Жабық жарақатың биологиялық процестері

Жабық жарақатың биологиялық процестері

    

     Пайда болғаннан бастап жарда жазылу процесі басталады. Жараның айналасындағы әр түрлі патологиялық өзгерістер пайда болады. Олар сол жердегі қан айналасының, жүйке қызметінің өзгерістері, осыған байланысты. Биохимия және биофизикалық өзгерістердің әсерімен жара бірте – бірте өлі еттерден тазарып, қуысы ұлпаларға толып жазылады. Осы жараның басынан аяғына дейін болатын жазылу процесінің биологиясы дейді. Бұл процестің белгілері жараның екіншілік жетілуімен жазылғанда айқын байқалады да, ала жар бірінші жетілуімен немесе қабыршақтанып жазылғанда сыртқа белгісіз өтеді.

     Клиникалық белгілеріне қарай  Н.П.Пирогов жара процесінің үш сатысын айырады. 1) ісіну, 2) тазару, 3) грануляция сатысы. Цитологиялық және патологиялық өзгерістеріне қарай  Н.Ф.Камаев  жара процесінкелесі дәрулерге бөледі.

     1.Ерте пайда болған – мұнда қабынудың алғашқы белгілері біліне бастайды.

     2.Дегенеративтік – қабыну дәуірі.

     3.Регенерация дәуірі.

     И.И.Кузин үш кезеңі, регенерация, тыртықтану және эпителийлену кезеңін ажыратады. Жарадағы биофизика – химиялық өзгерістеріне қарай И.Т. Руфанов жара процесінің екі кезеңге бөледі. Гидротация кезеңі немесе жараның биологиялық өздігінен тазаруы, дегидротация кезеңі немесе регенеративтік қалпына келу кезеңі. Осы соңғы жіктелу ең қолайлы деп саналады [3,5].

     Гидротация. Бұл кезең жарада болатын морфо – биологиялық, биофизикалық-химиялық,  иммунобиологиялық  процестермен  өтеді. Басты өзгерістер қан тамырларының зақымдалуларынан басталады. Капиллярлардың қабы созылып, қанның белок бөліктері ұлпаның сыртына сүзіліп шығадй. Тотығу – қалпына келу процестері нашарлайды. Осы жердегі патологиялық процесстердің үдеуіне жүйке жүйесінің қалыпты қызметінің өзгеруіне байланысты. Осылардың әсерінен жараның, оттегімен қоректенуі төмендейді. Қан тамыры арқылы оттегі зақымдалған жердің торша аралығына қаннан шыққан белоктарман баиланысып торшаның өзіне толық жетпейді, сондықтан зат алмасуы толық тотықпаған заттар көбейеді.

    Көмірсутек алмасуының бұзылуынан сүт, пировиноград тағы басқа қышқылдар, белок алмасуы бұзылуынан – амин қышқылдары кетон заттары, майлар мен липидтер алмасуы бұзылғаннан – май қышқылдары көбейеді. Сөйтіп жараның ұлпаларында қышқыл заттар қөбейіп жергілікті ацитоз пайда болады.

      Егер қалыпты рН 7 – 7.1 болса ацидоз рН 6,8 – 6,9 кейде одан да төмендейді. Осындай ацидоз және микробтар  уыттары  лейкоциттердің фагозитоздық қасиетін төмендетеді, қырылуына себеп созылады. Өлген лейкоциттерден  протеолдық ферменттер бөлініп шығады. Осы ферменттердің және қышқылдардың әсерімен жоғарыдағы өлі еттер ыдырап, езіліп сұйық затқа айналады, осылай ірің пайда болады. Ірің жараның қуысынан жар толық тазарғанша ағады. Жардағы гитологиялық процестер физиологиялық белсенді заттардың жиналуына әсер етеді. Осымен қатар ұлпа сұйығында жараланған торшалардан шыққан К йоны көбейеді. Ол жараның ауырсынуын өршелендіріп, капилялляр қабырғаларының және торша мембраналарының өткізу қабілетін жоғарылатады. Осы жағдай жарға сұйық заттардың жиналуына  қосымша әсерін  тигізеді. Белок, май және көмірсулар ферменттердің әсерімен ыдырап, молекуларлы шоғырланып, жараланған жердің онкотикалық және осмотикалық қысымдары көтеріледі. Осындай  өзгерістер қан  мен лимфа айналасын нашарлатып, ұлпалардың өлі еттенуін үдейтеді. Жараның көлемі үлкейіп, оның қуысы өлі еттен және іріңнен жөнді  тазармаған жағдайда ұлғая түседі. Ұлпалар қосымша өлі еттеніп ірің көбейеді. Жараның іріңнен тазаруы қиындай, организмде іріңді резорбтикалық қызба немесе сепсис пайда болуы мүмкін. Осы айтылған биофизика – химиялық процестерінің әсерімен ол біртіндеп өлі еттерден, іріңнен толық тазарады. Осы уақыттан бастап жараның жазылуының  екінші кезеңі басталады [3,12].

    Дегидратация.Бұл кезең қабыну процесі бәсеңдейді, жараның айналасындағы домбығу қайта бастайды, жараның беті сәл дымқыл болып қызарып бүшіктелген ұлпамен қапталып тұрады. Кейіннен толық жазылғанда жараның беті тыртықталады. Осындай өзгерістеріне қарай бұл кезең екі сатыға бөлінеді. 1 – сатысы – гранулды сатысы, 2 – сатысы – эпидермис және тыртық пайда болу сатысы.

    Дегидратация кезеңінде жарадағы бірінші кезеңдегі патологиялық процестер бәсеңдеп, өлі еттерден тазарып, зат алмасуы қалыпты жағадайда өте бастайды.  Осығант байланысты қышқылдық та азайып, ұлпалардың ыдырауы азаяды Са йоны көбейеді. Ол қан тамырлары және торша мембраналарын тығыздатады. Эксудаттар және ұлпа аралық сұйықтарда регенерация стимуляторлары және нуклеин  қышқылдары көбейеді, олар белок құрастыруына қатысып, жазылу процестерін жеделдетеді. Осы процестердің әсерінен жараның қуысы жас дәнекер ұлпамен тоықтырылады. Кейіннен ол тыртыққа айналып беті эпидермиспен қапталады. Тотығу – қалпына келу процестері нашарлайды. Осы жердегі патологиялық процесстердің үдеуіне жүйке жүйесінің қалыпты қызметінің өзгеруіне байланысты. Осылардың әсерінен жараның, оттегімен қоректенуі төмендейді. Қан тамыры арқылы оттегі зақымдалған жердің торша аралығына қаннан шыққан белоктарман баиланысып торшаның өзіне толық жетпейді, сондықтан зат алмасуы толық тотықпаған заттар көбейеді 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *