Ұлыбритания

Ұлыбритания.

Ұлыбританияның соғыстан кейінгі жағдайы. Ұлы- британия антигитлерлік коалицияның бір мүшесі ретінде Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетті, бірақ бұл елдің материалдық шығыны айтарлықтай көп болды. Ұлыбри- тания экономикасы соғыстан дағдарыс жағдайында шық- ты. Соғыс жылдарында Ұлыбритания ұлттық табысының 25%-ынан айырылды. Онымен қоса ол өзінің бірқатар сыртқы қаржы активтерін жоғалтып, АҚШ-қа және өзінің доминиондарына қарыздар болды. Соғыс қажетіне алтын қорының едәуір бөлігін және шетелдердегі салымдардың 1/4 бөлігін жұмсады. Елдің мемлекеттік қарызы өсті. Соғыс жылдарында Ұлыбританияның коммерциялық экспорты қысқарып, сауда флотындағы кемелер саны да азайды. Британия доминиондары өздерінің экономикалық және саяси тәуелсіздікке икемді екенін дәлелдеп берді. Отарлардағы ұлт-азаттық қозғалыстар етек жайып, өрши түсті. Соғыс жылдарында У. Черчилль үкіметінің қолдауына сүйенген консерваторлар, лейбористер мен либералдар коалициясы ұлттар мен ұлыстардың бірлігін нығайтып, басын біріктіруде маңызды рөл атқарды. Лейбористер партиясының билікке келуі және Эттли үкіметінің саясаты. Лейбористік партия 1945 жылғы сайлау науқанына тыңғылықты дайындалып, көңілге қонымды жобаларын ұсынды. Партияның бұл жобасы британ экономикасы мен әлеуметтік салаларын жаңартып, “ауқатты мемлекет” негізін құрастырамыз” деген қағидаға сүйенді. Бұл үшін экономиканың бірқатар салаларын мем- лекет қолына көшіру арқылы қоғамның барлық мүшесінің жағдайын жақсартып, тұрақты молшылыққа қол жеткі- зуге болады деген ұмтылыс пайда болды. Лейбористер өздерінің “Ұлыбритания социалистік ынтымақтастығын” құруға ұмтылған партия екендігі туралы мәлімдеді. 95 1945 жылғы 5 шілдеде өткен сайлау қорытындысы лей- бористердің Қауымдық палата шеңберінде ірі жеңіске жет- кенін көрсетіп берді. К. Эттли бастаған лейбористік өкімет алдында аса ірі саяси, экономикалық және қаржы мәселелері тұрды. 1945 жылы тамызда Құрама Штаттар Ұлыбританияға лендлиз арқылы қаражат төлеуді тоқтатты. Лейбористер өкіметі АҚШ пен Канададан қарыз сұрауға мәжбүр болып, 1945 жылғы желтоқсанда және 1946 жылғы наурызда 5-6 млрд доллар мөлшерінде қарыз алды. Азық-түлік тауарлары және тұрмыстық заттар кар- точкалық негізде сатылды. Бұл қыспақтан шығу үшін лейбористер үкіметі жоспарлы экономиканы кеңейтіп, мемлекеттің тікелей әлеуметтік қамқорлығын орна- туға мәжбүр болды. Бұл үшін көмір, болат және газ өнеркәсіптері, электр қуаты және автокөлік салалары мемлекет қолына көшті. Ағылшын банкі де мемлекет қарамағына алынды. Лейбористер бірқатар әлеуметтік реформалар жүргізді. Олар 1927 жылы қабылданған жұмысшыларға қарсы заңның күшін жойды. Кәсіподақ құқығын қалпына келтірді. 1945—1948 жылдары әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау салаларына жаңа жүйе енгізілді. Жұмыссыздыққа, жұмыс қабілетін жоғалтқанда, өнді- рістік жарақат алғанда төленетін жәрдемақы, сондай-ақ қартайғанда және жесір қалғандарға зейнетақы төлеу мөлшері қарастырылды. 1948 жылы денсаулық сақтау саласының ұлттық жүйесі құрылып, тегін дәрігерлік көмек көрсету ісі қолға алына бастады. 1948 жылы Британия экономикасы соғысқа дейінгі деңгейіне жетіп, елдің әлеуметтік жағдайы тұрақталды. Бірақ мемлекеттің шаруашылық жағдайына тікелей ара- ласуы жекеменшік секторына тиісті қаржы мөлшерін едәуір қысқартты. Мемлекеттің қаржыландыру ісі күн- нен-күнге әлсірей түсті. 1950 жылы Эттли кабинеті “Мар- шалл жоспарынан” бас тартуға мәжбүр болды. Өзінің сыртқы саясатында Эттли кабинеті 1946 жылғы 5 наурыздағы У. Черчилльдің Фултон қаласындағы сө- зін қостап, “қырғиқабақ соғыс” тартысына жол ашты. Англияның АҚШ-пен “ерекше қатынастар” және атлан- 96 тикалық ынтымақтастық принципімен жақындасуы жос- парланды. 1946 жылы Британияда атом бомбасын жасау туралы шешім қабылданды. 1948 жылы Британия Батыс одақ бірлігіне, 1949 жылы Еуропа Кеңесінің мүшелігіне қабылданды. 1949 жылы Ұлыбритания мен АҚШ үкіметі Солтүстік Атлант блогын (НАТО) құрушылардың алдыңғы тобында болды. Ұлыбритания өз отарлары — Үндістанға, Бирмаға және Цейлонға тәуелсіздік беруге барды. Консерваторлар билігі кезінде (1951—1964 жж.). 1951 жылы өткен сайлауда консерваторлар партиясы жеңіске жетті. У. Черчилль қайтадан өкімет басына келді. Консерваторлар лейбористер құрған әлеуметтік құрылымды өзгертпеді. Оған қоса, олар мемлекеттік әл- ахуалды жақсарту идеясын қабылдады. Экономиканың дамуы барысында консерваторлар шо- йын өндіру өнеркәсібі мен автокөлік жолдары саласын мемлекет меншігіне алды, импорттың қысқаруына байла- нысты азық-түлік бағасы өсті. 1950 жылдардың ортасына қарай Ұлыбританияның экономикалық жағдайы біршама жақсарды. Өнеркәсіптің ілгерілеуі энергетика, авиа-авто- мотор, машина жасау, атом, химия, әскери және т.б. жаңа салаларда айқын байқалды. Бірақ консерваторлар кабинеті экономиканың бір- қалыпты, тұрақты даму жолын ұстай алмады, экономи- каның өрлеу көрсеткіштерінің баяу дамығанын байқатты. Консерваторлар кабинетінің ең өзекті міндеттерінің бірі — Британия Ұлттар достастығы тобындағы байланыс- тарды барынша сақтап, Ұлыбританияның ықпалын бұрынғыдай іске асыру болды. Ұлыбритания 1952 жы- лы “Еуропаның көмір және болат бірлігі” ұйымының құрылғанын қолдап, Еуропадағы ықпалдастық талпыныс- ты және елді НАТО блогына енгізуді барынша жақтады. У. Черчилль қызметтен кеткен соң консерваторлық кабинеттің басшылығына А. Иден (1955—1957 жж.) келді. Жаңа премьер-министр бұрынғы кабинеттің саясатын жалғастырып, кабинет құрамындағы орта буынның соңы- на қосылды. Халықаралық қатынаста консерваторлар партиясы АҚШ-тың сыртқы саясат бағытын қолдады. Ұлыбритания 97 Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ұйымына, Бағдад пактісіне мүше болып кірді. 1956 жылғы қазан — қараша айларында Ұлыбритания Франция мен Израильге қосылып, Египетке қарсы соғыс ұйымдастырды. 1956 жылғы Суэц каналы аймағындағы тартыстың сәтсіздігі А. Иден кабинетінің қызметтен кетуіне себеп болды. Жаңа үкіметті консерватор Г. Макмиллан (1957— 1963 жж.) басқарды. Г. Макмиллан жетекшілігі кезінде мемлекеттік саясатты жаңарту әрекеті байқалды. Британ отарлау жүйесінің күйреуі. 50-жылдарда отарлық империяның ыдырауы туралы болжам шын- дыққа айналды. Мұндай жағдайда Британияның беделін сақтау үшін Г. Макмиллан көпнәсілдік ассоциация де- ген идеологиялық бағытқа жол ашты. Байсалды және либералдық даму саясаты негізінде ол Шығыс және Орталық Африкадағы Ұлыбританияның отаршылдық үстемдігінен бас тартып, билікті жергілікті қара түсті халықтар өкілдеріне қайтару ниетін білдірді. 60-жылдардың басында барлық Британия отарлары тәуелсіздік алды. Ал 70-жылдардың басында Британ империясынан бар болғаны Гонконг, Гибралтар, Белиз аралдары сияқты қалдықтары ғана қалды. Британия импе- риясы Ұлттар Достастығы деп жаңаланды. Ол тәуелсіз, егеменді елдердің ерікті қауымдастығы ретінде қаралды. Ұлыбритания 60—70-жылдарда. 1964 жылы кезек- ті парламент сайлауындағы күшті тартыс кезінде лей- бористердің жолы болып, “Лейбористер және ғылыми революция” деген өздерінің бағдарламаларын қабылдады. Лейбористердің Г. Вильсон өкіметі (1964—1970 жж.) бірінші ұлттың бесжылдық экономикалық жоспарын қабылдады. Үкімет өкімет-бизнес-кәсіподақтың бірлес- кен әрекетін қамтамасыз етуге тырысты. Ниет туралы Декларация бағаның және еңбекақының өсуін белгілі мөлшерде шектеуді ұсынды. Қара металлургияны мемле- кет қарамағына алды. Әлеуметтік саясаттың даму бағытын жылдамдатуға тырысты: зейнетақы көлемі өсірілді, жал- дау ақысы жөніндегі жаңа заңның жобасы дайындалды, халыққа қолайсыз болған дәрігерлік рецепт қағаздарына салынатын салық түрі жойылды, кең түрде муниципалдық тұрғын үйлер салу әрекеті іске асырылды. 98 Сол кезде Солтүстік Ирландиядағы католиктер мен про- тестант топтардың арасындағы қақтығыстар жиілей түсті. Сыртқы саясатта Г. Вильсон елдің жалпы нарыққа ара- ласуы туралы мәселе қойды. Франция 1973 жылға дейін оған қарсылық білдірді. 70-жылдардағы “жаңа консерватизм”. 1970 жылы парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті. Жаңа үкіметті Э.Хит басқарды (1970—1974 жж.). Оның экономикалық саясаты өндірістің дамуын үдетумен си- патталды. Бұл саясат жұмыссыздар санын өсірді және құнсызданумен күрестің құралы ретінде кәсіподақ ұйымдарына қарсы заңдар қабылдауға мәжбүр етті. 1973 жылғы 1 қаңтарда Ұлыбритания Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың мүшесі болды. Консерваторлар өкіметі меншіктік секторды, өндірісті құнсыздану арқылы өсіру саясатын нығайтуға тырысты. Мемлекет өндірістің бір бөлігін жекеменшік капиталға сатты. 1974 жылы мерзімінен бұрын болған парламент сайлауында басым дауыспен лейбористер тағы да жеңіске жетті. Лейбористердің өкімет басына қайтадан келуі (1974— 1979 жж.). Премьер-министр Г. Вильсон баға мен кіріс сая- саты деп аталатын басқа жоспар түрін қабылдауға мәжбүр болды. Вильсон—Каллагэн үкіметтері саясатының басты өзегі әлеуметтік келісімшарт, басқаша айтқанда, кәсіподақ пен үкіметтің келісімі болды. Ол бойынша кәсіподақтар еңбекақыны көтеру талаптарын жылына 5%-дан асырмай- ды, ал үкімет бағаны ұстай отырып, еңбекшілер мүддесіне сәйкес реформалар жүргізеді. Лейбористер Өнеркәсіптік қатынастар туралы заңды және мемлекеттегі төтенше жағдайларды жойды. Жұмыссыздық үшін төлем және зейнетақы біршама көбейтілді, пәтерақының өсуі бір жылға тоқтатылды. 1970 жылдары Ольстер, Шотландия, Уэльс мәселелері қиын жағдайда болды. Солтүстік Ирландиядағы жағдай шиеленісе түсті. Лейбористердің сыртқы саясатында ең маңызды орында ЕЭО мен АҚШ қатынастары тұрды. Ұлыбритания Оңтүстік Африка Республикасы және Ро- дезиямен ымыраға келу саясатын қолдады. 99 М. Тэтчер мен Дж. Мейджор дәуірі. 1979—1981 жыл- дары экономикалық дағдарыстың циклдік сипаты ша- руашылықтың барлық салаларын қамтыды. Өнім беруші өнеркәсіп те жапа шекті. Жұмыссыздар қатары өсе берді. 1979 жылы сайлауда консерваторлар партиясы жеңіп, билікке Маргарет Тэтчер бастаған үкімет (1979—1990 жж.) келді. Неоконсервативтік нұсқасы қолға алынып “толық еңбекпен қамтамасыз ету”, “ауқатты мемлекет” және бюд- жет тапшылығы ұмытылды. Экономика мен әлеуметтік салалардағы жаңа саясат “тэтчеризм” деген атқа ие бол- ды. Алдымен қатаң монетаристік саясат басталды. Ол айналымдағы ақша мөлшерін шектеді, шығынды азайтты. Бұл құнсыздануды шектеді, бірақ жұмыссыздықты тежей алмады. Мемлекет қызметіне байланысты саясат өзгеше болды: мемлекеттік реттеуді шектеу, баға мен еңбекақыға шек- теу қоюдан бас тарту, нарықтық механизмді күшейту, белсенді іскерлікке жол ашу, одан кейін мемлекеттік секторларды кең көлемде жекешелендіру. Ақыр соңында, Тэтчер үкіметі қаржы жинауға жағдай жасау үшін жаңа салық саясатын жүргізу жолына түсті. Осы саясат негізінде Ұлыбритания өндіріс дамуын- да секіріс жасады, ал еңбек өнімділігінің өсуі бойынша барлық дамыған капиталистік елдерді басып озды. Миллиондаған азаматтар фирмалар мен өнеркәсіптер- дің акция иелеріне айналды. Олардың саны 7%-дан 25%- ға өсті. Жекеменшіктік қатынастарды нығайту үшін муниципалитеттер меншігіндегі тұрғын үй қорын сат- ты. Жекеменшік секторды, нарықтық механизмді және қаржы-салымы саясатын белсенді жүргізу арқасында 2,5 млн жұмыс орны пайда болды. Дегенмен М. Тэтчер кезеңінде жаңа мәселелер туын- дады. Сондықтан ол консерваторлар партиясы басшы- лығынан кетіп, 1990 жылы қарашада Британия жаңа премьер-министр — Джон Мэйджорды (1990—1997 жж.) мойындады. Дж. Мейджор өкіметі шағын бизнесті қолдау саяса- тын жалғастырды. 1992 жылы “Шағын бизнестің Хар- тиясы” негізінде шағын кәсіп иелеріне қарыз беру және 100 салықтарды жеңілдету шаралары белгіленді. Электр қуатын өндіру, кеніштер мен теміржол салаларын жеке- шелендіру жүргізілді. Консерваторлар өкіметі кезеңінде мемлекеттің эко- номикалық деңгейі жақсы көтерілді, құнсыздану мен жұмыссыздық қысқарды, өнеркәсіп салалары жаңар- тылды, еңбек өнімділігі артып, кәсіп иелерінің рухы қайта жандана бастады. Неоконсерваторлардың сыртқы саясаты. Тэтчер үкіметі АҚШ-тың Батыс Еуропа аймақтарында орта қашықтыққа ұшатын ядролық зымыран қаруын орна- ластыру жоспарын қолдап, Ұлыбритания жерінде де осындай 160 зымыран болуын мақұлдады және АҚШ-тың “ғарыштық соғыс” бағдарламасын жақтады. 1982 жылы Фолкленд аралы үшін болған ағылшын-аргентиналық тартыста жеңіске жетті. Гонконг мәселесі бойынша Қытай Халық Республика- сымен ымыраға келді (1997 ж.). Мэйджор өкіметі кезінде Ұлыбритания Батыс елдері қатарында Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады және оның халықаралық құрылымға кіруіне қолдау көрсеткен елдің бірі болды. Энтони Блэрдің “жаңа лейборизмі”. 1997 жылғы мамыр айында парламент сайлауында Э.Блэр бастаған лейбористер партиясы кабинет құрды. ХХ ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басында ағыл- шын экономикасы жақсы қарқынмен даму жолына түсті. Жиырма жылға созылған жаңа реформа кезінде қазіргі салалық құрылымдар жоғары қарқынмен дамып, ағыл- шын өнімдерінің бәсекелестік деңгейі мықты екенін дәлелдей түсті. Өндірілетін өнеркәсіп өнімдерін көбейту жолындағы қызмет көрсету жұмысы алғашқы орынға шықты. Ауыл шаруашылығы саласы да жақсы дамып, халықтың азық-түлікке деген сұранысы қамтамасыз етіл- ді. Британия экономикасы шетел қаржы салымдарының келуіне кең мүмкіндік ашты. Ольстер мәселесін реттеуде 1998 жылы АҚШ-тың делдалдығы негізінде Ұлыбритания және Ирландия үшжақты бейбіт бітім жасалды. 2001 жылғы парламент сайлауында лейбористер екінші рет жеңіске жетіп, билігін жалғастырды. Э. Блэр үкіметі 101 АҚШ-тың Югославия, Ауғанстан, Судан, Ирак елдеріне қарсы әрекеттерін ашық түрде жақтау саясатын ұстады. Ұлыбритания — Еуропалық Одақты құру және НАТО- ның Шығыс өңірлерге қарай кеңею саясатын да жақ- таушылардың бірі. 2007 жылы Э. Блэр үкімет басынан кетіп, орны- на Г. Браун келді. Оның үкіметі де бұрынғы саясатты жалғастыра түсті. Кезекті сайлауда консерваторлар жеңіп, үкіметті Д. Кэмерон құрастырды. 2008 жылы күзде басталған қаржы-экономикалық дағдарыс елді айтарлықтай күй- зеліске түсірді. ЖІӨ өсімі төмендеп, өндіріс орындары қысқартылды, жұмыссыздық күшейді. 2011 жылы жазда Лондонда және т.б. қалаларда ереуілдер басталып, оған кедей тұрғындары қатысты. Жастар арасындағы “Ситиді басып ал” қозғалысы күш алды. Ұлыбритания еуро айма- ғына қатыспай, өз ақшасын сақтауда. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Консервативтік партия мен оның жетекшісі У.Черчилль 1945 жылы сайлауда неліктен жеңіліске ұшырады? 2. Үкімет басына лейбористердің келу себептерін айтып беріңдер. 3. “Ауқатты мемлекет” теориясы деген не? 4. М. Тэтчер үкіметі экономикалық саясатының негізгі бағыттарын көр¬ сетіңдер. “Тэтчеризм” деген не? 5. “Ольстер күйзелісі” тақырыбына баяндама дайындап, ұлттық және конфессиялық қақтығыстардың себептері туралы сұхбат ұйымдас¬ тырыңдар. 6. Ұлттық Ынтымақтастық және Біріккен Еуропа, АҚШ елдеріне сәйкес Ұлыбритания сыртқы саясатының ерекшеліктерін анықтаңдар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *