Шығынды минимализациялау талдауы (CMA)

Шығынды минимализациялау талдауы (CMA)
Шығынды минимализациялау талдауы – бұл
фармакоэкономикалық талдаудың түрі, ол препарат немесе емдеу әдісін ең
аз мөлшерде шығын шығарып таңдаумен байланысты және бірдей
терапиялық тиімділігі болатын дәрі препараттарын немесе альтернативті
(ұқсас) емдеу әдістерінің құнын салыстырып ақшалай бағалауды
шамалайды.
Талдаудың мақсаты – ақшалай қаражатты үнемдеуге мүмкіндік
беретін арзан емдеу әдісі мен препараттың артықшылығын растау.
Талдаудың кезеңдері:
1. Есептеуге енгізу қажеттілігі бар шығындарды анықтау;
2. І-сатыда анықталған шығындар есебімен альтернативті
сызбанұсқамен емдеудің құнын есептеу.
3. Дисконттау.
Аз мөлшерде шығын жұмсауды есептеу мына 5-формуламен
жүргізіледі;
CMA= (DC1+ІC1)-(DC2+ІC2), (5)
мұнда:
 СМА-емдеудің екі әдісінің арасындағы шығын айырмашылығының
көрсеткіші;
 DC1- бірінші әдісті пайдалануға тікелей шығын;
 JC1- бірінші әдісті пайдалануға жанама тікелей емес шығын;
 DC2 және ІC2- екінші әдісті қолданудағы тікелей және жанама
шығындардың сәйкестігі.
Әдістің артықшылығы: есептеу қарапайымдылығы және
жүргізілген емдеудің нәтижелерін ақшалай сипаттап бағалау қажеттілігінің
жоқтығы.
45
Қолдану аясы: бірдей терапиялық әдістерді немесе дәрілік
препараттарды қолдану кезінде шыққан шығынды салыстыру үшін.
Тәжірибеде талдау, шығынды минимализациялау тек құжат жүзінде
фармакоэпидемиологиялық зерттеулермен бірдей терапиялық тиімділігі
салыстыра отырған медициналық технологияның дәлелденсе ғана, содан
кейін генерикалық препараттарды фармакоэкономикалық зерттеу кезінде
негізінен қолданады.
Әдістің кемшілігі:
 медициналық технологияны қолданудың нәтижесін ескермейді,
алдын ала оларды теңдей санайды.
 тәжірибеде аз қолданылады, ол медициналық технологияны тек
бағасымен ажыратылатын клиникалық тиімділігі бірдей препараттарды
таңдауға қиыншылық туғызады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *