Қоңыратбаев Әуелбек

Қоңыратбаев Әуелбек (1905-86)—түрколог филология ғылымдарының докторы, профессор. Ғалымның негізгі еңбектері қазақ фольклоры, көне түркі поэзиясын зерттеу және қазақ әдебиетін мектептерде оқыту мәселелеріне арналған. «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы», «Қазақтың «Қозы-Көрпеш-Баянсұлу» жыры туралы», «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері» жарық көрді. Қоңыратбаевтың бірқатар еңбектері абайтану мәселелерін сөз етеді, әсіресе ақынның шығыс әдебиетімен байланысын ашуға арналған. ол Абайдың өмірі мен ақындық жолын зерттеу мәселелеріне байланысты 10-нан астам ғылыми мақала жазып, 1945 жылғы Абай шығармаларының академиялық жинағына түсініктер жазды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *