СЕА әдісін пайдалануда шығынды есептеу:
Әр түрлі альтернативті емдеу нұсқаларының таза пайдасы
салыстырылады. Таза шығын тікелей шығынның қосындысы ретінде
есептелінеді (емдеуді қамтамасыз етуге шыққан шығын), тексеру мен
емдеуге шыққан шығын жүргізілген терапияның қолданылған нәтижесі
(мысалы, басқа жанама тиімділігі емдеуге) минус жақсарған денсаулық
арқылы үнемделген қорлар. Тікелей емес жиналған қорды және шығынды
әдетте СЕА-ға кіргізбейді.
СЕА әдісінің артықшылықтары:
1. Пайдаланған терапияның құны мен тиімділігі жағынан қаншалықты
қажеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.
2. Әдістің нәтижелері денсаулық жүйесінің қаражатын тиімді
шығындауға байланысты шешім қабылдауға көмектеседі, қабылданған
шешімді дәлелдеуге және обьективтілігін нақтылауға мүмкіндік береді.
3. Жасалған емнің тиімділігін арттыру бірлігіне жұмсалатын ақшалай
шығынды бағалауға мүмкіндік туады.
4. Терапияны ақшалай сипаттап бағалаудың қажеттілігі жоқтығы.
СЕА әдісінің кемшіліктері:
1. Араласуда әртүрлі альтернативті нәтижелермен салыстыруға
мүмкіндік бермейді.
2. Тиімділігі бірдей бірлікте берілгенде ғана, сол араласуларды
салыстыруға мүмкіндік береді.
3. Сапа немесе қалау санатында терапияның ақырының бағалылығын
қарастырмайды.
4. Тиімді бағдарламаны тиімді еместен бөлу үшін құн-тиімділік
тұрғысынан, шешім қабылдайтын сарапшы ең алдымен нақты нәтижеге
жету үшін мекеменің төлейтін төлемінің максимумымен анықтау қажет.