«Бірлескен талдау» — фармакоэкономикалық талдаудың әдісі
Денсаулық сақтау саясатының әсерін, емдеудің жаңа әдістерін
қолдану, сонымен қатар жаңа дәрілік заттарды түзету талдау және бағалау
үшін бізге тұтынушының қалауы туралы ақпарат қажет. Дәл осыған
байланысты, соңғы жылдары әлемде пациенттерге бағытталған әдістерге
көп көңіл аударылып жатыр. Осы әдістердің экономиканың (нарықтық,
транспорттық және т.б.) әр түрлі саласында колдану тәжірибесі бар, ал
денсаулық сақтау саласында едәуір жақын кезде қолданылып жатыр.
Алдында пациенттердің қалауын бағалау мақсатында маркетингті
зерттеулерден алынған мәліметтер қолданылатын еді, бірақ та
медициналық араласуды және дәрілік заттарды колдануды бағалау осы
мәліметтердің жеткіліксіз екендігін көрсетті. Бұл денсаулық сақтау
саласында пациенттердің қалауын өзіндік зерттеулерді жүргізуге алып
келді.
Сонымен, жаңа әдісті қолдану осыған байланысты келесі сұрақтардың
пайда болуына әкеліп соқты: пациенттерге қалауын ескертіп, әдістерді
автономды қолдану пациенттерге бағытталған күтімге мүмкіндік бере ме,
жоқ пациенттің қалауын керекті бағалау және түсінуге жақындататын
біздің зерттеулердің кейбір сәттерін қайта ойлану керекпіз бе?
55
Осыған байланысты, пациенттерге бағытталған әдістерді қолданудың
кейбір аспектілерін түсіндіру жолдары керсетіледі.
Пациенттің қалауы әдістерінің қасиеттерi
Экономикалық теорияда пациенттерге бағытталған әдістер жоғары
тұрақтылыққа ие, және сонымен қатар, HR — QoL (денсаулықпен
байланысты өмip сапасы) және QALY (сапасы түзетілген қосылған өмip
жылдары) өмір сапасын ескеретін қазіргi таңдағы зерттеулерге қарағанда
пациентке көп көңіл бөледі.
«Төлеуге дайын» (willingness to pay — WTE) және «үйлесімділік
талдау» (conjointanalysis — СА) сияқты пациенттерге бағытталған әдістердің
оң қасиеттері болып зерттелетін салада иілмелі және кез — келген
сұрақтарға бейімделу қабілеттілігі табылады. Сонымен, үйлесімділік
талдау медициналық препараттың немесе технологияның барлық өмірлік
циклі сатыларында қолданылады:
құрастырудан бастап зерттеуді жүргізуде жаңа дәрінің
стратегиясын анықтау;
пациенттің қанағаттандыруын қолда бар және болжамдық дәрілік
заттармен салыстырудың теориясын қарастыру;
тәуекел мен пайда (тәуекелді басқару) арасындағы келісімнің
болуына дайындығын қарастыру және сандық бағалау;
нарықта препараттың жылжуы бойынша шешімдерді қабылдау.
Пациенттерге бағытталған әдістердің иілмелі жедел және созылмалы
жағдайларда қолдануға болады, олар келесі қасиеттерге ие:
құрастыру сатысындағы гипотетикалық емдеуді бағалауға
қолдануға мүмкін;
пациентпен таңдалған аурудың нәтижесін көрсетеді және де
пациенттің өмір салтын, және оның терапия тәртібін сақтауды есепке
алады;
емдеу аспектілері және емдеудің нәтижесі уақытпен байланысып
қиылысады.
Сонымен, пациенттердің қалау әдістерін қолдануда зерттеушіні
қызықтыратын сипаттамаларды таңдау шектеулі, ceбeбi бұл әдістер
иілмелі және бейімді болып келеді.
«Шығындар — тиімділік» әдіспен салыстырғанда пациенттердің
қалау әдісінің артықшылықтары
Қaзipгi кезде «Шығындар — тиімділік» әдісі фармакоэкономикалық
талдаудың ішінде ең ыңғайлы, кең тараған және жиі қолданылатын
әдістерге жатады. Сонымен катар, тікелей денсаулықпен байланысты және
оған жанама әсер ететін нәтижелерді зерттеулерге енгізу мүмкіншілігі жоқ.
Яғни, терапияны таңдауда құнның, пайданы, пациент комфортын есепке
ала алмайды.
56
«Шығын — тиімділік» әдістерге қарағанда пациенттің қалауын бағалау
әдici артық көрінетіннің бірнеше келесі ceбeптepi бар.
«Шығын — тиімділік» талдауға қарағанда пациенттің қалауын бағалау
әдісі бүтіндеу және емдеу үрдісін қамтитын терапияның әртурлі жағында
түйіндейді. Сонымен, олардың нәтижелері әртүрлі аспектілердегі
(пациенттер, дәрігерлер және денсаулық сақтау саласындағы
қызметкерлер) адамдарға қолдануға ыңғайлы.
«Шығын — тиімділік» талдауы жасалған препаратты белгіленген
критерий бойынша бағалауға мүмкіндік береді ал пациенттер тандау әдісі
жасалу сатысындағы препараттың сандық, сапалық сипаттамасын
бағалауда қолданыла алады.
«Шығын — тиімділік» әдісін қолданудың қиындығы тәуекел мен пайда
ара қатынасына байланысты пациенттің қалауына салыстырмалы
бағалауды енгізу мүмкіншілігінің болмағандығы. Ал, пациенттің қалауы
әдісі осы көрсеткіштерін жекелей және қоғам есебімен ескереді.
«Шығын — тиімділік» — пациенттің қалауы экономикалық теорияға
дәлірек айтқанда, неоклассикалық тұтынушылық теорияға негізделген.
Осы себептен шешімдерді қабылдаушы (дәрігерлер және денсаулық сақтау
саласындағы қызметкелер) тұлғаларға ыңғайлы және дәлелді болып келеді.
Қалауы бекітілген әдістер әлеуметтік қамсыздандыру саласында
артық көрінеді ceбeбi, ол ең бipiншi пациенттің қалауын ескереді, яғни ол
пациенттің әл — ауқатын жоғарлатуға бағытталған.
Пациенттің қалауын бағалау әдістepi
Пациенттер немесе тұтынушылардың қалауын 2 топқа бөлуге болады:
қалауы белгіленген әдістер (stated — preference methods) және қалауы
айқындалған әдістер (revealed -preference methods). Сараптамалық
зерттеулерді жүргізу үшін пациенттің белгіленген қалауын анықтау
мақсатымен сауалнамалар қолданылады. Пациенттердің қалауын
айқындалған әдісі пациенттің нақты тәртібін байқау мәліметтеріне
негізделеді, болжамдалған қалауын көрсетеді. Алынған мәліметтер белгілі
клиникалық жағдайда бірнеше альтернативадан пациенттің қалауын
таңдағанын көрсетеді. Осындай мәліметтер пациенттер калауы мен icәрекеті туралы ақпарат береді, сонымен қатар, осы таңдауды ceбeбi туралы
түсінік береді. Сонымен бipгe, пациенттердің қалауын белгіленген әдістер
зерттеушіге жеке жағдайлар бойынша шешімдер қабылдауға қажетті
статистикалық әр – түрлілікке кепілдік және де таңдау альтернативасына
сараптамалық бақылау береді.
Сонымен бipгe, пациенттің қалауын айқындайтын әдістер таңдалған
емдеудің клиникалық, эмоциялық және экономикалық аспектілерін
біріктіреді, осы зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтер талдауға
ыңғайсыз және толық емес болуы мүмкін.
Емдеу аспектісінде жалпы массивтің ішіен бip бөлек алу және оларды
бағалау мысал ретінде алуға болады.
57
Мысалы, емдеудің екі мүмкін варианты бар десек. А варианты
тиімдірек, кepi әсерлері нашар және құны жоғары. В варианты тиімділігі
төмен, кepi әсерлері аз және құны төмен. Егер пациенттер В вариантын А
вариантының орнына таңдаса, бiз кepi әcepi аз тиімділігі жоғары
тиімділікке қарағанда маңыздырақ екенін, тиімділігі жоғары құны азға
қарағанда маңыздырақ, немесе факторларды қиыстыру орын алатынын бiз
дәл деп айта алмаймыз.
Пациенттердің қалауы айқындалған сараптамалық жоба
факторларының әрқайсысын салыстырмалы баға беруге мүмкіндік береді,
ceбeбi зерттеуші өзін қызықтыратын факторларды анықтайды.
«Төлеуге дайын» (WTP) әдісі — пациенттің қалауы белгіленген
әдістердің бipi.
Жалпы айтканда, пациенттерге белгілі сатыда және белгілі бағада
болжамды емдеуді ұсынады, және де осы емдеуге пациенттің төлеу
дайындығын сұрайды.
WTP — талдау кажетті нәтижеге жету үшін пациент қандай
құрбандыққа барудың құндылық сипаттамасын көрсетеді. Сонымен, WTP
көрсеткіші құндық өлшем бірлігіне қарағанда болжанған бағалау өлшемі
болады. Экономистер WTP талдауда бағалау өлшемі ретінде қолданады,
бipaқ көптеген адамдар денсаулық артықшылықтарын ақшалай бірлікте
өлшеуді қолайсыз деп есептейді.
«Бірлескен әдіс (СА)» — дискретті таңдауды сараптамасы немесе
белгіленген таңдаудың әдісі — сауалнама парақтар көмегімен емдеу
үрдісінде және оның нәтижесінде дәрілік терапияның атрибуттарын
(қасиеттерін) өлшеуде қолданылады. Осындай иілмелі тұтынушы
теориясына негізделген және пациентке қамқорлық жасау тек қана оның
емдеу кезінде физикалық, эмоциялық және дәлдік жағдайға ғана емес,
сонымен қатар дәрілерді тағайындау уақытын анықтау және оқшаулау
тәсіліне жинақталады.
Бірлескен талдау
Бірлескен талдау (СА) — қалауы белгіленген теорияға негізделген,
салмақты әдіс, бұл пациенттің немесе дәрігердің қалауын сандық бағалауға
мүмкіндік береді. «Бірлескен талдау» әдісін қолдану максималды
болжанған тәуекел, емдеудің салыстырмалы маңыздылығы, тұтынушыға
арналған каржылық және уақытша эквиваленті сияқты сипаттамаларының
сандық бағалауға мүмкіндік береді.
Аналитиктер СА әдісін нарықтық және нарықтық емес тауарлар мен
қызметтерге, мысалы, медициналық араласу және фармацевтикалық
емдеуге арналған тұтынушылар қалауын есептеуге қолданылады.
Бірлескен талдау әдістемесінің мәні өнім қасиетін анықтау, осы
қасиеттерді сипаттау және оны ізгілікпен бағалау болып табылады. Яғни
әр пациенттің тауар қасиеті, медициналық араласу немесе дәрілік препарат
жөнінде өзіндік қалауы болғандықтан, осы қасиеттер арасында келісімді
58
анықтауға тырысады. Сонымен, бірлескен талдау әдісімен зерттелген.
Нәтижесінде алынған мәліметтер өнімнің, оның құрамды бөлшектерінің
құндылығын көрсетеді. Бұл осы әдістің маңызды және оң сипаттайды.
Басқаша айтқанда, бірлескен әдіс берілген фармацевтикалық немесе
медициналық заттың жалпы құндылығы, оның бөлек сипаттамалық
бағасын анықтайды.
Тауар концепциясын тестілеу сияқты дәстүрлі әдістер арнайы
құрамды бөлшектерінің түбегейлі емес талдау ғана жүргізе алады.