АРТАКСЕРКС III 

АРТАКСЕРКС III (т.ө.ж.б.) — Ахемен әулетінен шыққан парсы патшасы; б.з.б. 358 — 338 ж. аралығында ел билеген, Артаксеркс II патшаның ұлы. Өзінің ағаларын аяусыз жаныштау арқылы таққа отырған. Ахемен әулеті мемл-нің тұтастығын сақтап қалу үшін бар күш-жігерін жұмсады. Сатраптардың жалдамалы әскер ұстауына тыйым салды. Кіші Азиядағы, Финикиядағы, Кипрдегі бірқатар көтерілістерді қаталдықпен басып-жаншыды. Б.з.б. 341 ж. жүз елу жылдай бұрын Ахемен әулеті мемл-нен бөлініп кеткен Мысырды қайтадан қосып алды. А. III өзінің қолбала әтекқұлының қолынан қаза тапты. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *