Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты

Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты

 
 
 
 


Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты
 – ядролық сынақ полигонына жақын орналасқан аумақтардағы тұрғындарға медициналық көмек көрсететiн және сәуледен кейiнгi зардаптардың әсерiн зерттейтiн ғылыми мекемеҚР Денсаулық сақтау министрілігінiң қарамағында.

  • 1957 ж. Семей қаласында ашылған. Алғашқыда арнайы медициналық мекеме №4 диспансер1965 ж. №4 сарыпқа қарсы диспансер болып өзгертiлдi.
  • 1991 жылдан ҚР Мин. Каб-нiң шешiмi бойынша қазiргi атымен аталады. Құрамында: клиник. радиология, статистикалық талдау және клиникалық эпидемиологиярадиоэкология және биология дозиметрия мен цитологиялық лаборатория, машинамен тiзiмдеу және сауықтыру жұмыстары, компьютерлiк бағдарламалау бөлiмдерi бар.
    Негiзгi ғылыми бағыттары: әр түрлi радиоэкологиялық жағдайларда радиациялық сәулеге ұшыраған Қазақстан тұрғындарының автоматтандырылған медициналық тiзiмiн жасауға; Қазақстанның бақылау аймағына кiретiн, ядролық сынақ аймағына жақын орналасқан елдi мекендерде мониторинг жүргiзу; радиациялық сәулеге ұшырағаннан кейiн байқалатын медициналық-демографиялық зардаптардың мөлшерi мен сипатына баға беру; радиация әсерiнен пайда болған жалпы соматикикалық және онкологиялық ауруларды емханалық-эпидемиологиялық бiрiздiлiкке түсiрiп, сол аурулардың даму ерекшелiктерi мен радиациялық қаупiнiң кең спектрi бойынша ұзақ мерзiмдiк сипатын бағалау үшiн когорттық зерттеулер жүргiзу; сәулемен ауырған адамдардың ұрпақтарын медицина-генетикалық зерттеуден өткiзiп, оларда байқалатын жалпы соматикикалық патологиялар мен радиация арасындағы байланыстың медциналық-демографиялық көрсеткiштерiне баға беру. Институт ғалымдары ЖапонияГерманияАҚШҰлыбритания және Ресей ғылыми-зерттеу инситуттарының ғалымдарымен радиациялық медицина және экологиялық қауiп-қатердiң адам организмiне әсерiн зерттеу жұмыстарын жүргiзедi. Институт ғалымдарының 10-нан аса әдiстемелiк ұсыныстары жарық көрдi
    .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *