Сиыр шаруашылығын өндірістік негізі

Малды бокста бос ұстау тәсілінің көптеген ерекшеліктері бар. Сиырларды топ-тобымен секцияларда ұстайды, әр секцияда 25-50 сиырдан келеді. Малдардың дем алуы үшін әр секцияда жеке-жеке бокстары бар, ал бокстарының едені металл торлардан тұрады. Полдың астында ки қоры бар, бір жыл өткенше толады, сосын оларды биотермалык тәсілмен өңдейді, одан кейін оларды егін алкаптарына шығарады. Қи қорынан қиды арнайы машинамен шығарады. Малдарды бокста бос ұстау тәсілі көптеген Ресей шаруашылыктарында қолданылады. Әсіресе, 800-1200 бас сиырлар бар сүт кешендерінде, осы тәсіл ерекше жақсы дамыған.

Арнайы қораларда сиырларды «ёлочка» қондырғысында сауады, онда сиырларға жем таратылады. Бұл арнайы қорада сауын алды алаңы, сүт жинау бөлмесі, сиырларды колдан ұрықтандыру бөлмесі және жұмысшылар бөлмесі бар. Ауаның суык мезгілдерінде сиырлар боксы бар қорада болады, ал жылы-мезгілдерінде серуендеу алаңына шығарады.

Малдарды бос ұстау мезгілдерінде, олардың экологиялық ерекшеліктерін ескереді. Әрбір қалыптасқан топтардың лидерлері болады, қалғаны соған төуелді. Ал, осы топты өзгертсе, малдарда стресс пайда болады, сол себептен олардың физиологиялық функциясы өзгеріп, сүт өнімі төмендейді. Сол топқа жаңадан сиырды енгізсе, олардың орташа сүті 5% және одан көп төмендеуі  мүмкін.  Бір топтан,  олардың лидерлерін шығарып тастаса, ол топта да стресс пайда оолады. Егерде, тәуліктік кесте өзгерсе, олда стресс болуға және сиырлардың сүттілігінің төмендеуіне әсер етеді. Осындай қолайсыз жағдайлар болмау үшін, олардың қүрылған топтарын өзгертпеу кажет және күнделікті кестелерін де өзгертпеу керек.

Өндірістік дамуда сүтті малды азықтандыру. Сиыр шаруашылығын өндірістік негізінде өркендету үшін кем шөп мол болғаны жөн, сонда мал толық азықтандырылады. Сауын сиырларды дұрыс азықтандыру арқылы сүт өнімін көбейтіп, оның сапасын жақсартуға болады. Ол үшін сауын сиырларын жыл бойы рационы мол жем-шөппен дұрыс азықтандырып, жем-шөп құрамы организм мұқтажын толық қамтамасыз етіп отыру тиіс.

Сауын сиыр шаруашылықтарындағы қырдың қызыл, қара ала, алатау, симментал және әулиеата сиырлары шоғырланған аймақтардың табиғи және экономикалық жағдайына байланысты жем-шөп корын әрбір шаруашылық өздері қамтамасыз етуі керек.

Рацион құрамын бағалағанда, оның сапасына, азық өлшемінің өзіндік құнына және сиырлардын сүт өніміне қарап бағалайды. Ал сауын сиырлардың сүтіне қарап бағалайды. Сауын сиыр өнімі көбейген сайын, рацион құрамының сапасы да жақсара түсуі қажет. Осы тәсіл сауын сиырлардан сүтті алуға мүмкіндік беріп, оларды бағып-күтуге жұмсалатын шығын азая түседі.

Сауын сиырларды азықтандыруда ғылыми негізделген сауын сиырлардың сүт өніміне қарай бір жылда жұмсалатын азық өлшемі колданылып келеді.

Сауын сиыр шаруашылықтары үшін, олардың азық өлшемінің мөлшеріне қарап, әр сиырға қажетті жем-шөпті есептеп білуге болады. Солтүстіктегі облыс шаруашылықтарында сиыр кыс айларында қорада 215 күн болса, жайлымда 150 күн бағылады, ал оңтүстіктегі облыс шаруашы-лықтарында, керісінше сиыр қыста қорада 150 күн болса, жайлымда 215 күн бағылып жүр. Әрине, бір сауын сиырдың жылдық азық мөлшерін есептегенде, олардың сүт өніміне және тірідей салмағына да қарайды. Қыс айларында бір сауын сиырларға тәулігіне 8-10 кг шөп, 4-6 кг пішендеме, 25-40 кг сүрлем (жүгері, қызылша, т.б.) және 3-5 кг әр түрлі жем беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *