Тамыр жүйесі мүшелерінің анатомиялық құрамы мен маңызы

Тамырлар жүйесі (сосудистая система) немесе жүрек-тамырлар жүйесі мен қан жасау мүшелері жануарлар организміндегі торшалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды (қоректік заттарды, оттегіні организмнің ұлпалары мен торшаларына жеткізу, зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдері мен көмірқышқыл газын бөлу мүшелеріне тасымалдау), гуморальдық реттелуді, дене қызуының реттелуін қамтамасыз етумен қатар, маңызды қорғаныс қызметтерін де атқарады.

Тамырлар жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімі — ангиология. Тамырлар жүйесі өз кезегінде құрылысы мен қызметі жағынан бір-бірімен тығыз байланысты және дамуы біртекті үш: қанайналым, лимфаайналым.

Қан айналым жүйесі қан тамырларынан, жүректен және олардың қуысымен үздіксіз ағып жататын сүйық ұлпа қаннан түрады. Қанды жүректен организмге алып шығатын ірі қан тамырларын артериялар (қызылтамырлар), қанды организмнен, керісінше, жүрекке алып келетін ірі қан тамырларын веналар (көктамырлар), ал артериялар мен веналардың аралығындағы тым жұқа қабырғалы

сурет. Қан және лимфа айналымдарының нобайы

1 — бастың капиллярлары, 2 — лимфа түйіні, 3 — көкірек өзегі, 4 — иық-бас артерия бағаны, 5 — өкпе капиллярлары, 6 — қолқа (аорта), 7 — артқы қуыс венасы, 8 — қабырғалараралық артериялар, 9 — лимфа тамырлары, 10 — бүйрек капиллярлары, 11 — алдыңғы қуыс вена, 12 — алдыңғы аяқ капиллярлары, 13 — оң жүрекше, 14 — өкпе артериясы бағаны, 15 — оң қарынша, 16 — өкпе веналары, 17 — сол жүрекше, 18 — сол қарынша, 19 — бауырдың капиллярлары, 20 — бауыр венасы, 21 — қақпалық вена, 22 — қарын капиллярлары, 23 — аш ішектер капиллярлары, 24 — жуан ішектер капиллярлары, 25 — жамбас-құйымшак, капиллярлары, 26 — веналар, 27 — артқы аяқ артериялары майда қан тамырлары

 

Жануарлар организміндегі қан тамырлары құрылысы мен атқаратын қызметіне байланысты: артериялар (қызылтамырлар), веналар (көктамырлар) және микроайналым арнасының тамырлары болып үшке бөлінеді. Организмнің үлкен қанайналым шеңберінде қолқа және артериялар арқылы жүректің сол қарыншасынан дене мұшелеріне оттегіге қаныққан артерия қаны, ал веналармен, керісінше, дене мүшелерінен жүректің оң жүрекшесіне көмір-қышқыл газына қаныққан вена қаны тасымалданады. Кіші қанайналым шеңберінде жүректің оң қарыншасынан өкпеге өкпе артериясы бағаны арқылы вена қаны, ал өкпеден жүректің сол жүрекшесіне өкпе веналарымен артерия қаны тасымалданады. Артериялар қанды жүректен организм мүшелеріне, веналар дене мүшелерінен жүрекке тасымалдайтын ірі қан тамырлары. Микроайналым арнасының тамырлары артерия тамырлары жүйесін вена тамырлары жүйесімен байланыстырып, организм мүшелеріндегі қан мен ұлпалар арасындағы торшалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды іске асыратын жұқа қабырғалы майда қан тамырлары. Тек, «ғажап торларда» ғана қан капиллярлары (қылтамырлар), артерияларды немесе веналарды (бүйректе, бауырда) өзара байланыстырады. Қан тамырлары мезенхимадан дамиды.

Артериялар (қызылтамырлар) — қабырғасының құрылыс сипатына байланысты эластинді, етті-эластинді (аралас) және етті қызылтамырлар болып үш топқа бөлінеді. Артериялар құрылысы жағынан түтікше мүшелер. Олардың қабырғалары үш қабықтан тұрады. Олар: ішкі интима, ортаңғы медиа және сыртқы адвентиция қабықтары.

Эластинді артерияларға қолқа мен өкпе артериясының бағаны жатады. Қанның жүректен жоғары қысыммен (150-200 мм сынап бағанасы) және үлкен жылдамдықпен (0,5-1,3 м/сек.) ағып шығуына байланысты аталған артериялардың кабырғалары қалың болып келеді және олардың серпімділік қасиеттері күшті жетілген. Ішкі қабығы интима екі қабаттан тұрады. Ішкі бетін астарлайтын эндотелий қабатын негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан жұқа эндотелиоциттер құрайды. Оның астындағы екінші эндотелийасты қабатын жіңішке талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасы түзеді. Бұл қабатта зақымдалған эндотелий қабатын қалпына келтіру қызметін атқаратын жас жұлдызша торшалар, макрофагтар, кейде аздаған ет миоциттері болады. Дәнекер ұлпасының аморфты заты гликозаминогликандарға бай. Ортаңғы қабығы медианы пішіні терезе тәрізді (фенстрлі) тесіктері бар 40-50 шақты эластинді жарғақтар кұрайды. Олар бір-бірімен өзара эластинді талшықтармен және қиғаш орналасқан миоциттер шоғырларымен қосымша байланысқан. Сыртқы қабығы адвентиция борпыл-дақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Оның коллаген талшықтары артерия бойымен ұзынынан орналасады. Адвентицияда артерияның қабырғасын қоректендіретін қан тамырлары мен жұмысын реттейтін жүйкелер болады.

Етті-эластинді артерияларға қолқа мен өкпе артериясы бағанының жүректен алыс жатқан ірі тармақтарын жатқызуға болады. Жүректен алыстаған сайын аталған тамырлар қуыстарындағы қанның қысымы төмендейді. Сондықтан, аталған кан тамырларында, олардың қабырғаларының серпімділігімен қатар, қосымша жиырылып, қанды әрі қарай айдап, жүрекке жәрдем беретін жиырылғыш құрылым пайда болады. Осыған байланысты артериялар медиасы құрамында эластинді жарғақтардың аралықтарында, сақина тәрізді орналасқан бірьңғай салалы ет ұлпасы миоциттерінің шоғырлары жетіледі де, аталған құрылымдар тең мөлшерде араласып жатады. Қалған қабықтары мен қабаттарының құрылысы эластинді артерия қабырғасының құрылысына ұқсас.

Етті артерияларға мүшелерге қан әкелетін қызылтамырлар немесе мүшелер ішіндегі артериялар жатады. Етті артериялардың ішкі қабығы интима үш қабаттан құралған. Олар: ішкі қабаты — эндотелий, ортаңғы қабаты эндотелийасты қабаты және сыртқы — ішкі

31 сурет. Етті артерия мен вена қабырғаларының құрылысы

1 — интима (ішкі қабығы), 2 — медиа (ортаңғы қабығы), 3 — адвентиция (сыртқы қабығы), а — эндотелий, б — ішкі эластинді жарғақ, в — медиадағы миоциттер ядролары, г — адвентициядан борпылдақ дәнекер ұлпасы торшаларының ядролары, д — тамырлар

 

Эластинді жарғақ. Ішкі эластинді жарғақ артерияның ортаңғы қабығы медиамен шектеседі. Медиа толығымен сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінен тұрады. Ортаңғы қабық миоциттері шоғырларының аралықтарында эластин талшықтарының торлары болады. Ірі етті артерияларда медианың сыртқы жағында сыртқы эластинді жарғақтың пайда болуы мүмкін. Адвентиция қабығында айтарлықтай айырмашылықтар болмайды.

Айта кету керек, организмдегі бүкіл артериялардың жиынтығын денедегі «шеткі жүрек» — деп те атайды. Себебі, бұл қан тамырлардың қабырғасында орналасқан эластикалық және ет ұлпалары қанның қозғалысына айтарлықтай үлес қосады.

Веналардың (көктамырлар) — қабырғалары да интима, медиа және адвентиция қабықтарынан құралған. Қанның қысымы (15-20 мм сынап бағ.) мен ағу жылдамдығының (10 мм/ сек.) төмендеуіне байланысты веналардың қабырғалары жұқа және қуысы кең болып келеді. Веналардың интимасында ішкі эластикалық жарғақ болмайды, яғни ол ішкі эндотелий және оның астындағы эндотелийасты қабатынан тұрады. Сонымен қатар, бұлардың интимасында тек жүрекке қарай ғана ашылып, қанның бір бағытта ағуына көмектесетін қақпақшалар (клапандар) болады. Қақпақшасыз веналардағы қанның ағысын, арнайы қысқыштар (сфинктерлер) реттеп отырады. Мұндай веналарды дроссельды веналар — деп атайды.

Көктамырлар ортаңғы қабығының құрылысына сәйкес, веналардың: етсіз және етті түрлері ажыратылады. Етсіз веналарға сүйек, көкбауырдың перделік, ми қабықтарының, көздің торлы қабығының, бауыр бөлікшелерінің орталық веналарын жатқызады. Бұлардың қабырғаларын негіздік жарғақта орналасқан эндотелий қабаты және оның сыртындағы жұқа талшықты дәнекер ұлпасы құрайды.

Етті венаның қабырғасында артериялар қабырғаларындағыдай интима, медиа және адвентиция қабықтары болады. Организмдегі орналасу орны мен ортаңғы қабығының кұрылысына байланысты етті венаның өзі ет қабығы нашар, орташа және жақсы жетілген веналар болып үшке бөлінеді. Ет қабығы нашар жетілген веналар дененің жүректен жоғары жатқан бөліктерінде және ас қорыту мүшелерінде кездеседі. Олардың медиасын дәнекер ұлпалық аралықтар арқылы жалғасып жатқан жекеленген миоциттер шоғырлары кұрайды. Жүректің деңгейінде жатқан дене мүшелері веналарының интимасы орташа жетіледі. Ең жақсы жетілген веналардың ортаңғы қабығы аяқтардың веналары қабырғасында болады.

Веналардағы қанның қозғалуына, олардың ортаңғы қабығындағы миоциттердің жиырылуынан басқа көкірек қуысы тері қысымының ішке соруы мен веналармен көрші жатқан бұлшық еттердің жиырылып, веналар қабырғаларына қысымы және қақпақшалар әсер етеді.

Микроайналым арнасының тамырларына тым жұқа қабырғалы жіңішке қан тамырлары: артериолалар (қызылтамыршалар), венулалар (көктамыршалар), қан капиллярлары (қылтамырлар) және артериола-венулалық анастомоздар (жалғамалар) жатады. Лимфа капиллярлары мен лимфа тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасымен қоршалған микроайналым арнасының тамырлары дене мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуін және керекті мөлшерде қанның қорлануын, олардағы торшалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасу мен ұлпалардағы артық сұйықтың ағып кетуін іске асырады.

Артериолалар (қызылтамыршалар) — арнасының диаметрі 50-100 м.км, етті артерияларды капиллярлармен (қылтамырлар) жалғастырып тұратын тым майда етті артериялар тарамдары. Олардың қабырғасы тым жұқа үш қабықтан: интимадан, медиадан және адвентициядан тұрады. Артериола интимасының өзін үш қабат: эндотелий, эндотелийасты қабат пен ішкі эластинді жарғақ құрайды. Ортаңғы қабығы — медиа 1-2 қабатта сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінен түзілген. Адвентицияны борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. И. М. Сеченов артериолаларды «тамырлар жүйесінің шүмегі» — деп атап, олардың организмдегі атқаратын қызметіне үлкен баға берген. Артериолалар артерия қанының капиллярлар арналарына таралу деңгейін реттеп отырады. Олардың қабырғаларындағы бір қабатта сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері жиырылып, босаңсып, артерия қанын керекті мөлшерде капиллярларға бөліп, қысқыш еттің, яғни «шүмектің» қызметін атқарады.

Жүрек (сердце) жануарлар организміндегі ішкі орта сұйық ұлпаларын қозғалысқа келтіретін орталық мұше. Ол көкірек қуысында, екі өкпенің аралығында солға қарай ығыса орналасады. Жүректің пішіні конус тәрізді. Оның жоғарғы жүрек табаны (негізі) — бірінші қабырғаның орта тұсында немесе иық буынының деңгейінде, ал төменгі жүрек ұшы (арех согdi) сол жақтағы 5-6 — ншы қабырғааралық кеңістікте, төссүйекке жақын орналасады. Жүректің алдыңғы дөңестеу жиегі үшінші, артқы жиегі алтыншы қабырғалар бойымен өтеді. Жүрек төрт бөлімнен тұратын етті-қуысты мүше. Оның қабырғасы үш: ішкі эндокард, ортаңғы миокард, сыртқы эпикард қабықтардан құралған. Жүректің сыртқы бетіндегі табанынан ұшына қарай ұзынынан өтетін оң және сол қарама-карсы жақтарындағы ұзынша сайлар  мен сол сайлар тұсында орналасқан ішкі ет перде жүрек қуысын: оң және сол бөліктерге бөледі. Бұл бөліктер жоғарғы жүрекшелерден және төменгі қарыншалардан  тұрады. Жүрекшелер қабырғаларынан сыртқа қарай қапшық тәрізді оң және сол жүрекше құлақшалары шығып тұрады. Әр бөліктегі жүрекше мен қарынша қуыстары бір-бірімен өзара оң және сол жүрекше-қарыншааралық (атриовентрикулалы) тесіктер арқылы қатысады. Аталған тесіктер жүректегі қанды жүрекше қуысынан қарынша қуысына қарай бір бағытта ғана ағызатын қақпақшалармен (клапандар) жабдықталған. Оң жүрекше-қарыншааралық тесікте оң атрио-вентрикулалы немесе үшжақтаулы қақпақша, ал сол жүрекше-қарыншааралық тесікте сол атрио-вентрикулалы немесе қосжақтаулы (митральды) қақпақша орналасады. Қақпақшалар жақтауларының ұштары сіңірлі желілер арқылы жүрек қабырғасындағы емізікше еттерге бекиді. Кақпақшалар жүрекшелер қуыстарынан қарыншалар қуыстарына қарай ашылады, ал кері бағытта жүрекше-қарыншааралық тесіктерді жауып, қанды қарыншалар қуыстарынан жүрекшелер қуыстарына өткізбейді. Оң жүрекшеге организмнен вена қанын алдыңғы және артқы қуыс веналар алып келеді. Оң жүрекше қабырғасы жиырылғанда, вена қанының қысымымен оң атриовентрикулалы (үшжақтаулы) қақпақша төмен оң қарынша қуысына қарай ашылып, вена қаны қарынша қуысына өтеді. Қанға толғаннан кейін, оң қарынша қабырғасы жиырылады да, қанның қысымымен оң атрио-вентрикулалы қақпақша оң жүрекше-қарыншааралық тесікті жабады. Вена қаны үлкен қысыммен оң қарынша қуысынан өкпе артериясы бағанына ағып өтеді де, өкпеге барады. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, вена қаны артерия қанына айналады. Оң қарыншадан өкпе артериясы бағаны басталатын тесік үш айшықты қақпақшамен жабдықталған. Бұлар вена қанын тек бір бағытта, яғни оң қарынша қуысынан өкпе артериясы бағаны арнасына қарай өткізіп, кері бағытта тесікті жауып, қанның артериялар арнасынан оң қарынша қуысына кері өтуіне мүмкіндік бермейді. Өкпеден артерия қаны 3-4 өкпе веналары арқылы жүректің сол жүрекшесіне құйылады. Одан артерия қаны сол атрио-вентрикулалы (қосжақтаулы) тесік арқылы сол карыншаға, одан әрі қолқа — аорта тесігімен қолқа арнасына өтеді. Қолқа тесігі де артерия қанын тек бір бағытта, яғни сол қарынша қуысынан қолқа арнасына қарай өткізетін үш айшықты қақпақшамен жабдықталған. Оң және сол атриовентрикулалы және өкпе артериясы бағаны мен қолқа арналары тесіктерінің негізін талшықты (фиброзды) сақиналар құрайды.

3 сурет. Сиырдың жүрегі А — сыртқы бетінің көрінісі, Б — жарылып көрсетілген

І — жүрек ұшы, 2 — ұзын сай қан тамырларымен, 3 — оң қарынша, 4 – оң жүрекше, 5 — тақ вена, 6 — артқы қуыс вена, 7 — өкпе веналары, 8 — өкпе артериясы бағаны, 9 — қолқа, 10 — сол қарынша, 11 — тәждік сай, 12 — тәждік артерия, 13 — сол құлақша, 14 — веналық қойнау, 15 — алдыңғы қуыс вена, 16 — иық-бас бағаны, 17 — тарақша бұлшық еттер, 18 — оң атрио-вентрикулалы қақпақша, 19 — көлденең бұлшық ет, 20 — қарыншалараралық ет перде, 21 — эндокард, 22 — миокард, 23 — эпикард, 24 — емізікше бұлшық ет, 25 — сіңірлі желі, 26 — қосжақтаулы қақпақша, 27 — айшықты қақпақша.

 

Жүрек жүрекшелері мен қарыншаларының ырғақты да, жүйелі қызметін жүректің жүйке-бұлшық ет жүйесі реттейді. Аталған жүйені қойнау-жүрекше және жүрекше-қарынша (посіиз аігіоүепіхісиіагіз) жүйке және бұлшық ет түйіндері, жүрекше-қарынша бұлшық ет түйінінен, яғни жүрекшелерден қарыншаларға қарай төмен бағытталған атриовентрикулалы бұдан және одан таралатын оң және сол аяқшалар құрайды.

Жүректің сол қарыншасынан қолқа арнасына өтетін артерия қанының 10%-ы жүрек қабырғасын қоректендіруге жұмсалады. Жүректің қан тамырларына: оң және сол тәждік артериялар мен үлкен, ортаңғы, кіші жүрек веналары жатады.

Жүректің жұмысын жүйке жүйесі вегетативті бөлімінің симпатикалық және парасимпатикалық бөліктері қосарынан жүйкелендіріп реттеп отырады. Симпатикалық жүйкелер жүректің бұлшық етін, оның қан тамырларын жүйкелендіріп, жиырылуын жиілетіп, жұмысын күшейтеді. Парасимпатикалық жүйкелер жүректің жұмысын „баяулатып, жиырылуын сиретеді.

Жүрек ұрықтық кезеңде эндокард мезенхимадан, миокард пен эпикард мезодермадан дамып жетіледі. Алдыңғы кезде екі түтікше болып қалыптасып, соңынан олар бірігіп жүректі құрайды.

4 сурет. Жүрекқаптың құрылысы— миокард, 2 — эпикард, 3 — перикард қуысы, 4 — перикард сірлі қабығының париетальды жапырақшасы, 5 — жүрекқаптың фиброзды қабаты, 6 — перикардиальды плевра, 7 — қабырғалық плевра (көкірек қуысы қабырғасының), 8 — көкірекіштік шандыр, 9 — көкірек қуысының қабырғасы, 10 — жүрекқап байламы, 11 — перикард сірлі қабығы париетальды жапырақшасынын жүректің эпикардына (висцеральды жапырақшасына) ауысқан тұсы

 

Қан айналым шеңберлері. Жануарлар организмінде кіші және үлкен қан айналым шеңберлері ажыратылады.

Кіші қан айналым шеңбері жүректің оң қарыншасынан өкпе арқылы жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның ағып өтетін жолы. Кіші қан айналым шеңберінде газ алмасу процесі жүреді. Жүректің оң қарыншасынан өкпе артерия бағаны арқылы көмірқышқыл газына каныққан вена қаны өкпеге әкелініп, өкпеде газ алмасу процесі жүреді. Қан оттегіні сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп, артерия қанына айналады да, өкпе веналары арқылы жүректің сол жүрекшесіне барады. Өкпе артерия бағаны  жүректен шамалы кеңейіп басталады. Бағанның бұл аймағын өкпе артерия бағанының қойнауы — деп атайды. Өкпе артерия бағаны жүректен шыққан соң, дорсокаудальды бағытта көтеріп, өкпе түбірі маңында оң және сол өкпе артерияларына ажырайды. Сол өкпе артериясы өз кезегінде екі: алдыңғы және артқы тармақтарға, ал оң өкпе артериясы төрт: алдыңғы, ортаңғы, артқы және қосымша тармақтарға бөлінеді. Аталған артериялар бронхтар тарамы бойымен тармақтала отырып, өкпе альвеолалары қабырғаларын шырмай орналасқан қан капиллярларына айналады. Альвеолалар тарамындағы ауа мен қанның арасындағы газ алмасу процесінен кейін, өкпеге әкелінген вена қаны оттегімен қаныққан артерия канына айналады. Артерия қаны өкпе көпіршіктері тарамындағы капиллярлар арқылы, осы қан капиллярларының бір-бірімен өзара қосылуынан түзілген өкпе веналарына (3-4) өтеді. Артерия қаны өкпеден өкпе веналары арқылы аттас артериялар бойымен кері бағытта жүректің сол жүрекшесіне әкелінеді.

Үлкен қан айналым шеңберінің артериялары. Қолқа (аорта) — үй жануарлары организмдеріндегі негізгі қоректендіргіш магистральды артерия. Ол омыртқа бағанының төменгі (вентральды) бетінің сол жағымен өтеді. Қолқа жүректен шыққан бойда, омыртқа бағанына қарай жоғары бағытталады. Жүректің негізі мен омыртқа бағаны аралығындағы қолқаның артқа қарай иілген бөлігін қолқа доғасы — деп атайды. Қолқа доғасынан қолқаның көкеттегі (диафрагмадағы) қолқа тесігіне — һіаіш аогіісиз — дейінгі бөлігін көкірек қолқасы — ал оның диафрагмадан кейін орналасқан құрсақ қуысындағы бөлігін — құрсақ қолқасы — деп атайды. Құрсақ қуысындағы құрсақ қолқасынан 5-інші және 6-ыншы бел омыртқалардың тұсында сыртқы және ішкі мықын артериялары таралғаннан кейін, құйымшақ аумағында құрсақ қолқасының жалғасы орталық құйымшақ артериясы — а. sасгаlia arteriа, ал құйрық омыртқалар аумағында орталық құйрық артериясы — деп аталады.

Үлкен қанайналым шеңберіндегі артериялық тамырлар жүйесі — қолқаның тармақтары.

Жалпы ұйқы артериясы (общая сонная артерия) — жануарлар денесінің бас аумағын артерия қанымен қамтамасыз ететін негізгі магистральды қан тамыры. Жалпы ұйқы артериясы иық-бас артериясынан ажыраған бойда кеңірдектің вентро-латеральды бетімен басқа қарай бағытталып, содан кейін оның дорсо-латеральды жағына көтеріледі. Жалпы ұйқы артериясын сыртқы жағынан иық-бас бұлшық еті жауып жатады. Иық-бас және төс-бас бұлшық еттерінің арасындағы мойындырықтық саймен, жалпы ұйқы артериясынан беткей жатқан сыртқы күретамыр (мойындық) венасы — ал жалпы ұйқы артериясының жоғарғы жағымен кезеген және симпатикалық жүйкелердің жалпы бағанының мойын бөлігі мен ішкі күретамыр (мойындырықгық) венасы — өтеді. Мойын аумағының алдыңғы жағында, жалпы ұйқы артериясынан төменірек көмекейдің қайтарма жүйкесі жатады.

Атлант-шүйде буынының тұсында жалпы ұйқы артериясынан миды артерия қанымен қамтамасыз ететін ішкі ұйқы артериясы ажырайды. Одан әрі жалпы ұйқы артериясының жалғасы  артериясы — деп аталады. Жалпы ұйқы артериясынан дененің мойын аумағындағы көршілес жатқан мұшелерге бұлшық еттерге, өңешке және кеңірдекке, оларды қоректендіретін майда артерия тармақтарын және қалқанша безге краниальды қалқанша артериясын бөледі. Краниальды қалқанша артериясы өз кезегінде қоректендіргіш артерия тармақтарын қалқанша безге, жұтқыншаққа және көмекейге бөледі.

Бүйрекүсті безі артериялары (надпочечные артерии) — көбіне бүйрек артериясынан ажырайды, бүйрекүсті безін тамырландырады.

Ішкі тұқымдық артерия (внутренняя семенная артерия) жыныс
бездерін қоректендіретін жұп қан тамыры. Еркек жануарларда бұл
артерия ен артериясы, ал ұрғашы жануарларда жұмыртқалық артериясы — деп аталады. Ен артериясынан өзегі аркылы өтіп, енді, ен қосымшасын және шәует жолын тамырландырады. Жұмыртқалық артериясы жатыр түтігі мен жатыр мүйіздеріне арналған тармақтар бөледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *