АРТЕЗИАН ҚҰДЫҒЫ 

АРТЕЗИАН ҚҰДЫҒЫ – жер астынан артезиан суын алу үшін бұрғыланған ұңғыма немесе қазылған құдық. Артезиан құдығы біздің заманымыздан бұрынғы Мысырда, Қытайда пайдаланылған. Қазақстанда артезиан құдығы 19 ғасырдан бастап қазылды. Қазіргі кезде арнаулы қондырғылармен бұрғыланады және оның тереңдігі жүздеген метрге жетеді. Су арыны әлсіз болып, өздігінен шықпаса, артезиан құдығына сорғы орнатылады. Жер асты қабаттары берік тау жыныстарынан тұратын болса, артезиан құдығының қабырғасы шегенделмейді. Борпылдақ, сусымалы жыныстардағы (қиыршық тас, құм, малта тас, т.б.) артезиан құдығының қабырғалары темір, темір-құйматас құбырлармен немесе ағашпен шегенделеді. Суды механикалық қоспалардан (лай, саз, т.б.) тазарту үшін артезиан құдығының түбіне түрлі сүзгілер қойылады. Олар тоттанбайтын материалдардан жасалады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *