АРТЫҚ АТА, Артық төбе – орта ғасырлардан сақталған көне қала орны. Сырдарияның сол жағалауында, Ақкөл деген жерде орналасқан. Алғаш 1900 жылы Н.В. Рудаев, 1947 жылы А. Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Соңғы рет 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы толық зерттеді. Қала орнының батыс және оңтүстік –батыс қабырғалары ұзынша келген төртбұрышты төбе. Үш бөліктен: цитатель, шахристан және рабадтан тұрады. Жалпы көлемі 200 – 220х150 – 170 м, солтүстік – батыс шетінде орналасқан рабадтың көлемі 140х160 м, биіктігі 3 м. оңтүстік – шығыс шетінде орналасқан цитатель мен шахристанның биіктуған 9 м, жоғрғы бетіндегі алаңшаның көлемі 30х40 м. Осы бөліктің үш шеті тік келген, солтүстік шеті ғана аласа Цитатель мен шахристанға кіретін қақпаның орны осы шетте болған. Қалашықтың үстіңгі қабатынан табылған қыш ыдыстардың сынықтары Қаңлы-Хорезм дәуірінен бастап, Әмір Темірбилік құрған кезең мүліктеріне сай келеді. Зерттеушілер арасында Артық ата көне Артук қаласының орны болуы керек деген пікір бар.