АРТЫҚ ТАМЫ

АРТЫҚ ТАМЫ– 19 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Атырау мен Арал теңізінің арасында, Үстірттегі «Көп там» деген ескі заманнан қалған қалашықтан 7 км жерде «Көп шейіт» деген зират ішінде. Артық тамы төртбұрышты, биіктігі 6, 24 м. Қабырғалары жергілікті ақ тастан екі қатар етіп қаланып, арасына балшық құйып бекітілген.

Құрылыстың маңдай алды Айша бибі кесенесіне ұқсас. Тастың бірқатары тікесінен қаланса, екінші қатары жалпағынан кезектестіріліп өрілген. Күмбезі де қосарлап шығарылған, киіз үй шаңырағындай сыртқы қабатын қашаған тастан қалаған. Артық тамының сыртқы көрінісіндегі ерекшелік – қабырғаның орта тұсына өрілген қазақ оюы. Төрт қабырғадағы төрт түрлі оюда ортақ үйлесімділік бар. Артық тамының терезесі төрт бұрышты. Қабырғаның ішкі жағындағы қазақ оюларының бояуы әрлі және түсін бермеген. Тас қашау жұмысындағы шеберлік, ұсталық, құрылыста жаңа түр табу және халықтың көркем оюын сәулет құрылыстарында тиімді қолдану Артық тамында көзге айқын түседі.Артық тамын қалаған Ділмағамбет ұста Есембетұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *