АРРИАН ФЛАВИЙ

АРРИАН ФЛАВИЙ , Квинт Энний Флавий Арриан(б.з. 95, Вифиния аймағы, Никомедия қ. — 175) — ежелгі грек тарихшысы, жазушы. Кіші Азия билеушілері Флавийлер әулетінен шыққан. Император Адрианның (б.з. 117 — 138) тапсырмасымен жазған “Тактика” (б.з. 136)кітабында А. ел тарихын, соғыс тәсілдері мен теориясын жетік білетінін танытты. “Ескендір жорығы” (“Anabasіs Alexandru”) атты еңбегінде ежелгі грек патшасы Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайынның) Орта Азияны жаулап алуы туралы, Каспий, Арал т-дері маңайы мен Әмудария (Окс), Сырдария (Яксарт) өңірлеріндегі көне қазақ жерінде өмір сүрген скиф-массагеттер мен сақ тайпаларының тіршілік-тынысын сипаттайтын маңызды мәліметтер береді. А-ның “Саят туралы”, “Қара теңізді шыр айнала шарлағанда”, “Парфиялықтар тарихы”, “Аландар тарихы” деген шығармалары бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *