. Бірнеше аурулар терапиясының фармакоэкономикалық
аспектілері
Дәрілік заттың нәтижелігінің экономикалық бағасын бере алатын
фармакоэкономикалық зерттеулер, өмірлік циклы бойында қолданылады:
енгізу кезінде фармацевтикалық нарықта жылжыту мен тұрақтандыру.
Олар фармакоэкономика пәнінің ажыратылмайтын бөлігі.
Фармакоэкономика, дәрілік заттардың өткізілуі мен маркетингі,
өндірісі, өнімі, пайда болуы, ашылуы мен таңдау үрдісін қалыптастыратын
экономикалық және қаржы категорияларын бақылайды. Қазіргі кезде
дәрілік заттардың пайда болуына нормативті және экономикалық, ғылыми,
медициналық әлеуметтік – саясаттық алғы шарттарды ажыратады.
Жаңа дәрілік заттарды жасаудың дәстүрлі жолдары:
бұрын белгісіз болған, жасанды синтезденген молекула
(субстанция);
белгілі физика-химиялық дифференциация жолымен алынатын
белгілі дәрілік заттар;
жаңа тағайындалу бойынша пайдаланылатын белгілі дәрілік заттар;
дәрілік зат сияқты әсер ететін, табиғаттан табылған зат (молекула).
Дәрілік заттың бар ғұмыры – бұл шектелген қисық сызық, өңдеу
ойынан бастау алып, патенттің мерзімі біткенде өз жолын аяқтайды деген
пікір бар.
Әр бір дәрілік заттың 5 фазадан тұратын өмірлік циклы бар:
1 фаза «Дәрілік заттарды нарыққа енгізу». Аналогқа қатынасы
бойынша әлсіз позицияларымен, сатып алуы біртіндеп жоғарылауымен
сипатталады. Бұл кезеңде фармацевтикалық нарықта болжаулар
қаншалықты нақты көрініске сәйкес екендігі туралы ақпарат алады.
Дәрілік затты нарыққа шығару алдындағы уақыт, көптеген маркетингті
зеттеулермен сипатталады, дәрілік зат нарыққа шыққанда бәсекелесуге
қабілетті немесе менеджмент жоспарына сәйкес болу керек.
2 фаза «Өсу». Сұраныстың көбеюіне байланысты дәрілік затты
сатуының өсуімен маркетингті іс — шаралардың шығыны өсуі салдарынан
пайданың өсуі, сәйкесінше зерттеулер мен жаңа дәрілік затты сату
позициясының күштілігімен сипатталады. Олар бірнеше түрлі болады:
«күтіп отырған табыс», «анық сәтсіздік», «сәтсіздік» және т.б.
3 фаза «Жетілу». Бұл фазаның айрықша белгілері циклдың басқа
фазаларына қарағанда ұзақтығымен тұрақтау кезеңінде сұраныс
жағдайымен сипатталады. Жетілу кезеңінде дәрілік зат қорлары
таусылады, бірақ аналогтардың күшті позициялары есебінен сату көлемі
ұлғаяды. Маркетингті кәсіпорын шығындары өсу салдарынан пайда табуда
баяу өседі.
4 фаза «Қанығу». Дәрілік заттардың сату көлемі тұрақты, бағасының
төмендеуі мен маркетингті кәсіпорынды іс-шараларына қарамастан,
дәрілік затты өткізу тоқтатылады.
66
5 фаза «Нарықтан түсу-кету». Пайда түсу мен сату көлемінің
төмендегенімен сипатталады. Бұл өте тез немесе өте баяу болуы мүмкін.
Бағасын төмендету мен өткізуіне жағдай жасау іс-шаралары, сұраныстың
түсіп кетуінен қашықтауға көмектеседі және дәрілік затты «қанығу»
кезеңінен алып шығады, бірақта төмен деңгейде ол көп жылдарға созылуы
мүмкін. Бұл жағдайда «қайта жаңарту» кезеңі туралы айтуға болады.
Кәсіпкерлер үшін «қанығумен нарықтан түсу» кезеңдерін бақылап
отыру маңызды, өйткені ондай дәрілік заттарды тауар жиынтығында ұстау
шығынды және абыройлы емес.
Дәрілік заттарды жылжытуды анықтайтын факторларға жатады:
Тиімділік – жоғары профилактикалық және терапиялық көрсеткіштері мен медицина қажеттілік түрін қанағаттандыру;
Қауіпсіздік – жанама әсерлерінің деңгейін ашықтап, фармакоэпидемиологиялық зерттеу жасағаннан кейін бағаланады;
Аналогтар алдындағы артықшылықтары, тәуекелділігі мен пайдасы
арасындағы қатынасты салыстыруды талап етеді және келесі
қағидаларға негізделеді;
белгілі аналогына қарағанда, жаңа дәрілік зат нәтижелі болу керек;
салыстырғанда бірдей нәтиже беретін дәрілік заттың жанама әсері
төмен болу керек;
аралас емдеу кезінде жаңа дәрілік зат бар дәрілердің нәтижелігін
арттыру керек, шеткі жағдайда оның улы әсерін жоғарлатпауы тиіс,
егер дәрілік зат артықшылыққа ие болса, бірақ пайдалануы тәуекелді
болса, нарықта оны жылжыту шектеулі болады.
нормативті – техникалық құжаттар көрсеткіштері;
дәрілік түрлері мен мөлшерінің әртүрлілігі;
тауар маркасы маркетингті кәсіпорынның толық кешені мен дәрілік
заттың таралуының табысты немесе табысты еместігін алып жүреді;
орау дизайны сатып алуды ынталандырады және де дәрімен емдеу
нәтижелігіне әсер етеді;
құны қолдану үшін дәрілік заттың қолжетімділігін сипаттайды және
бәсекелесуге қабілеттілігінде сәйкесінше роль атқарады.
Дәрілік зат қасиеттері жағынан және бағасы жағынан бағаланады.
Қымбат емес альтернативті емдеу әдістері немесе емдеу жүргізілмесе,
емдеу нәтижелі емес болса, қымбат тұратын дәрілік заттармен емдеу
арзанырақ болатынын көрсететін фармакоэкономикалық деректерді
пайдалану маңызды роль атқарады