бар, арнайы қалақша және тырнауыштары бар қорапша жасайды (төменгі жағында ұстауышы бар). Тырнауышты гүлшоқтарына жақындатып әкеліп, тез жыдамдықпен жұлып алады, кейіннен ол қалақшаға түседі. Осылай мысалы, дәріханалық түймедақтың (аптечная ромашка) гүл шоқтарын жинайды.

Жемістері де жапырақтары мен гүлдері сияқты құрғақ ауа-райында жиналады. Олардың толық піскен кезеңінде қолмен сындыру арқылы жинайды. Шетен және тмин өсімдіктерінің жемістері зонтиктерінде орналасқандары күйінде жұлып алынады. Кейін кептіріп болған соң аяқшаларынан айырып алады. Жемісті қолмен тазалау арқылы алады. Шіріген жемісті алмайды. Көптеген нәрлі жемістерді (черника, таңқурай, бүлдірген) жинау өте қиын, ішінен матамен қабатталған корзинаға саламыз, жемістер бір-бірін езіп тастамас үшін әр қабатын жапырақтарымен жабамыз. Бұд кезде жемісті дәрі үшін жинап жатқанымызды ұмытпауымыз керек. Тамырын немесе тамырсабағын күзде немесе жаздың соңында өсімдік гүлдеп болған соң қазып алады. Осы кезде бұларда шипалық қасиеті бар заттар көп болады және олар үлкен, әрі ауыр болады. Тамырды жинау уақытын созып жіберуге болмайды, себебі, жапырағы мен жемісі түсіп біткен соң өсімдікті тану өте қиын. Кейбір түрлердің тамыры мен тамырсабағын ерте көктемде қазып алуға болады. Қазу үшін арнайы күрек болу керек. Дәрілік қсімдіктердің кез – келгенін кетпенмен де (тяпкамен) қарапайым күрекпенде қазуға болады. Тамырды қазу үшін күректі сабағынан 10 – 12 см алыс тереңдікке кірзізу керек. Сосын топырақтың қазылған жерін кеңейту үшін қозғау қимылдарын жасайды, сосын бір қозғалыспен қазылған тамыр мен тамырсабағын жердің бетіне алып шығарады. Тамырды сілкілеп топырағынан босатады сосын суға немесе кәрзинкаға тамырмен толтырып, суға салып қояды. Себебі су топырақтан тамырға жабысқан ұсақ тастарды жуады. Жуылған тамырларды таза шөпке, қаптарға немесе пергамент қағазға қойып кептіреді. Сосын тамыр мен тамырсабақты сабақтың қалдықтарынан тазалайды. Сонымен қатар тамырды зақымдалған немесе шіріген бөліктерінен тазалап, соңғы кептіру аймағына алып кетеді.

Дәрілік өсімдіктердің тамырларын ыстық сумен жууға болмайды, себебі осы кезде әсер етуші заттары жуылып кетуі мүмкін. Дәрілік өсімдіктерді жинау бұл тек жұмыстың жартысы, соңғы кептіру кезеңінінің де маңызы зор. Барлық дәрілік өсімдіктерді кептіру керек, оларды аптекаға немесе зертханаға, заводтарға беруге үйге сақтауға қатыссыз барлығын кептіру керек. Нашар қолайсыз жерде кептіру шикізаттың сапасына әсер етуі мүмкін. Егер ылғал өте ақырын кептірілген болса, ол екі нәрсеге алып келуі мүмкін. Егер клеткалар ұзақ уақыт бойы тірі күйінде болатын болса, оларда ферменттердің жұмысы жүзеге аса береді, ол әсер етуші заттарды жоғалтуы мүмкін немесе оларды керісінше улы заттарға айналдыруы мүмкін. Ал екінші жағынан өсуші массаның ұзақ сақталуы дымқыл кезінде микроорганизмдердің дамуына қолайлы болып келеді. Ал микроорганизмдердің дамуы шикізатты мүлдем құртуы мүмкін. Кептірудің ең қолайлы әдісі ең тиімдісі ол шатыр астында құрғақ желдету болып табылады. Әсіресе темір шатырда бүкіл терезелерін ашып тастап кептіру өте қолайлы. Егер мүмкін болса терезінің біріне кәдімгі бөлме вентиляторын қойып қоюға болады. Дәрілік өсімдіктерді шатыр астында кептіру міндетті емес. Кез-келген жел қағатын ғимараттар жарай береді. Мысалы, мектептің бос бөлмелері, сарай және т.б. кейде шикізатты күн түспейтін ашық ауада да кептіреді. Кептіру өте ұқыптылықты қажет етеді. Шикізатты құртып алмас үшін оны желден, жаңбырдан қорғау керек. Ең бастысы жапырағын, шөбін, гүлін, күнге кептіруге болмайды. Күн түскен кезде ол өзінің бояуымен әсер етуші заттарынан яғни құнды заттарынан айырылады. Құрамында алкалоид бар тамыр мен тамырсабағын күнде кептіреді. Ал құрамында гликозидтері бар тамыр пен тамырсабағын күнде кептіруге болмайды. Себебі құрамындағы гликозидтер ыдырап кетеді. Тамыр пен тамырсабағын бір күннің ішінде кептіріп алуға болмайды және мүмкін емес. Шикізатты түнде қалдырғанда оны шықтан қорғау үшін бетін бір нәрсемен жабу керек. Кептіру кезінде тамырларды күніне кетпенмен немесе күрекпен бірнеше рет аударып отыру керек. Жай кезде шикізатты 3 – 4 күнде кептіріп алуға болады. Оңтүстікте мұны тездетуге болады, ал солтүстікте оны кептіруге ұзақ уақыт жұмсалады. Жуан тамырларды кейде бірнеше апта кептіреді. Кептіру кезінде шикізатты қалдағалап, жоқ дегенде тәулігіне бір рет аударып тұру керек. Өсімдікті арнайы кептіргіште кептіруге болады, ал қарапайым партияларды духовкада немесе қарапайым орыс пешінде кептіруге болады. Орыс пешінде көбінесе шырынды (сочный) жемістерді: раушан, таңқурай және т.б. кептіреді. Жемісті пеш жағылғаннан кейін 2-3 сағаттан соң ғана кептіруге болады, себебі, оған дейін жеміс күйіп кетуі мүмкін. Пештегі температу 80 – 90оС болу керек. Жапырақты, гүлді пеште сирек кептіреді. Бұндай кептіруді егер ауа-райы өте қолайсыз болған жағдайда ғана жүзеге асырады. «Құрғақ ауалы жағдайға» дейін жақсы кептірілген шикізатта гигроскопиялық ылғалдың мөлшері 8-15% құрайды. Ол шикізаттың сапасына әсер етпейді. Жақсы кептірілген тамырлар шытынап сынады, сабақтары да сынуы керек. Нәрлі кептірілген жемістер қолмен қысқан кезде кесек-кесек болып қолға жабыспау керек. Кептірілген шикізатты дәріханаға береді. Өздеріне деп жиналған заттарды қағазға орап немесе мата қапшықтарда бірнеше жыл сақтауға болады. Өте көп сақталған дәрілік өсімдіктердің жапырақтарын, гүлдерін тіптен жақсы кептірілген болса да қолдануға болмайды, себебі уақыт өткен сайын олар қасиеттерін жоғалтады.

Дәрілік өсімдіктерді дайындаудың екінші бір жағын да ескерген жөн. Дұрыс жоспарланбаған және дайындықты ұқыпты, тиянақты өткізбеу жеке түрлерді ғана емес, кейбір жағдайларда түгелімен басқа түрлерді де өте үлкен апаттық жағдайларға ұшыратуы мүмкін. Шектен тыс ұрықтарды жинау, өсімдіктердің жер асты мүшелерін, тамырларын және тамырсабағын жинау өсімдік популяциясының толық жойылуына алып келеді.

Бұл қауіп ареалдарды шамалы (көлемі) сирек түрлерге ғана емес, қарапайым түрлерге де әсер етеді. Мұндай қиындықтардан шығу үшін, дәрілік өсімдіктерді дайындау барысында барлық операцияларды қатаң бақылау керек. Дәрілік өсімдіктерді жинауға денсаулық сақтау қажеттілігіне және жеке қолданысқа дайындау арнайы рұқсатпен және бұл жұмыстың техникасына сәйкес білімі болған жағдайда ғана рұқсат беріледі.

Қазақстандағы кейбір дәрілік өсімдіктерді жинаудың жылдық мөлшері туралы мәлімет (Егеубаева, Аверина 1999) № 1 кестеде келтірілген. Жалпы дәрілік өсімдіктің жер үсті мүшелерін тек ауа-райы құрғақ кездерде ғана жинайды.

Ескеретін нәрсе, шаң басқан немесе әртүрлі насекомдармен жарақаттанған немесе тат саңырауқұлақтарымен ауырған дәрілік өсімдіктерді жинауға болмайды.

Бүршіктерді ерте көктемде жинаған дұрыс, яғни наурыз (март) – суәр (апрель) айларында әрі таралмаған ісінген кезінде. Медициналық мақсатпен өсімдік қабықтарын тек жас бұтақтардан алған дұрыс. Шөптесін өсімдіктерді гүлдеген кезінде жинайды, оларды төменгі жапырақ деңгейінде кесіп алады. Жапырақтарды гүлдеу алдында немесе гүлдеу басталғанда немесе толық гүлдегенде жинайды. Өсімдік өліп қалмау үшін жапырақтардың көбісін жинамай қалдырады. Гүлдерді гүлдеу енді басталғанда жинаған дұрыс.

 

1-кесте

Қазақстанда жыл сайынғы дәрілік шикізат дайындау мөлшері (квота-нормасы)

 

Өсімдіктер түрі

Шикізат түрі (дайындалатын бөлігі)

Барлығы тонна

1

Аңдыз тамыр, айр- Acorus calamus – Аир

Тамырсабақ

3,5

2

Ақезу бәрпі – Aconitum leucostomum – борец белоустый

Шөп

100,0

3

Дәрілік жалбызтікен – Althaea officinalis – алтей лекарственный

Тамырсабақ

2,0

4

Етжапырақ бадан – Bergenia crassifolia – бадан толстолистый

Тамырсабақ

5,0

5

Қара мендуана – Hyoscyamus niger – белена черная

Жапырақтар

35,0

6

Қайың – Betula – береза

Бүршіктер, жас жапырақтар

2,5

7

Доланалар (Алматы, Жоңғар және т.б.) – Crataegus – Боярышник

Жемістер

20,5

8

Самарқан салаубасы – Helichrysum maracandicum – бессмертник самаркандский

Гүлдер

5,0

9

Түркістан валерианасы – Valeriana turkestanica – валериана лекарственная

Тамырлар

1,5

10

Жантақ – Alhagi – верблюжья колючка

Шөп

9,0

11

Кәдімгі адыраспан – Peganum harmala – Гармала обыкновенная

шөп

9,0

12

Шаян мойын таран – Polygonum bistoria – горец змеиный

Тамырсабақ

1,0

13

Бұрыш таран – Polygonum hidropiper – горец перечный

Шөп

3,0

14

Қызыл таспа – Polygonum aviculare – горец птичий

Шөп

4,0

15

Айланшөп таран – Polygonum percicaria – горец почечуйный

Шөп

2,0

16

Биік аңдыз – Inula helenium – девясил высокий

Тамырсабақ

9,0

17

Дәрі түйежоңышқа – Melilotus officinalis – донник лекарственный

Шөп

1,0

18

Кәдімгі емен – Quercus robur – дуб обыкновенный

Қабық

1,0

19

Кәдімгі жұпаргүл, киікшөп – Origanum vulgare – душица обыкновенная

Шөп

12,0

20

Тор жеміс тегеурінгүл – Delphinium dictyocarpum – живость сетчатоплодная

Шөп

2,0

21

Шілтержапырақ шәйқурай – Hepericum perfotum – зверобой продырявленный

Шөп

12,0

22

Бунге киікоты – Ziziphora bungeana – зизифора Бунге

Шөп

3

23

Кәдімгі аюқұлақ – Verbascum thapsus – коровк обыкновенный

Гүлдер

1,0

24

Қосүйлі қалақай – Urtica dioica – крапива двудомная

Жапырақтар

12,5

25

Дәрі шелна – Sanguisorba officinalis – кровохлебка аптечная

Тамырсабақ

1,0

26

Мықсыр рапонтикум – Rhaponticum cartamoides – рапонтикум сафлоровидный

Тамырсабақ

0,2

27

Жөке ағаш – Tilia – липа

Гүлдер

3,5

28

Шоңайна – Arctium – лопух

Тамырлар

4,0

29

Таңқурай – Rubus – малина

Жемістер

2,0

30

Кәдімгі өгейшөп – Tussilago farfara – мать-и-мачеха обыкновенная

Жапырақтар

3,0

31

Азия жалбызы – Mentha asiatica – мята азиатская

Жапырақтар

4,0

32

Итшомырт шырғанақ – Hippophae rhamnoides – облепиха крушиновидная

Жемістер

50,0

33

Кәдімгі бақбақ – Taraxacum officinalis – одуванчик лекарственный

Тамырлар

2,0

34

Кәдімгі жұмыршақ – Capsella bursa-pastoris – пастушья сумка

Шөп

2,1

35

Кәдімгі түймешетен – Tanacetum vulgare – пижма обыкновенная

Гүлдер

17,0

36

Таушымылдық —  Paenia – пион

Шөп және амырлар

3,0

37

Үлкен бақажапырақ – Plantago maior ­­­­­– подорожник большой

Жапырақтар

3,2

38

Ащы жусан – Artemisia absinthium – полынь горькая

Шөп

5,5

39

Түркістан сасықшөбі – Leonurus turcestanicus – пустырник Туркестанский

Шөп

3,0

40

Қызғылт семізоты – Rhodiola rosea – родиола розовая

Гүлдер

1,0

41

Дәрілік ромашка – Matricaria recutita – ромашка лекарственная

Гүлдер

1,0

42

Сібір шетені – Sorbus sibirica – рябина Сибирская

Жемістер

1,0

43

Жалаң мия – Glycyrrhiza glabra – солодка голая

Тамыр

40,0

44

Орал миясы – Glycyrrhiza uralensis  – тимьян маршаллиевский

Шөп

40,0

45

Маршалл жебірі ­– Thymus marschallianus – тимьян маршаллиевский

Шөп

4,1

46

Кәдімгі тмин – Carum carvi – тмин обыкновенный

Жемістер

1,0

47

Кәдімгі мыңдапырақ – Achillea millefolium – тысячелистник обыкновенный

Шөп

19,0

48

Кәдімгі цикорий – Cichorium intybus – цикорий обыкновенный

Тамыр және шөп

2,0

49

Лобель тамырдәрі – Veratrum Lobelianum – черемица лобеля

Тамырсабақ

2,0

50

Үштармақ итшоған – Bidens tripartite – череда трехраздельная

Шөп

4,5

51

Қаражидек – Vaccinium – черника

Жемістер

1,0

52

Үлкен сүйелшөп – Chelidonium majus – чистотел большой

 

 

53

Дала қырықбуыны – Equisetum arvense – хвощ полевой

Шөп

2,2

54

Кәдімгі құлмақ – Humulus lupulus – хмель обыкновенный

Жеміс шоғыры

0,9

55

Раушандар – (Rosa alberti, R.beggeriana, R.majalis) – шиповники

Жемістер

33,0

56

Жылқы қымыздық – Rumex confertus – щавель конский

Тамырлар

2,5

57

Қырықбуын қылша – Ephedra equisetina – хвойник хвощевой

Өркендер

800,0

58

Сиверс алмасы – Malus sieversii – яблоня сиверса

Жемістер

1000,0

 

Медицинада шырынды және құрғақ жемістерді пайдаланады. Одарды тек піскен кезде ғана жинаған дұрыс. Шырынды жемістерді таңертең ерте немесе кешке жинайды. Оларды жинағанда үлкен сақтықпен езіп алмай жинап, ішінде тартып-керіп қойған қалта немесе қабы бар себетке салады. Тез түсіп шашылып қалатын жемістері бар өсімдіктердің жемістерін жинағанда олардың гүлшоқтарын кесіп алып бауға (сноп) байлап көлеңкелі жерге жемістері пісіп жетілгенше іліп қою керек. Сосын сондай кептірілген бауларды өңдеп жемістерін алады.

Тұқымдарды піскеннен кейін жинайды, қыста зең (плесень) пайда болмас үшін шаңнан, әртүрлі қоспалардан тазартады, таза ауада кептіреді. Тамырлар және тамырсабақтарды күзде өсімдіктің жер үсті мүшелері сола бастағанда дайындайды.

Жерден күрекпен қазып алынған тамырларды және тамырсабақтарды сілкіп-сілкіп, тазалап жуып қағазда, матаға немесе таза жерге жайып кептіру керек.

Жалпы өсімдіктерді кептірудің 4 әдісі бар:

1. Табиғи, бұл жағдайда шикізатты қағаздың немесе матаның бетіне жайып қойып жиі-жиі аударып тұрады.

2. Көлеңке кептіру, бұл жағдайда жақсы желденетін жабық ғимараттың ішінде кептіреді. Табиғи нақыштары сақталады.

3. Күн түскен жерде кептіру, бұл жағдайда өсімдіктер қабығы, тамырлары, тамырсабақтары, тұқымдары және жидектері кептіріледі.

4. Жылулықта кептіру (қолдан жылыту арқылы), бұл жағдайда температураны реттеп тұруға болады, шикізат тезірек кебеді.

Дәрілік өсімдіктер түрлеріне байланысты әдебиеттерде олардың қайсысын қай мезгілде жинауға болатындығын көрсететін күнтізбесі болады (Мухитдинов Н.М. Паршина Г.Н. 2001). Сол күнтізбесіне байланысты жинау керек. Мысалы, кәдімгі емен (Quercus robur – Дуб черешчатый), ешкітал (Salix caprea – Ива козья) шипалық қасиеті бар бөліктерін қабығын наурыз (март) айында жинайды. Ал қотыр қайыңның (Betula pendula) және қара теректің (Populus nigra – Тополь черный) бүршіктерін сәуір (апрель) айында жинау керек. Қара аңдыздың (Inula helenium – Девясил высокий) тамырлардың тамырсабатарын; сасықтамырдың (Ferula foetida – Ферулла вонючая) түйнек-пиязшықтарын; кәдімгі бақбақтың (Taraxacum officinale – Одуванчик обыкновенный) тамырларын сәуірде (апрель) жинау керек. Ал дәрілік қырмызыгүлдің (Calendula officinalis – Календула лекарственная), орман құлайырының (Malva silvestris – Просвирник лесной) гүлдерін шілде (июль) айында жинау керек. Ал итшомырттың (Hippophae rhamnoides – Облепиха крушиновая) жемісін қарашада (ноябрь), кәдімгі аршаның (Juniperus communis – Можжевельник обыкновенный) бүрін-жидегін желтоқсанда (декабрь) жинау керек. Яғни, шипалы қасиеті бар ББЗ өсімдіктің қай мүшесінде жинақталады, олар қай кезеңде жақсы күйде болады, соған байланысты жылдың әр кезеңінде дәрілік өсімдіктер жиналады. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің қайсы түрлерін қай мезгілде жинауға болатындығы туралы біздің «Лекарственные растения» деген кітабымыздың (Мухитдинов, Паршина 2002) 288-301 беттерінде келтірілген.

Дәрілік өсімдіктер шикізаты құрғақ, қараңғы, таза жайда сақталуы керек. Әрине, дәрілік өсімдіктерді сақтау қағидасы техникалық талаптарға сәйкес болуы керек.

Өсімдік өркендерін, жапырақтарын, гүлдерін, бүршіктерін сақтау 2 жылдан аспауы керек, ал тамырларды, тамырсабақтарды және қабығын сақтау – 3 жылдан аспауы керек. Көрсетілген мерзімнен ұзағырақ сақтағанда дәрілік шикізат өзінің белсенділігін жоғалтады. Жалпы орташа алғанда шикізат шамамен 2 жыл сақталуы керек. Кейбір жағдайларда ол мерзімді қысқартуға немесе керісінше ұзартуға болады:

Улы және әсері күшті шикізаттар.

Эфир-майлы шикізаттар.

Жемістер және тұқымдар.

Бір-бірінен бөлек жеке жайларда сақталуы керек. Шикізаттар сөрелерде (стеллаж), қатарларда (штабель) сақталады. Сөрелермен еденнің арасы 25 см-ден кем болмауы керек. Қатарлар арасы 80 см-ден аз болмауы керек. Қатарларға шикізат атын, жиналған жылын, айын көрсетіп, этикетка жапсырып қою керек. Жайдың ішін және сөрелерді жыл сайын дәрілеп (дизенфекциялап) тұру керек. Әрине әдебиеттерде келтірілген дәрілік өсімдіктерді жинау күнтізбесін биологиялық тұрғыдан дұрыс түсінген жөн. Дәрілік өсімдіктердің бөліктерін жинау олардың вегетациялық өсіп дамуының ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Қандай вегетациялық күйде жинау ол ББЗ қай кезеңде мол жиналатына байланысты. Өсімдіктерді онтогенездік тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде дәрілік өсімдіктердің әрбір түрінің ең тиімді жинау кезеңдері анықталады. Әрине өсімдікті жинаудың нақтылы күнтізбесі мемлекетіміздің географиялық аймақтарына, климат жағдайларына бағынышты. Мысалы зире (carum – тмин) және жемістері оңай шашылатын өсімдіктердің жемістерін, тұқымдарын «шық» (роса) кеппей ерте таңертеңгісін жинайды, ал жер үсті мүшелерін керісінше «шық» кепкеннен кейін жинайды. Осыған байланысты дәрілік өсімдіктің әрбір түріне байланысты олардың шикізатын жинау ережесі бар.

Шөптер.

Табиғат жағдайында шикізат жинаушылар егер де өсімдік сиректеу кездесетін болса, оны пышақпен, ал егер де өсімдік көп – жиі топтала кездесетін болса – орақ, секатор арқылы жинайды. Егер өсімдік көпжылдық болса оны жер асты мүшелерімен қоса қопарып, жұлып алуға болмайды.

Жапырақтар.

Сағақтарымен, сағақсыз шикізаттың сипатына байланысты қолмен қыршып жинайды. Егер де шикізаты сабақсыз өсімдіктердің жапырақтарында (розеточные) болса, онда оларды пышақпен тамырына зақым келтірмей кесіп алады. Ірі шөптесін өсімдіктердің қос жапырақтарының тек ірі жақсырақ дамып жетілгендерін жинайды.

Гүлдер.

Гүлдерді жинау техникасы ол гүлдің мүшелеріне, орналасуына байланысты (жеке ме, жоқ әлде, гүл шоғы түрінде ме). Аюқұлақ (verbascum – коровяк) күлтелерін жай гүлдерден жұлып алуға болады; ақбадамның (sambucus – бузина) гүлдерін қалқан сияқты кесіп алуға болады. Дәрілік түймедағының (matricaria recutita – ромашка лекарственная) себеттерін (корзинка) қыршып жинауға болады. Дәрілік ағаш өсімдіктерінің гүлдерін, мысалы жөке ағашының (tilia – липа) гүлдерін сатыға шығып гүлдері бар өркендерін қайшымен кесіп алу керек.

Жемістер және тұқымдар.

Шөптесін өсімдіктердің құрғақ жемістерін және тұқымдарын, жер үсті мүшелерін орақпен кесуге болады. Жидектерді қолмен жинап алды. Шырынды жемістерді (шетен – sorbus – рябина, мойыл – padus – черемуха) соплодин түрінде (гүлшоғы) бақша секаторымен кесіп жинайды.

Тамырлар, тамырсабақтар, түйнектер.

Жер асты мүшелерін жинау үшін күрек, қайла (кирка), кетпен, шот (мотыга) арқылы топырақтан қазып алады. Аспапты таңдау өсімдіктің өскен жерінің топырақ ерекшеліктеріне байланысты. Мемлекеттік немесе жекеменшік шаруашылықтарда өсімдіктердің тамырларын, тамыр сабақтарын жинау механикаландырылған. Мысалы, мия тамырдың (glycyrrhisa uralensis – солодка уральская) тамырын ол өскен жерлерден топыраққа терең енетін соқаларды пайдаланып трактордың көмегімен қазып алады.

Қабық.

Өсімдікті шырыны қозғалысқа келген кезеңде жинайды. Өйткені бұл кезеңде қабықты ксилемадан оңай ажыратып алуға болады.

Жас ағаштар және бұталардың бұтақтарынан, діңдерінен бақша пышағымен жартылай шар немесе шар тәріздес көлденең бірінен-бірі 20-25 см қашықтықта кесіп – тіліктер жасайды. Сосын ең жоғарғы көлденең кесіктен бастап ұзына бойы 2-3 кесіктер жасайды. Соның нәтижесінде пайда болған қабық жолақтарын төменгі кесікке қарай тартады, бірақ оған жеткізбейді. Сол күйінде қабық жолақтары біраз уақытқа қалдырылады. Шамалы солып, кебіңкірегеннен кейін сыпырып алады.

 

Бүршіктер.

Әртүрлі әдістермен жиналады:

— Қарағай (Pinus) бүршіктерін коронканың астынан кесіп жинайды.

— Қайың (Betula) бүршіктерін әдетте сыпырғы дайындағанда бұтақтарды кесу арқылы жинайды.

— Теректің (Populus) бүршіктерін бұтақтардан ақырын жоғарыдан төмен қарап басу арқылы ажыратып алады.

Осылайша шикізат ретінде жиналған өсімдіктің мүшелерін алғашқы өңдеуден өткізу қажет. Олардың барлығы әртүрлі қоспалардан тазартылады. Содан кейін кептіруге дайындалады.

Қалай кептіру керек екендігі туралы жоғарыда айтылды.

Кептірілгеннен кейін дәрілік шикізаттар стандарттық күйге келтіріледі. Яғни сапасы жағынан ГОСТ, ФС, ВФС стандарттарының талабына сай болуы керек. Дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасы мемлекеттік органдар бекіткен стандарттардың талабына міндетті түрде сәйкес болуы керек.

— ГОСТ дегеніміз бұл КСРО кезінде бекітілген мемлекеттік стандарт.

— ФС дегеніміз фармакопеялық статья.

— ВФС дегеніміз временная фармакопейная статья.

Бұл жоғарыда келтірілген талаптар біздің Қазақстанда күшін жойған жоқ. Өйткені дәрілік шикізат дегеніміз ол бүкіл дүниежүзілік маңызы бар нәрсе. Сондықтан оған қойылатын талап өте жоғары болуы керек. Яғни, халықаралық деңгейдегі талапқа сәйкес болуы керек. Дәрілік өсімдік шикізаты туралы фармакопеялық мақала жазылғаннан кейін оның ішіндегі шипалық қасиеті жоғары болып медициналық практикаға ендірілгендері Мемлекеттік Фармакопеяға ендіріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *