АРТХАШАСТРА

АРТХАШАСТРА (санскартха — “басқару”, шастра — “заңдылық”, яғни “басқару заңдылығы”) — көне үнді трактаты, патшалардың өмірі мен қызметін қамтитын санскрит тіліндегі көне ережелердің бірі. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 2- жартысында пайда болып, бүгінгі нұсқасы б.з1 — 2 ғ-да қалыптасып болған деген болжам бар. А. 15 бөлімнен тұрады: патшаның мінез-құлқы мен уәзірлерді таңдау әдісі, қазынаны толтыру жолдары, сот және тергеу жұмыстары, қылмыс пен жазалау, қарсыластарды жоюдың құпия әдістері, саясат пен соғыс өнері, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас, құпия тыңшылар пайдалану жолдары т.б. А-ның негізгі идеясы: патша саяси жетістікке жету жолында ешбір әдістен бас тартпауы керек. “Патшаның саясаты өзінің жерін ұлғайтуға бағытталған, сондықтан көршілер оның жауы болып табылады, ал көршілердің көршісі — одақтастар”. А. білімнің көптеген салаларын қамтиды. Онда өте тәптіштеліп мынадай жүйелер берілген: “патшалықтың 7 белгісі”, “патшада болуы мүмкін 7 кемшілік”, “сыртқы саясаттың 6 әдісі”, “қамалдардың 6 түрі” т.б. А. Үндістан мәдениеті мен мемл. құрылысының көне тарихын зерттеуде негізгі дерек бола алады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *