Бірлескен талдаудың әдістемесі
Бірлескен талдау әдісімен дұрыс және сенімді зерттеу жүргізу
негізінде тауардың қасиетін және сипаттамаларын анықтау болады.
Қасиеттер (attribyte — атрибут) — бұл өнімнің сапалық сипаттамасы, ал
қасиеттің сипаттамасы (level — деңгей) — бұл заттың бірнеше бағаға ие
болуы. Мысалы: түс және баға тауардың қасиеті, ал көк және 25 теңге — бұл
сипаттамасы.
Фармацевтикалық өнімдерге сұраныс өнімнің қасиеттеріне
байланысты қалауы тікелей пропорционалды және қолдануына қарай көңіл
— күй қалауына қарама-қарсы пропорционалды. Сонымен, аурудың нақты
сатысында дәрілерді тағайындаумен байланысты өнімнің қасиетті және
аурудың маңызды нәтижесін қамту керек. Бірақ пациенттер өзінің
денсаулығы туралы аурудың клиникалық сатыларының контекстінде
ойланбайды, яғни симптомдар ауырлығы оларды шектейтіндігін немесе
физикалық, әлеуметтік, эмоциялық қызметіне әсер ететінін бағалайды.
Зерттеушілердің жұмысы болып пациенттер қызықтыратын медициналық
араласудың нәтижесін қажетті қасиеттерімен сипаттамаларын анықтау
табылады.
Пациенттерге бағытталған әдістерді қолдануға арналған
талаптар.
Пациенттерге бағытталған әдістер әр түрлі салада кең қолдануына
олардың иілгіштігімен көпсалалығына қарамастан, олар өзіндік талаптарға
ие. Олардың ішінде ерекшесі, бұл «бірлескен талдау» әдісі. Зерттеулерді
жүргізуде ең бірінші мәселе зерттеушілердің жауаптары олардың шынайы
көзқарасына сай келетініне сенімсіздік тудыратыны болып келеді. Бұл
жағдайда зерттеушінің мақсаты болып зерттеушілер таңдау үрдісіне және
олардың альтернативасына байыппен кірісетіндей қоршаған атмосферасын
жасау қажет. Сонымен қатар, пациенттердің сұрауда қиыншылықтар пайда
болуы мүмкін, мысалы, Альцгеймер, деменция, инсульт ауруымен
ауыратын пациенттер шешім қабылдау мүмкіншілігі төмен. Бұл жағдайда,
пациенттер өздері немесе делдал арқылы немесе тіпті зерттеуден бас
тартуы мүмкін.
Сонымен қатар, мәліметтер жинаумен байланысты, нәтиже
сенімділігіне әсер ететін басқа да талаптар бар. Қазіргі сәтте, бірлескен
талдау әдісін қолдана отырып зерттеушілер зерттеу жобасын анықтауға,
59
өнім қасиеттерін және осы қасиеттер сипаттамасын анықтауға жоғарыда
көрсетілген ұсыныстардың жиынтығын қолданады.
Пациенттердің қалауына бағытталған әдістер денсаулық сақтау
саласында жаңа талдау болып саналады. Олар экономикалық теорияға
негізделген және де пациенттерді қалауы мен талғамдарын сапалық және
сандық бағалауға мүмкіндік береді. Басқа әдістерге қарағанда, пациенттің
қалауына бағытталған әдіс, емдеу құндылығын, оның құрамды бөлімдері
есебімен анықтауға мүмкіндік береді. Осы үшін пациенттер мен зерттеуші
белгіленген дәрілік заттардың қасиеттері өзара салыстырылады, сонымен
қатар, зерттеу мақсатына байланысты емдеу бойынша дәрігерлер және
басқа тұлғалармен салыстыру жүргізіледі.
Пациенттер қалауына бағытталған әдістер иілмелі және денсаулық
сақтау саласында кез келген сұрақтарға және қажеттілікке бейімделген,
пациенттің көңіл-күйін, өмір салтын, қауіп-қатер мен тиімділігі және
емдеудің өлшеуін сандық бағалайды.
7.7 Фармакоэкономикалық талдауд