Марков талдауы

Марков талдауын келесі жағдайларда қолданылу ұсынылады:
құбылыстың басталу уақыты нәтижеге әсер еткенде (мәселен, қатерлі
ісіктің алғашқы кездегі диагтикалауы оны кеш айқындауға қарағанда
емдеудің жақсы нәтижелілігіне әкелу мүмкіндігі) құбылыстың басталу
уақыты белгіленбеген кезде; клиникалық шешімдер әр түрлі сатыларымен
байланысы арқылы пайда болатын нәтижелер.
Локалды фармакоэкономикалық зерттеулерді жүргізу.
Фармакоэкономикалық зерттеулерден алынған нәтижелердің сезімталдығын талдау.
Локалды фармакоэкономикалық зерттеулердің жүргізілуі
әдебиеттерде фармакоэкономикалық мәліметтердің немесе экономикалық
үлгілеу нәтижелерінің жоқтығында тиімді.
Формулярлық жүйеде фармакоэкономикалық зерттеулерді
қолданудың бірнеше үлгілері бар:
— әдебиеттерде жаряланған фармакоэкономикалық мәліметтердің
қорытындыларын қолдану.
Кемшіліктері: әр түрлі елдерде экономикалық қорлар және денсаулық
сақтау саласының жағдайына, әдістемелік тәсілдерге байланысты
фармакоэкономикалық зерттеулердің едәуір айырмашылықтары болады
(дәрілік заттардың бағалық көрсеткіштерінде, шығын көрсеткіштерінің әр
түрлі интерпретациясы). Сондықтан, локалды жағдайларға мәліметтердің
63
экстраполяциялау көзқарасынан сапасын бағалау және зерттеулер
нәтижелерінің маңызы үлкен. Осындай тәсілдердің бірі болып дизайнді
қолдану экстраполяциясын бағалар бойынша мәліметтерін алмасытру және
жаңа көрсеткіштермен талдау жүргізу болады.
— Экономикалық үлгіні құрастыру.
Экономикалық үлгілеу әртүрлі дерек көздерден алынған тиімділік,
қауіпсіздік, құн бойыынша мәліметттерді қолдана отырып, емдеудің
фаракоэкономикалық мақсаттығы бағалауға мүмкіндік береді.
Экономикалық үлгілеудің әдістері ретінде шешімдерді талдау болып
табылады. Бұл белгісіз жағдайларда бағдарламаның оңтайлы
қорытындысының нақты сандық әдісі болып табылады.
— Локалды фармакоэкономикалық зерттеуледі жүргізу.
Сонымен қатар, дәрілік заттарды қолдануды бағалаудың
бағдарламасы форматында қымбат клиникалық маңызды және кең
қолданудағы ДЗ анықтау үшін денсаулық сақтау мекемелерінде АВС- және
VEN- талдаулар қолданылады. АВС- талдау – ДЗ класстарын анықтауға
көмектесетін әдіс (А, В,С) және ол ДЗ сатып алуға және ДЗ қолдануды
бағалау бағдарламасына енгізуге басымдылық классты (А) анықтауға
мүмкіндік береді.
ДЗ келесі класстарға бөледі:
А классы – дәрілік заттарға емхананың 75-80% қоры шығындалатын
10-20% препараттар. В классы: дәрілік заттарға бөлінетін 15-20% қоры
шығындалатын препараттардың 10-20%. С классы: бюджеттің 5-10%
шығындалатын препараттардың 60-80%.
VEN- талдау әдісі көмегімен жіктеуіне сай ДЗ іріктеу
басылымдылықтарын бекітеді (өмірлік қажетті – Vital, қажетті – essential
және қосымша – non-essential).
Сонымен, ауруды емдеуде әр-түрлі әдістердің бағалаудың
фармакоэкономикалық талдауларын қолдану клиникалық
нұсқаулықтардың алуан түрлілігіне қандай да бір ДЗ орнын белгілеуге
мүмкіндік беретін технологиясы болып табылады.
Көрсетілген әдістің артықшылығы болып фармакоэкономикалық
талдауда алынған нәтижелердің клиникалық тиімділігімен қатар,
экономикалық мақсаттығы туралы қорытынды бере алады. Осы барлығы
денсаулық сақтау саласының нақты жүйесіне бейімделген, оның
қаржыландыру және қамсыздандыру мүмкіншіліктеріне қарай
формулярлық жүйеде тәжірибелік маңызы үлкен.
Фармакоэкономикалық зерттеулерді жүргізгенде емдеу тиімділігі,
шығындарды нақты есептеудің күрделілігін және басқа факторлардың
вариабелдігін ескеру қажет. Мысалы, емдеу құны есептелген сомадан
жоғары немесе төмен болған жағдайда немесе алынған тиімділік
күтілгеннен басқаша болғанда.
Фармакоэкономикада фармакоэкономикалық зерттеулердің
нәтижелері анық және сенімді деңгейін анықтау үшін сезімталдық
64
талдауын қолданады. Ол айқындалған заңдылықтардың тұрақтылығын
көрсетеді, яғни фармакоэкономикалық зерттеулерде қолданылған
параметрлер өзгерістерден алынған нәтижелер әсерін бағалайды (дәрілік
заттар құны, емдеу курсы және т.б.). Мысалы, фармакоэкономикалық
есептеулерде ауруды емдеудің оңтайлы альтернативті нұсқасы болып А
технологиясы белгіленеді. Енді фармакоэкономика көзқарасынан егер де
емдеу курсын созған жағдайда А нұсқасы оңтайлы болып қала алады ма?
Сезімталдықты талдау сатылары:
1. Әдебиеттерден, мета-талдаудан немесе сарапшылар арасында
сауалнама жүргізу көмегімен алынған мәліметтер бастапқы параметрлер
мүмкін болатын ауытқушылық шектерін белгілеу
2. Сезімталдықтың бір нұсқаның (бастапқы бір параметрлердің
ауытқуларын бағалау) немесе көп нұсқаның (бір немесе бірнеше бастапқы
параметрлердің ауытқуларда нәтижелер өзгерістерін бағалау) талдауын
жүргізу.
Бақылау сұрақтары:
1. Фармакоэкономикалық зерттеулерді жүргізудің негізгі міндеттері
қандай?
2. Фармакоэкономикалық талдаудың мәні неде?
3. Фармакоэкономикалық талдауды жүргізудің негізгі жолдары
қандай?
4. Фармакоэкономикалық талдаудың әдістері қалай топтасады?
5. Фармакоэкономикалық талдау әдістеріне салыстырмалы сипаттама
беріңіз.
6. Ауру құнын талдау (COI) мәні неде?
7. Ауру құнын талдау әдісінің ерекшеліктері және кемшіліктері
қандай?
8. Белгілі бір аурудың емдеу тарифі қалай анықталады?
9. Бірлескен талдау дегеніміз не?
10. Фармакоэкономикада үлгілеу (моделдеу) дегеніміз не?
11. Фармакоэкономикада қолданылатын үлгілеудің негізгі түрлері
қандай?
12. Үлгілеудің негізгі сатылары қандай?
13. Материалдық үлгілеудің тәсілі ретінде шешімдерді талдауға
сипаттама беріңіз.
14. «Шешімдер ағашын» құрастырудың сатылары қандай?
15. Материалдық үлгілеу әдісі ретінде Марков үлгісіне сипаттама
беріңіз.
16. Марков циклдер ағашы дегеніміз не?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *