АРСЕНАТТАР 

АРСЕНАТТАР — минералдар класы, ортокүшәлә қышқылының (H3AsO4) тұздары, 120-ға жуық минералдарды қамтиды. Кешенді анионында мышьякты фосфор және күкірт алмастыра алады. А-ға тән катиондарCaCuCoMgPbZn, Fe2+, Fe3+, VO22+, Mn2+. Бұлардың көбісі бір-бірін изоморфты алмастыра алады, сондықтан А-дың қасиеттері де (түсі, оптикалық өлшемд., тығызд., т.б.) әр түрлі. А. құрамына байланысты сусыз А. (оливенитмиметезитдюфтит т.б.) және сулы А. (эритринаннабергитскородитэвхроит т.б.) болып бөлінеді. Кристалдық құрылымының негізін тетраэдр (AsO4) құрайды. А. ромбылықмоноклиндіктриклиндік сингонияларда кристалданады. Кристалдары ұсақ, ине және пластина тәрізді. Топыраққа ұқсас, колломорфты және тығыз агрегаттармен қатар, жұқа қабатты және қабыршақты түрлері де байқалады. Түсі қанық, катиондардың құрамына байланысты: Cu2+ — жасыл, Co2+ — қызғылт, Nі2+ — ашық жасыл, Fe3+ — сарғыш, қызғылт сары. Қатт. мен тығызд. құрамындағы су мөлшеріне байланысты 2,5-5,5 және 2,9-7,3 г/см3 аралықтарында өзгеріп отырады. А-дың басым көпшілігі гипергендік қабаттарда қалыптасады. Қанық түсіне байланысты кобальт, никель, уран, қорғасын кентастарына индикатор бола алады. Шоғырлануы аумақты болған жағдайда құрамындағы металдардың кені ретінде өндірістік маңызы бар.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *