АРСЕНОПИРИТ

АРСЕНОПИРИТ, мышьяк колчеданы – сульфидтер класының минералы. Химиялық формуласы: FeAsS. Құрамында кобальт, никель, алтын, т.б. қоспалар болады. Кристалдары қысқа призма немесе ұзын шыбық тәрізді, агрегаттары ұсақ түйіршікті болып келеді. Қаттылығы 5,5 – 6, морт сынғыш, меншікті салм. 5,9 – 6,2 г/см3. Жоғарғы температуралы минералдар қатарында гидротермальды желілерде қалыптасады. Арсенопирит – мышьяк өндіретін негізгі кентас.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *