Фармакозкономикалық талдауда — «шығын-пайда» (CBA)талдауы

Фармакозкономикалық талдауда — «шығын-пайда» (CBA)
талдауы
Тәжірибелік денсаулық сақтау жүйесінде фармакоэкономикалық
зерттеулерді жүргізгенде «Шығын-тиімділік» және «Шығын-утилитарлық»
талдауларға қосымша ретінде «Шығын-пайда (CBA)» талдауы
қолданылады. Бұл әдіс медициналық араласудың кез-келген
көрсеткіштерін салыстыра алады, себебі емдеу құнымен нәтижелері
ақшалай түрде бағаланады (бағдарламаның құны нәтижені бағалау
мерзімінде есептелінеді). Осы әдістің қажеттілігі альтернативаларды
қолдануда, ерекше салыстыруға болмайтын нәтижелермен, нәтижелерді
салыстыруды жеңілдету мақсатпен негізделінеді (мысалы, өлімді алдын
алуды мақсат етумен байланысты гипертониялық ауру бойынша скрининг
бағдарламасын уақытша жұмысқа жарамсыздықты алдын алуды мақсат
52
ететін тұмауға қарсы иммунизациялау бағдарламасымен) және алынған
нәтижелердің мәліметтерін ақшалай ортақ бөлшекке келтіреді.
Талдау мақсаты: Қазіргі кездегі баға деңгейіне келтіре отырып,
бағдарламаны немесе әдісті жүргізуден таза пайданы есептеу (пайда азайту
құн).
Әдісті қолдану аясы – денсаулық сақтау саласында емдеудің әртүрлі
– жеке, көптік бағдарламаның немесе әдістің талдауы. Көбінесе кешенді
тәрізді терапия нәтижелеріне керек, бірақ медициналық шекті
сипаттайтын, яғни өлімді немесе ауруды алдын-алуда қолданылады.
Мысалы:
 вакцинациялауда (гепатит А, гепатит В, менингитке қарсыHaemophilus influenceb егулердегі пайда);
 бүйрек трансплантациясында (медициналық технологияларды
салыстыруда циклоспорин + преднизолон азатиопринмен).
CBA талдауда есептеу:
Пайданың құнға қатынас коэффициенті 10 формула бойынша
есептелінеді (benefit-to-cost radio)-кв/с:
       
 
  
n
t
t
t
n
t
t
Вt r C r
С
K В
1 1
/ 1 / / 1 , (10)
мұнда:
??
— t уақыт мерзіміндегі жалпы пайда;
??
— t уақыт мерзіміндегі жалпы құн;
? — дисконттау деңгейі;
n — уақытша мерзімдердің саны.
Осында, егер:
? в⁄с > 1 — пайда шығындардан асады, яғни бағдарлама пайдалы;
? в⁄с = 1 — шығындар пайдаға эквивалентті;
? в⁄с < 1 — пайда шығыннан аз, яғни бағдарлама пайдасыз.
Фармакоэкономикалық зерттеулерде СВА талдауын қолдануда
анықтаудан басқа пайданың және қаржылық көлемдегі шығындардың
сәйкестігі 11 формула бойынша есептелінеді (Р):
, (11)
мұнда:
Берілген жағдайда Р көрсеткіші жоғары альтернативаға артықшылық
беріледі.
Шығындарды есептеу:
СВА талдауында тікелей шығындармен бірге, жанама шығындар да
есептелінеді.
Нәтижелер:  
 .
. Шыгындар тг
Пайда тг P 
53
Емдеу бағдарламаның экономикалық пайдасы тікелей, жанама,
болмашы (сезілмейтін) болып бөлінеді.
Тікелей пайда – нақты бағдарлама арқасында қорларды үнемдеу
есебінен қаражат экономикасы. Осылар сауықтыруда, диагностикалауда,
емдеуде, реабилитациялауда, шығындарды үнемдеуде, сонымен қатар
капиталды мамандық қызметтерге, медикаменттерге, қолдауға
инвестициялау болып табылады. Осындай түрдегі есептеулер көбінесе
қиындықтар туғызбайды.
Жанама (тікелей емес) шығындар нақты бағдарламасыз жүзеге
аспайтын потенциалды ұлғайған еңбек ақыны немесе алынған өнімділікті
қарастырады. Олар еңбек ақы және өнімділікті шығынға шығармау
есебімен есептелінеді.
Пациенттің өмір сапасын «адам капиталының құны» бойынша (human
capital approach) жүргізеді, есептеу жалпы дисконтталған табысты
есептеуге негізделген.
Адам капиталының құнын есептеу нұсқаларының бірі болып Mishana
теңдеуі саналады, бұл өлім көрсеткішінің өзгеруіне негізделген және 12
формула бойынша есептеледі:
мұнда:
?1 — өмір құны;
? — ағымдық жылда санауды бастаған уақыт;
Y — болжанған жылдық еңбек ақы;
t — болашақтағы уақыт аралығы;
P — t уақыт мерзіміндегі адам,тірі болатын ықтималдығы;
r — дисконт коэффициенті.
Берілген формула бойынша өмір құны (ағымдық жылдан соңы жоқ
аралығындағы уақыт аралығы) болжанған жылдық еңбек ақыны Y берілген
болашақтағы уақытты t  P ықтималдығына көбейткенде, қазіргі алынған
уақыттың дисконт r коэффициентінің көбейтіндісінің сомасы болып
саналады.
Бірақ берілген әдіс өмірді осы өмірдің экономикалық өнімділігі
негізінде бағалайды. Сондықтан, еңбек ақысы көп адамдарда ?1 көрсеткіші
жоғары болады, ал әл – ауқаты жоғары тұрғындар қабатына бағытталған
өмір ұзақтығын Р жақсартатын медидициналық араласулар қоғамның
экономикалық қамсыздандырылмаған және егде мүшелеріне өлім
нәтижелер санын төмендетуге бағытталған араласуларға қарағанда
пайдалы. Сезілмейтін пайдалар, мысалы, өмір мен денсаулықпен
қанағаттанарлық психологиялық сипатты болады.
(1 ) ,(12)
( )
1 1
t r
t r
t
r
L Y P r
 
  
54
Өлім тәуекелінен алшақтау үшін төленетін шығындар саласын
анықтау болып пациенттер арасында сауалнама жүргізу нәтижесі,
шығындарды анықтау әдісі арқылы шығындар саласын төлей алатынын
айқындайды. Бірақ та, бұл әдіс жеткіліксіз, себебі нақты медициналық
технологияны төлеу дайындығы пациенттің әл – ауқатына тәуелді және
«шығын-пайда» көрсеткіші осы жағдайда әл – ауқаты жоғарыларда
әлеуметтік жағдайы төмендерге қарағанда көп болады. Сонымен қатар,
науқастар толық емделуіне көп төлеуге дайын.
Әдістің артықшылықтары:
 жеке, көптік бағдарламалар, соның ішінде, ұқсайтын немесе
салыстыруға келмейтін нәтижелер, нәтижелері әртүрлі бағдарламаларды
салыстыру үшін қолдануға болады;
 қорлар шектеулі және бағдарламалардың ішінен біреуін орындауға
болатын кезде пайдалы;
Әдістің кемшіліктері:
 фармакотерапияның альтернативті сызбанұсқалардың нәтижелерінің шығындарын есептеу қиындығы;
 барлық шығындар және нәтижелерді ақшалай түрге ауыстыру
қажеттілігі (ерекше пациенттермен көрсетілетін, мысалы өмір сапасын
нәтижелер бірліктеріне аудару қиындығы)
 дискриминацияның ренктері бар, себебі бұл әдіс жұмыс істейтін
адамдарды көтермелейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *