Фармакоэкономикалық талдау және оның әдістері

. Фармакоэкономикалық талдау және оның әдістері
Фармакоэкономикалық талдау негізінде денсаулық сақтау жүйесі
және жалпы қоғамның, жеке адам артықшылықтарын анықтау
альтернативті медициналық технологиялардың, фармацевтикалық
қызметтің, қаржылық шығындардың, клиникалық нәтижелердің
салыстырылуы, үлестірілуі және зерттеулері жатады. Фармакоэкономикалық талдаудың салыстыру жоспарында (Донабедиан триадасы)
қаржылық қорларды, медициналық технологияларды және терапия
нәтижелерін зерттейді. Фармакоэкономикалық талдауға медициналық
технологиялардың тиімділігін қарапайым дәрілік заттардың енгізілуі
фармакоэкономиканы экономикалық бағалаудан ажыратады, себебі ол
денсаулық сақтау саласына қажетті нәтижелерді ескереді.
Фармакоэкономикалық талдауды жүргізгенде халықаралық фармакоэкономикалық зерттеулер қауымының ұсыныстарына сай келесі әдістемені
қолдану қажет:
1. Мәселені анықтау
2. Зерттеу болашағын белгілеу
3. Альтернативті медициналық технологияларды, бастапқы және
соңғы нәтижелерді анықтау
4. Фармакоэкономикалық талдау әдісін таңдау
5. Әр альтернативті технологияларда қолданылған қорларды бағалау
6. Талдауға қажетті қорларды сәйкестендіру
7. Жағдайдың болу ықтималдығы белгілеу
8. Шешім ағашын құруда үлгілеу әдісін қолдану
9. Талдаудың сезімталдығын жүргізу
10. Алынған нәтижелерді ұсыну
Фармакоэкономикалық талдау альтернативті технологиялардың
шығындары мен нәтижелерін бағалауға жасалған кез келген зерттеулерді
енгізеді. Бірақ, экономикалық бағалау шектеулі қорларды тиімді таратудың
механизмі болу үшін емдеудің жаңа бағдарламасының құны мен
нәтижесін, басқа да альтернативті бағдарламалармен салыстыру қажет.
Сондықтан, қазіргі таңда тәжірибеде фармакоэкономикалық талдаудың
келесі әдістері қолданылады:
 «шығындарды минимилизациялау» талдауы-cost minimization
analysis (CMA);
 «шығын-тиімділік» талдау-сost-effectiveness analysis (CEA)
 «шығын-пайда (утилитарлық)» -сost-benefit analysis (CBA)
Барлық жоғарыда айтылған әдістер аурудың нәтижесін және құнын
салыстыра алады, сондықтан да, фармакоэкономикалық талдаудың
толыққанды құралы болып табылады.
Фармакоэкономикалық талдау әдістерінің салыстырмалы сипаттары 3
кестеде көрсетілген.
42
Кесте 3 — Фармакоэкономикалық талдаудың әдістері
Әдіс Құнды өлшеу
бірліктері
Терапия тиімділігін өлшеу
бірліктері
Шығындарды
минимализациялау
(СМА)
Ақшалай Тиімділік зерттелінбейді —
салыстыру топтарында
эквиваленттілікпен анықталады
Шығындар –
тиімділік (СЕА)
Ақшалай Биологиялық көрсеткіштер
(физикалық бірліктерде) және
клиникалық тиімділік (нақты
көрсеткіштерде):
ұзартылған өмір жылдары;
еңбекке жарамсыздық күндер
сандарын азайту;
қандағы глюкозаның құрамы
ммоль/л;
қан қысымының көрсеткіші
мм.сын.бағ.
Шығындар –
утилитарлық (CUA)
Ақшалай Сапалы өмір жылдарын ұзарту
Шығын –пайда
(СВА)
Ақшалай Ақшалай
Үшінші кестеде көрсетілгендей барлық ұсынылып отырған
фармакоэкономикалық талдаудың құнын өлшеу бірліктері болып ақша
көрсеткіштері табылады, ал шығын-тиімділік және шығын-утилитарлық
әдістерінде тиімділік алынған сапалы жылдар есебімен есептелінеді.
Фармакотерапияның экономикалық тиімділігін бағалауда қажет:
 ауру құнын талдау – cost of illness (COI), бұл әдіс жоғарыда
келтірілген әдістердің негізі болып табылады;
 сезімталдықты талдау – sensivity analysis, алынған нәтижелердің
тұрақтылығын бағалауға қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *