Бронх демікпе терапиясының фармакоэкономикасы

Бронх демікпе терапиясының фармакоэкономикасы
Әлеуметтік саясат пен денсаулық сақтау сарапшы кеңесінің мәліметі
бойынша бронх демікпесімен ауыратын ауруларға көрсететін
медициналық көмек көрсету үшін жұмсалатын медициналық шығын
жылына 8,5 млрд. теңгені құрайды екен. Осы шығынның негізгі (66,6%) бөлігі стационарлық емдеуге, яғни ол асқынған ауруларды емдеуге жұмсалады. Бұл ретте асқыну қауіпін төмендететін және өмірдің жоғарғы сапасына мүмкіндік беретін препараттардың шығыны 21,5% ғана екен.
Бронх демікпесі – бұл тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруы,
оған тыныс жолдарына тыныс алуға (асқыну кезінде) кедергі келтіру тән.
Тыныс демікпесімен ауыратын ауруларды емдейтін дәрі-дәрмектерді
таңдауда оның болжамды тиімділігін және емдеу қауіпсіздігін ескеру қажет. Базистік терапия тек қана ауру белгілерін жақсы деңгейде бақылауды қамтамасыз етумен шектелмей, оның асқыну қауіпін төмендетуі де маңызды.
Тым арзан бірақ мөлшері жеткіліксіз базистік терапия медициналық
көмектің шығынын азайтып қана қоймайды, керісінше аурудың асқынуына
және ауруханаға жатуына байланысты жалпы медициналық шығындарды.
Демікпе ұстамасының пайда болуына өршітетін себептер
Тыныс демікпесімен ауыратын ауруларды емдеу сызбанұсқасын
таңдау:
 орташа және жоғары мөлшердегі ГКС ингалляциясын базистік
терапия ретінде және қысқа әрекетті ?2-агонист қажеттілігіне қарай
белгілейді (рутинная терапия);
 құрамдастырылған препараттар терапиясы (ингаляциялық ГКС
және ұзақ әрекеттегі ?2-агонистінің бір ингалятордағы бекітілген тәсіл
ретінде) және қысқа әрекеттегі ?2-агонистерді қажеттілігіне қарай
белгілейді;
 бекітілген тәсілдің белгіленуі (тағайындалуы): будесонид /
формотерол (Симбикорт) базистік терапия құралы ретінде және
қажеттілігіне қарай (біртұтас ингалятор режимі) белгілейді.
Нағыз аллергиялық факторлар –
қоздырғыштар – үй шаң-тозаңы,
өсімдіктер тозаңы және т.б.
Ауа райылық, маусымдық,
климаттық факторлар
Тыныс алу вирусты жұқпалы
аурудың болуы
Кейбір емдік заттардың болуы
Бақылаудағы зерттеулердің қорытындысының көрсетуі бойынша
демікпені құрамдасқан терапиямен емдеу оны иондық терапия күйіндегі
ингаляциялық ГКС-пен емдеуден неғұрлым жоғары екенін көрсетті.
Мысалы: ингаляциялық ГКС терапиясына формотеролды қосқанда
асқыну қатарын тағы да азайтуға және ауру белгілерін бақылауды ГКС
мөлшерін ең жоғары (4 рет) қолданғандағыдан да анағұрлым арттырады.
Симбикорт – біртұтас ингалятор режимінде тағайындалады, бұл
асқыну санын Серетидпен салыстырғанда 20-40%-ға азайтуға мүмкіндік
береді.
Екі бекітілген тәсілді қолданғанда — будесонид / формотерол
(Симбикорт) және салматерол / флутиказон пропионат (Серетид) екі
препараттың да тыныс демікпесінің ауру белгілерін бақылауды шамамен
бірдей қамтамасыз ететінін қорытындылайды.
Бекітілген тәсілдерді (әрекеттерді) қолдану ГКС ингаляциясы мен
ұзақ әрекеттегі ?2-агонистерін жеке қолданғанға қарағанда анағұрлым
жоғары терапевтикалық әсер етеді.
Бронх демікпесін емдеудегі будесонид / формотерол және салматерол
/ флутиказон дәрілерін қолданғандағы фармакоэкономикалық баға беруді
қарастырамыз.
Есептер
Емдеу курсының құнын бағалау будесонид / формотерол және
салматерол / флутиказон;
Бронх демікпесінің асқынуына байланысты тікелей медициналық
шығындар құнын бағалау;
Бронх демікпесін емдеудегі будесонид / формотерол және
салматерол / флутиказон дәрілерінің – шығындардың тиімді көрсеткішін
«тиімді-шығын» тәсілімен есептеп шығару.
Мәлімет
Есептеулер тыныс демікпесі ауруымен ауыратын бірнеше қатар
топтағы ауруларға кездейсоқ көзсіз жорамалмен клиникалық зерттеулерді
Дания, Финляндия, Германия, Норвегия, Швеция және Нидерланды
елдерінің емдеу клиникаларында R. Aalbers et al. жүргізген қорытындылар
бойынша негізделген.
Зерттеуге орташа-ауыр және ауыр жағдайдағы тыныс демікпесімен
ауыратын барлығы 658 пациент қатысқан.
Зерттеу ұзақтығы 7 айда (210 күнді) құраған.
Пациенттер 3 топқа бөлінген
 Бірінші топ (n=219) Симбикортты (160/4.5 мкг) демеуші
терапияның икемді мөлшері (ГДПТ) режимінде қабылдаған:
 бірінші ай — 2 ингаляциядан (тамақ булау) күніне 2 рет;
 келесі алты айда – орта есепппен 3-4 ингаляция күніне.
 Екінші топ (n=215) Симбикорт терапиясын (160/4.5 мкг) в
бекітілген (белгіленген) мөлшерде 2 ингаляциядан күніне 2 рет;
 Үшінші топ (n=224) Серетидті (50/250 мкг) бекітілген мөлшерде
(ФД) 1 ингаляциядан 2 рет (p <0,05) қабылданған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *