Фармакоэкономикалық талдау

Фармакоэкономикалық талдауда математикалық үлгілеу
әдісін қолдану
Фармакоэкономикалық зерттеулерді жүргізу терапияны жүргізу үшін
қажетті шығын туралы және емдеу сызбанұсқасындағы пайдаланылатын
тиімділік туралы мәлімет болуы талап қояды. Мұндай мәліметті алу үшін
ақпараттық әдеби көздерді қарап шығу керек, сонымен бірге
фармакоэпидемиялогиялық зерттеу әдістері көмегі де қажет — тәжірибе мен
сараптау бақылауда әдісі қолданылады. Бірақ бақылау мен сараптау
тәжірибеде көбінесе қаражаттық, уақыттық және этикалық мәселелермен
шиеленісіп жатады, ал әдеби материалдарды оқу келеңсіз қорытындыларға
әкелуі мүмкін. Сондықтан, нақты мәліметтерді алу мүмкін
болмағандықтан фармакоэкономикада үлгілеу әдісі қолданылады.
Үлгілеу – зерттеліп жатқан нысанға формалды сипат беретін үлгілерді
пайдалануға негізделген нысандарды, үрдістерді және құбылыстарды
зерттеу тәсілі.
Бұл жағдайда негіз ретінде қазіргі кездегі нақты клиникалық
жағдаяттар мәліметтер пайдаланылады, содан соң оларға бақылау мен
эксперимент әдістері көмегімен алынған мәліметтермен және
экономикалық сипаттар қосылады.
Фармакоэкономикада келесі негізгі моделдеу түрлері қолданылады:
 Шешім ағашын құру (жасау);
 Марков моделі;
 Мәліметтерді экстраполяциялау;
 Эпидемиялогиялық модель.
Моделдеу кезеңдері:
1. Аурудың ағымының алгоритімін құрастыру;
60
2. Әртүрлі жеке бағыттардың пайда болу мүмкіндігін анықтау
(құбылыс, оқиға т.б);
3. Әрбір бағытты экономикалық көрсеткіштермен қосымшалау.
Клиникалық шешімдерді қабылдау кезінде егер ақиқатты клиникалық,
әлеуметтік, фармацевтикалық мәліметтер толық болмаса не жеткіліксіз
болса онда берілген альтернативті нұсқасын бірігіп таңдау үшін
математикалық моделдеу тәсілі қолданылады.
Шешімдерді талдау жүргізу үшін күрделі үрдісті жеке блоктарға
бөледі, кейін әрбір блокты тиянақты сараптауды. Блоктарды графикалық
суреттегенде «шешім ағашы» түрінде көрсетеді. «Ағаштың бұтақтары»
стратегиялық таңдаудың альтернативаларын, (диагностика және емдеу
сызбанұсқасы) кейінгі оқиғалардың пайда болу мүмкіндігінің деңгейін
және соңғы нәтижелерді көрсетеді.
«Шешім ағашын» құру кезеңдері:
 Мәселені нақты сипаттау және зерттеу нәтижелерін бағалау
критериін таңдау.
 Ойдағыдай табысты және табысты емес соңғы нәтижелердің
клиникалық сипаттары.
 Диагностика стратегиясының немесе емдеу әдістерінің және
тиімділігінің альтернативті бағыттарын тұжырымдылау.
 Әртүрлі нәтиженің орын алуының мүмкіндігін бағалау (%).
 Әрбір соңғы нәтиже мен фармакотерапияны ресурстық қамтамасыз
етуді бағалау.
 Үрдістің уақыттық параметрін анықтау.
 Нәтиженің құндылық сипатын анықтау.
Экономикалық баға беру үшін әрбір стратегия бойынша қанша шығын
жұмсалуы керек екендігіне баға беріледі. Ол әрбір тармақтың жіберілген
шығынды есептеп, сол тармақта мүмкін болатын оқиғаның пайда
болуының жалпы мүмкіндігіне көбейту арқылы жүзеге асырылады.
Шешім ағашын дәрігерлер мен сарапшылар, экономисттер өңдейді, ол
үшін әдебиеттердің мәліметтерін және клиникалық сынақтың нәтижелерін
пайдаланады. Егер қажет болса, келесі жағдаяттарды фармакоэкономикалық бағалайды:
 Емдеуге жұмсалған шығын мен пайдасын көрсету үшін оқиғаның
хронологиясын көрсету маңызды;
 Таңдау мәселесі үнемі қауіппен байланысты (уақытпен
түзелмейтін);
 Оқиға уақытының келуі оның пайдалылығына әсер етеді (мысалы,
қатерлі ісікті ерте анықталуы оны кеш анықталуымен салыстырғанда);
 Жаңа дәріге клиникалық сынақ жүргізу;
 Оқиғаның қай уақытта болатыны нақты анықталмаған;
 Егер клиникалық шешімдер пациенттің әрбір өмір кезеңінде
фармакотерапияның соңғы нәтижелерінің қатарына әсер етсе, онда
61
ыңғайлы қолданылатын әдіс — математикалық үлгілеу — Марков үлгісі
(Markov model)
Науқас үнемі шектелген жағдайдың бірінде болады деп болжаланады,
ондай жағдай Марковтық деп аталады.
Алғашқы жағдай толық денсаулықты – 1,0;
Арасындағы жағдай – ауру кезеңдері-0-1;
Соңғы жағдайы – өлім-0.
Бұл оқиғалардың барлығы, осы талдаудың көзқарасы бойынша бір
күйден екінші күйге өтуді көрсетеді. Зерттеудің уақыттық интервалы
бірдей уақыт бөліктеріне бөлінеді, ол Марков циклдері деп аталады.
Циклдің ұзақтығы емдеу үрдісінде нақты болатын уақыт аралығын
құрайды. Бүкіл циклде пациент бір күйден екінші күйге өте алады. Бұл
жағдайда әр түрлі күйде әр түрлі пациенттердің арасында ешқандай
айырмашылық жасалмайды. Бұл шектеу «Марков рұқсат етуі» деп
аталады, ол үрдістің әрбір циклден кейінгі мінез-құлығын көрсетеді. Бұл
деген сөз, модель өз есінде өткен циклден туралы еш нәрсе сақтамайды.
Марков моделін көбінесе әдетте Марков циклдері күйіндегі ағаш ретінде
көрсетеді, ондағы әрбір жағдай Марков түйінінің бір тармағы ретінде
бейнеледі 


Марков үлгісі үш элементтерден
тұрады:
1) Пациенттің мүмкін болатын жағдайы;
2) Бір жағдайдан екінші жағдайға өту мүмкіншілігі;
3) Өту мүмкіншілігі қолданылатын мерзім / циклдың бекітілуі.
Марков үрдісінің тоқтатылуы егер науқас бүкіл тексеруден өтілсе,
бүкіл циклдардан өтіп тұйық күйге түссе, одан шыға алмауы мүмкін.
Медицина үшін бұл жағдай – өлім.
Марков үрдісі әрбір науқас топтарына рұқсат етілген алғашқы жағдай
(бірқалыпты жағдай, еңбек қабілеттігін жоғалту) мен бір күйден екінші
күйге өту арасындағы деңгей мүмкіндіктерімен анықталады. Әрбір
циклдің белгілі бір жағдайының бітуі оның пайдалылық шегі болып
саналады (терапияның тиімділігі, өмір сүру жалының сақталуы).
«Шығын-тиімділік» критерий бойынша ары қарай талдау жасау үшін
ақшалай күйдегі шекті пайдасы пациенттің сол күйде бір цикл бойындағы
болуымен байланысты қаражатты шығыны алынады. Келесі бағалау кезеңі
«Шығын- тиімділік» критериі бойынша әрбір пациентті емдеу нұсқаларын
қарастырғанда тиімділік коэффициентін есептеп және салыстырумен
байланысты, оның тиімділігі қосымша бірлігінің құнын анықтаумен де
байланысты.
Сонымен, құбылыстар синхронизациясы (уақытпен байланыс) қажет
ететін жағдайларда және маңызды құбылыстар әлденеше рет қайталанған
кезде қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *