«Шығын-пайдалылық» талдауы (CUA).

«Шығын-пайдалылық» талдауы (CUA). Өмір сапасы
утилитарлықтың көрсеткіші ретінде. QALY көрсеткішін есептеу
Қазіргі таңда дәрігерлер өмірдің ұзақтығын ұлғайтумен қатар, оның
сапасының жақсаруы туралы жағдай жасау керек. Өмір сапасын
зерттеулері пациенттің өміріне аурудың үрдісі және сырқаттың әсер ету
сипаты туралы клиникалық мәліметтерді толықтырады және тәуелсіз
болжамдық фактор болып есептеледі. Өмір сапасын бағалау созылмалы
сырқаттарды емдеуде, денсаулық жағдайының динамикасын және бұзылуы
туралы обьективті мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Өмір сапасы – қоғамға пайда әкелуде және өзінің қажеттілігін,
қалауын қанағаттандыру үшін қоғам ұсынатын адамның рухани,
психологиялық, физикалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіш.
Денсаулықпен байланысты, өмір сапасы емдеу тиімділігінің маңызды
шегі болады, себебі, заманауи медицинада осы көрсеткішті бағалау
фармакоэкономикалық есептеулердің ажырамас бөлігі. Өмір сапасын
бағалауға стандартты сұрақнамалар қолданады.
Сұрақнамалар – адамның кәдімгі өмірлік мақсаттарына сай қызмет
ету мүмкіндігін көрсететін арнайы жасалған және тестілеуден өткен
құжаттар. Оларда әр сұраққа (сонымен бірге әр жауапқа) дәрежелі
(рангалық) өлшем беріледі және жауаптар дәрежелердінің жиынтығы
саналады.
Өмір сапасы 0 ден 1 дейінгі өлшеммен бағаланады, бұл жерде 0-
өлімге сай, ал 1-толық физикалық және психикалық аманшылыққа сай
келеді. Рангілердің салмақтық мәндері науқастарды медициналық араласу
нәтижелерін есепке ала отырып, қандай нәтижеге әкететіндігін қалайтыны
туралы сұрау арқылы анықтайды. Жауаптар қорытындысын
математикалық шамаларға аударады, компьютер көмегімен өңдейді және
арнайы коэффициенттерді алады. Осы зерттеулерді жүргізгенде сұрақтар
жинақтарын қолдану арқылы алынған мәліметтердің анықтығы мен
шынайлылығын бағалау болып саналады. Сұрақнаманы науқас
медициналық персоналдың және туыстарының көмегінсіз, өзі толтыру
қажет.
Сұрақнамалардың келесі түрлері болады:
 қолдану аясына байланысты;
 жалпы (ересектерге және балаларға арналған);
 арнайы.
Олар популяцияға (мысалы, жас өспірімдер, егде адамдар) арналған
арнайы, жағдайға арналған (мысалы, депрессия, қимылдың шектелуіне),
мәселеге арналған (мысалы, ауырсыну), ауру түріне арналған (мысалы,
49
артрит, демікпе, остеопороз), емдеу түріне арналған (мысалы,
химиотерапия немесе сәулелік терапия). Бұл кезде бірлік сұрақнамамен
қатар әртүрлі функциялар мен мәселелерге арналған сұрақнама
жиынтығын қолдануға болады.
Құрылымына байланысты:
 профильді (бірнеше шкалалар мәнінен қалыптасқан бірнеше
цифрлік мәндердің профилі)
 индекстер (бірлік цифрлік мән)
Фармакоэкономикалық талдау позициясынан адекватты өмір
ұзақтығына әкелетін өмір сапасының көрсеткіші анықталады (QALYquality-abjusted life-year). QALY-медициналық араласу нәтижесінде
алынған сапалы өмір жылдары.
QALY есептеу:
Мысалы, науқас 10 жыл аралығында емделеді, ол оның өмір сапасын
10 жылда 0,5 тен 0,6 QALY дейін жақсартады. Бұл науқас QALY 1,0
алады, яғни оның QALY (10 жыл 0,5=5,0 емделмеген жағдайда) 5,0
орнында 6,0-ға тең (10 жыл 0,6=6,0 емделсе).
QALY концепциясының негізгі жағдайлары:
 QALY көрсеткіші 1,0-0,0 диапозонындағы мәндерге сай;
 Денсаулықты немесе абсолютті өмірдің бір жылы 1,0- деп
бағаланады;
 Денсаулықпен байланысты мәселелер пайда болғанда бір жыл өмірі
1,0-ден кем болып бағаланады;
 0,5-ке теңестірілген екі жыл өмір бір денсаулықты өмірге
теңестіріледі, яғни QALY 1,0-ге тең болады.
QALY әдістемесі жеткілікті жан-жақты және кез келген медициналық
технологияны, популяцияны бағалауда қолданылады. Сонымен қатар,
зерттеулер салыстырмалы болу үшін көрсеткіштердің бірлік салмақ
мәндерінде және есептеу әдістемесі негізделу қажет. Бұдан басқа, QALY
бағалауында келесі ауытқушылықтар бар:
 әр түрлі мамандардың, әртүрлі жастағы адамдардың (өспірім және
егде), жыныстар бойынша QALY көрсеткіштері тең емес, дегенмен,
экономикалық тұрғыдан еңбекке жарамды ерлердің және мүгедектің
немесе егде адамның бір жылдық сапалы өмір көрсеткіші әр түрлі;
 денсаулықтың салыстырмалы үлесі осы қалыптың қаншалықты
созылғанына байланысты емес;
 экономикалық көзқарас бойынша сапалы жылдардың аз құны
адамдардың көп саны және сапалы жылдардың көп саны
науқастардың аз санымен бірдей;
QALY=алдағы өмірдің әр жылы болжаған өмір сапасы
50
 науқастың жағдайы, оның қалауы мен уақытша параметрлері
туралы пікірі бойынша бағаланады.
QALY көрсеткіші фармакоэкономикалық «Шығын-пайдалылық
(утилитарлық-CUA)» талдауды жүргізгенде көрсеткіш ретінде
қолданылады. Бұл СЕА талдаудың жеке жағдайы – тиімділік өлшемі
ретінде пайда болып табылады.
Фармакоэкономикалық талдаудың бұл әдісінде клиникалық
тиімділікке жетуімен қатар, пациенттің араласу нәтижелерін қалауы
есептелінеді. Мысалы, қатерлі ісіктің үшінші, төртінші сатысында
полихимиотерапия курсын жүргізгенде пациент аурушаңдық реакциялары
төмен паллиативті емдеу мен терапияның күдік тұғызатын тиімділігінің
біреуін қалауға құқықты.
CUA талдауы ақшалай түрде емдеу құнының альтернативті емдеу
әдістерін немесе дәрілік заттарды қолдануды салыстыру QALY пайдалық
көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
Талдау мақсаты – құн бірлігі бойынша пациенттің альтернативті
емдеу сызбанұсқасын немесе таңдалған дәрілік препараттардың нәтижесін
анықтау.
CUA бойынша есептеу 6, 7 – формуладағыдай жүргізіледі, бірақ
тиімділік мәнінің орнына пайдалылық (утилитарлық) мәні алынады (8
формула).
Ut
DC IC CUA 

, (8)
мұнда:
СUA- «Шығын-пайда» қатынасы;
DC- тікелей шығындар;
IC- жанама шығындар;
Ut- утилитарлық.
Емдеудің немесе дәрілік препараттардың екі альтернативті әдісін
салыстырғанда шығындардың пайдалылық бірлігіне (CUA) балауланады
яғни, пайдалылық қосымша бірліктің құны, мысалы, сапалы өмірдің
қосымша бір жылы 9 формула бойынша есептелінеді:
1 2
1 1 2 2
( ) ( )
Ut Ut
DC IC DC IC CUA

  

, (9)
мұнда:
??1 + ??1-1 — ші әдісті қолданғанда тікелей және жанама шығындар;
??2 + ??2-2 — ші әдісті қолданғанда тікелей және жанама шығындар;
??1 − ??2-1 — ші және 2-ші әдістерді қолданғандағы утилитарлық.
51
Утилитарлық (пайдалылық) бірлігін бірнеше әдістеме, мысалы
«қызбалық ойын», «тең бағалы алмасу» көмегімен анықтайды.
СUA әдісінің артықшылықтары:
1. Бірнеше араласудың нәтижелерін таңдауда пациенттің қалауын
есепке алады.
2. Экономикалық бағалауда нәтиженің саны мен сапасын үйлестіреді.
СUA әдісінің кемшіліктері:
1. Пайданы өлшеу қиындылығы.
2. Артықшылықтарды бағалау субъективтілігі.
 Өмір сапасы сырқаттың маңызды көрсеткіші болғанда, мысалы,
демікпеде;
 Өмір сапасы маңызды нәтиже болғанда:
Көрсетілген талдау түрі күрделі және қымбат. Ол келесі жағдайларда
орынды қолданылады:
Мысалы, өлімге әсер етпейтін араласуларды салыстырғанда, бірақ
олар пациенттің өмір қызметіне және қал-жағдайына әсер етпейді (артритті
емдеу), бұл кезде өмір сапасы емдеу нәтижесінің көрсеткіші болады.
Мысалы, қатерлі ісік ауруында химиотерапия өмірді ұзартады, бірақ,
сонымен қатар, жағымсыз құбылыстар әсерінен өмір сапасы төмендейді,
яғни өмір сүру сапасы және оның ұзақтығы қысқарады.
 Медициналық араласу өліммен қатар дертке де тиесілі болады, яғни
нәтиженің қиыстырылған бірлігінің болуы қаланады. Мысалы,
терапияны бағалау (менопаузадағы әйелдердің экстрогендерді
қолдануы), бұл өмір сапасын жақсартады, белгілі жағдайда өлімді
азайтады (мысалы, жүрек ауруларында) сонымен қатар, басқа да ауру
салдарында (мысалы, жатырдың қатерлі ісігі) өлімнің санын
ұлғайтады.
 Салыстырмалық араласулардың нәтижелерін кең спектрлі болады
және салыстыруды жүргізу үшін бір бірлікті болу қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *